Page 47 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 47

шығарма  Ғ.Жұбанованың  «Заря  над  степью»  ораториясымен  қатар  қазақ  музыкасындағы
            алғашқы ораториялар болып табылады.
                  Симфониялық  шеберлігін  композитор,  қазақтың  ұлт  аспаптар  оркестріне  жазған
            үлгілері  арқылы  шыңдады  («Қазақ  увертюрасы», 1966)  жəне  соның  нəтижесінде  «Ертедегі
            Түркістан»  (1966)  сюитасы  туды.  Бұл  шығарма  «Алдар  Көсе»  кинофильмінің  музыкалық
            материалы  негізінде  жазылып,  Қазақстанның  революцияға  дейінгі  тұрмыстық  өмірін
            суреттейді.  Осы  оркестрге  жазу  тəжірибелерінен  кейін,  композитор  «Дауыл»  атты  бірінші
            симфониясын жарыққа шығарады.
                  Сонымен  қатар  осы  дəріптеуші  патриоттық  шығармалардан  басқа,  композитор  хорға
            арнап,  туған  өлкенің  табиғатын  бейнелейтін  лиро-эпикалық  туындылар  жазды.  Мұнда:
            Абайдың  өлеңіне  «Жыл  мезгілі»  кантатасы  (1970),  «Құлагер»  поэмасы  (1973),  «Менің
            Отаным» (1970), «Табиғат» (1970) туындыларын жазады.
                  Қазақтың ұлттық аспаптар оркестріне шығарған шығармалары симфониялық оркестрге
            жазған  туындыларына  ықпалын  тигізбей  қоймайды.  Кейбір  шығармаларының  екі
            редакциясы  бар:  «Мереке»  увертюрасы  (1972),  «Дала  таңы»  поэмасы  (1970),  «Қос  басар»
            (1973).  Бұл  шығармалар  еліміздің  жазық,  кең  даласының  думанды  көріністерін  қазақтың
            аспаптық музыкасының дəстүрімен танытады.
                  70-ші  жылдары  композитор  шығармашылығы  тағы  бір  жағынан  көрінеді.  Ол  –
            аспаптық музыка: Скрипка мен оркестрге арналған концерт (1975), Гобой мен симфониялық
            оркестрге жазылған поэма (1979). Бұл жылдары шыққан ірі шығармаларының бірі «Жұмбақ
            қыз» атты лиро-эпикалық операсы (1971).
                  1982-1984  жылдары  композитор  үш  симфониясын  тамамдайды.  Бұлар:  Екінші  –
            симинор;  Үшіншісі  –  үш  бөлімді  Е.Брусиловскийге  арналған,  фортепьяноның  жеке
            орындауы  басымдау;  Төртінші  –  төрт  бөлімді  «Бейбітшілікті  қорғаймыз»  атты
            симфониялары.       Бұл    шығармалардың       алғашқы      Бірінші    симфонияға      қарағанда
            айырмашылығы көп. Енді композитор симфонияның таза аспаптық жағына жəне музыкалық
            бейнелерді  қорытындылау  жағына  көбірек  көңіл  бөледі.  С.Мұхамеджановтың  симфонияға
            бет бұруын оның композиторлық дарынын, ойын қорытындылап, философиялық көзқарасын
            жеткізуге  ұмтылуынан  көруге  болады.  Бұл  жанрға  көңіл  қоюы,  жалпы  Қазақстан
            симфониялық  музыкасы  үшін  мəні  зор  болды.  80-ші  жылдары  симфонияға  көбірек  көңіл
            аударылды.  С.Мұхамеджановтың  симфониялары  парасаттылығымен,  жарқын  əуезділігімен
            көзге түседі. Жалпы алғанда, оның симфониялық шығармалары дəстүрлі симфониялық цикл
            шегінен шықпайды.
                  Осы  кезеңде  қазақтың  халық  аспаптар  оркестріне  арнап  талай  музыка  жазды.  Бұлар:
            «Дархандала»  симфониялық  күйі  (1987),  домбыраға  арналған  концерт  (1985),  қобызға
            арналған концерт (1988).
                  С.Мұхамеджанов ұлттық тақырыптарды ойынан шығармайды. Əсіресе: Н.Шакеновтың,
            С.Сейфуллиннің,  Ш.Уəлихановтың  өлеңдеріне  жазылған  əндері,  қойылымға  шығарған
            музыкасынан  («Абай-Əйгерім»)  жəне  кинофильмдерге  жазған  музыкасынан  («День  и  час
            Сериккула» – «Серікқұлдың күні мен мезгілі») байқаймыз. Ұлттық стилі жағынан қарасаң,
            Қ.Шаңғытбаевтың  аудармасындағы  Бернстың  «Финдлей»  өлеңін  баяндауы  өте  қызықты.
            Ұлттық  бейнелілікке  көңіл  қоюын  мəтін  таңдауынан,  қазақ  халқының  тарихымен
            байланысты сюжеттерден, оның музыкалық-поэтикалық мұрасын дəріптеуінен («Ақан сері –
            Ақтоқты» операсы) (1981) көреміз.
                  С.  Мұхамеджановтың  30  жылдан  астам  шығармашылығы  барлық  негізгі  жанрларды
            қамтыды.  Қазақ  музыка  тарихына  айтарлықтай  үлесін  қосты.  Оның  дарындылығы  көркем
            шығармаларының         əуезділігімен,    кейіпкер     бейнелерінің     нақтылығынан,       бүкіл
            шығармашылығы толық гүлденіп ашылған лирикасынан байқалады.
                  Алматының Медеу ауданында С. Мұхамеджанов атында ұзындығы 1040 метр көше бар.
            Шет ауданы Ақсу-Аюлы селосында музыкалық мектеп жəне Киікті ауылында жалпы білім
            беретін  мектеп  бар.  Ақадыр  кентінде  көшесі  бар.  2022  жылы  Қарағанды  қаласындағы
            «Жұлдыздар аллеясында» композитор Сыдық Мұхамеджановтың «Жұлдыз белгісі» ашылды.

                                                      Әдебиеттер:
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52