Page 49 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 49
Сарғасқаев С. Жас композитор // Лениншіл жас. - 1953. - 1 февраль (№ 14). - 4 б.
Тəукенұлы Ы. Қазақтың саңлақ сазгері // Қазақ əдебиеті. - 2010. - 26 ақпан-4 наурыз (№
8). - 5 б.
Тұяқбайқызы С. Əн мен күй өрілген кеш // Шет шұғыласы.-2014. - 16 қазан (№ 41).- 3 б.
Шалқар Ж. Сыдық Мұхамеджановтың жұлдызы // Орталық Қазақстан. - 2022. - 13 қазан
(№ 114). - 8 б.
Ырысбайұлы Д. Аюлыда ардақты бір күйші барты мұңлы // Сана. - 2000. - 30 қараша
(N45).-5 б.
Ізденіс-өмір мəні / сұхбаттасқан Ж. Шаштайұлы // Социалистік Қазақстан.-1984.- 14
тамыз. - 3 б.
4 қазан 1959 - Боксшы, халықаралық дəрежедегі
спорт шебері Серік Төкенұлы Нұрқазовтың
туғанына 65 жыл
Серік Төкенұлы Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда Қарағанды облысы Теміртау қаласы
əкімдігіне қарасты Ақтау кентінде дүниеге келген. 1981 жылы Қарағанды педагогикалық
институтының дене тəрбиесі жəне спорт факультетін, 1988 жылы Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетін тəмамдаған.
Кезінде «Шаршы алаңның профессоры» атанған дарабоз Серік Нұрқазов Кеңестер
одағы секілді алпауыт елдің мықтыларына қазақтың жұдырығы қандай болатынын танытып,
3 дүркін КСРО чемпионы (1982,1984,1986) атанды. Одан бөлек Еуропа чемпионы (1983)
атанып қарт құрлықты да мойындатқанын нағыз ерлік деп бағалауға болады. Үлкен
додаларда алғашқы күміс медальді 1979 жылы КСРО халықтары спартакиадасында алса,
1983 жылы спартакиадасының қоласын да қанжығасына байлайды. 1983 жылы өткен КСРО-
АҚШ матчтық кездесуінде де жеңімпаз атанды. 1979 жылы жəне 1983 жылы КСРО Жоғарғы
Советінің грамотасымен, 1985 жылы «Еңбек үздігі» медалімен марапатталды. Абай
ауданының Құрметті азаматы.
Бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1985). Алғашқы бапкерлері – Леонид
Тілеубаев, Я. Фетисов.
Спорттағы жетістіктері: 1983 жылы Европа Чемпионы (Болгарияның Варна қаласы),
1983 жылы Əлем Кубогының күміс жүлдегері, (Италияның Рим қаласы). 1984 жылы
«Дружба-84» халықаралық жарысының күміс жүлдегері (Кубаның Гавана қаласы), КСРО-
АҚШ матчтық кездесудің жеңімпазы. 1983 жылы КСРО Чемпионы, 1984 жылы КСРО
Чемпионы, 1986 жылы КСРО Чемпионы.
Бокс жаттықтырушысы, Қарағанды облыстық Спорт комитетінің бөлім меңгерушісі,
төрағаның орынбасары болып істеді. 2018 жылға дейін Алматы облысы, Талғар қаласында
орналасқан AIBA-ның бүкілəлемдік бокс академиясында қызмет етті. Бүгінгі таңда
Қарағанды қаласы, Майқұдық ықшам ауданындағы Геннадий Головкин атындағы дене
шынықтыру-сауықтыру орталығында спорттық құрылымдар бойынша кураторы болып
еңбек етеді.
Әдебиеттер:
Нұрқазов С. Т. Орталық олимпия оғландарын түлетеді: олимпиялық даярлау орт. дир.
С.Т.Нұрқазовпен сұхбат / Сұхбаттасқан Қ.Əбілда // Орталық Қазақстан. - 2003. - 12 тамыз. - 8
б.
***
Нұрқазов Серік төкенұлы (1959) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.
А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 425 б.
Рингте шыңдалған рух // Əбілдинов Қ. Ел намысы бір кеудеге сыйған ба?: [жинақ]. -
Астана: Жарыс, 2011. – 54-59 б.
Шаршы алаңның профессоры // Тасқалиев М. Ұлы дала батырлары: жинақ. 1-кіт. -
Ақтөбе: Ақжар, 2019. – 44-45 б.
***
Асылбек М. Сарыарқа боксы тоқырап тұр // Егемен Қазақстан. - 2019. - 15 тамыз (№
156). - 10 б.