Page 55 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 55
жастар апталығы, «Орталық Қазақстан газеттерінде тілші қызметін атқарған. 1993-1996
жылдар аралығында Қарағандыда шығатын облыстық «Шипагер» денсаулық газетінде бас
редактор болып қызмет етеді. 1994 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 1998
жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика
кафедрасында қызмет істейді. 2010 жылы «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» атты
тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері.
«Жылымық жылдар жаңғырығы» (публицистикалық,2004), «Е.А.Букетов-публицист»
(ғылыми зерттеу,2006), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (монграфия,2010), «Сөз
өнері жəне журналистика» (оқу құралы,2012) кітаптары жарық көрген.
Қойлыбай Асанұлы алғаш рет 1987 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық
телеайтысқа түсіп, содан бергі жиырма жылдан астам уақыт ішінде жүзге жуық айтысқа
қатысты.
Республикаға танымал Баянғали Əлімжанов, Серік Құсанбаев, Құдайберлі Мырзабеков,
Шорабек Айдаров, Əзімбек Жанқұлиев, Мұхаметжан Тазабеков, Жадыра Құтжанова сияқты
ақындармен сынға түскен.
Күйші Сайдалы Сары Тоқаның 130 жылдығы, Кенішбай ақынның 125 жылдығына
арналған ақындар айтыстарында топ жарып, бас бəйгені иемденсе, Төле бидің 330 жылдығы,
Қабанбай батырдың 300 жылдығы сияқты республикалық деңгейдегі түрлі айтыстарда
жүлделі орындарға ие болды. 1989 жылы Шымкент қаласында өткен халықаралық студент-
жастар айтысының жеңімпазы. Сондай-ақ Қарағандыда өткен облыстық, аймақтық
айтыстардың да бірнеше дүркін жеңімпазы.
Қойлыбай Қарағандыда өткен 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына қатысушы. Сол
жылдары студент жастарға үгіт жүргізуші һəм ұйымдастырушы ретінде ішкі істер
органдарында бірнеше рет тергеуде болып, əкімшілік жазаға тартылған. Кейіннен баспасөз
беттерінде «Желтоқсанның қара желі» («Замандас» 1991), «Желтоқсан қазаққа не берді»
(«Орталық Қазақстан» 2006 ж) атты мақалалары жарық көріп, сол уақыттың біраз
шындықтарын ашып айтты. Сондай-ақ Қойлыбай Асанұлы ел мен жер тағдыры, тіл, дін т.б
ұлттық мүдде тұрғысында біршама мəселелерді баспасөзде жариялап жүрген қаламгер,
журналист.
Әдебиеттер:
Асанов Қ. Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты: монография. - Астана: Фолиант,
2010. - 398 б.
Асанов Қ. Би-шешендер мұраларының қоғамдық-əлеуметтік мəніанов // Қаз дауысты
Қазыбек би: [жинақ]. 1 т. Мақалалар жинағы / құраст. М. Хамзин [т. б.]. - Алматы: MEP-
PRESS, 2017. - 257-265 б.
Асанов Қ. Д. Сөз өнері жəне журналистика: оқу құралы / Қ. Д. Асанов; Қазақстан
Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі, Академик Е. А. Букетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті. - Қарағанды: TENGRI LTD, 2012. - 170 б.
Асанов, Қ. Сөздің иесі де, киесі де – халық // Бегманов Қ. Дəстүр: кеше, бүгін, ертең:
[төрт томдық жинақ]. - Алматы: Баспа, 2017. - 4 т. - 2017. - 64-68 б.
Асанов Қ. Д. Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдарында ақындар айтысын өткізудің
мемлекеттік маңызы // - Қарағанды университетінің хабаршысы = Вестник Карагандинского
университета: ғылыми басылым. - № 4 (56) / 2009 / бас ред. Е. К. Кубеев. - Қарағанды:
ҚарМУ баспасы, 2009. - 163-173 б.
Асанов, Қ. Д. Е.А. Бөкетовтың келешек ұрпақты тəрбиелеудегі педагогикалық
көзқарасы / Қ. Д. Асанов, А. А. Абдразақова // Шоқан тағылымы - 11 = Валихановские
чтения - 11: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Көкшетау қ.,
21-23 сəуір 2006 ж. 2 т. / Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, Ш.
Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ш. Уəлиханов атындағы тарих
жəне этнология институты; ред. А. А. Айтмухамбетов. - Көкшетау: [б. ж.], 2006. – 25 б.
Асанұлы Қ. Жылымық жылдар жаңғырығы. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2004. - 164 б.
Асанұлы Қ. Шығармалары [жинақ] / Қ. Асанұлы, Д. Сəтібеков; Қарағанды облысының
əкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 368 б.
Асанұлы Қ. Аңызақ соңы ақ жауын.... - Астана: Ақжолтай, 2014. - 273 б.