Page 46 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 46
Тишбек Аханұлы Аханов // Орталық Қазақстан. - 2010. - 11 қыркүйек (№ 147/148). - 9 б.
5 қыркүйек1924 - 1991 - КСРО халық артисі,
композитор Сыдық Мұхамеджановтың
туғанына 100 жыл
Сыдық Мұхамеджанов – талантты композиторлардың бірі, оның тамаша əуендері əр
қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушылар мен 60-шы
жылдары шыққан композиторлардың арасындағы байланыс дəнекері болып табылады.
Сыдық Мұхамеджанов 1924 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданының Үлкен бұлақ
деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті,
туған өлкесінен шыққан атақты Тəттімбеттің, Ақанның, Естайдың əндері мен күйлерінің
əсем үндері балаға үлкен əсер қалдырды. Оның музыкаға деген əуестігі өзінің анасынан
дарыған. Оның анасы өз заманының атақты əншісі болған. С. Мұхамеджановтың музыкаға
жəне кəсіби білімге деген жолы оңай болған жоқ. 1947 жылға дейін киноактерлар мектебін
бітіріп, музыка училищесінің тарихи-теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына
байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс
істейді. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы)
композиторлық бөлімін бітірген. Профессор Е.Брусиловскийдің класында оқиды.
Əйгілі сазгер ерен еңбегі үшін 1967 жылы Қазақстанның халық əртісі, 1974 жылы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1990 жылы КСРО халық əртісі атағын алды. «Октябрь
революциясы», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.
С.Мұхамеджанов Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүріп
Қазақ радиосында музыкалық редактор болды, Қазақ КСР Мəдениет министрлігінде қызмет
етті. 1960-1961 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, 1964-1968 жылдары
Қазақ филармониясының директоры, 1969-1972 жылдары Қазақтың Абай атындағы
академиялық опера жəне балет театрының директоры болды. Сазгер «Көктем вальсі»,
«Сырлы қайың», «Шолпаным», «Тербеледі тың дала», «Жастар маршы» жəне тағы басқа да
көптеген əндер мен романстар жазды. Сондай-ақ «Бекет» «Ақан сері - Ақтоқты» операларын,
«Ғасырлар үні» ораториясын, «Дауыл» симфониясы жəне «Алдар көсе», «Ботакөз»,
«Рəбиға», «Беу, қыздар-ай», «Сəуле» қойылымдары мен «Ана мен бала», «Біз
Жетісуданбыз», «Партизан қызы» кинофильмдеріне музыка жазды.
Ол консерваторияны бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка мен фортепьяноға
арналған соната, қобызға, фортепьяноға арналған пьесалар, хорлар, драмалы қойылымдарға
музыка, əндер мен романстар. Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы
мен осы ұжыммен тығыз байланысының оның шығармашылығындағы мəні зор болды.
Оркестрге арнап «Балқадиша» əніне вариациялар (1955), «Қыз қуу» симфониялық
суреттемесін (1958), жəне «Домбыра туралы баллада» поэмасын (1955) жазды. Сонымен
қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі – «Қуаныш Отаны» атты симфониялық
поэмасы (1952). Бұл туынды жастар мен студенттердің Бухаресте өткен Бүкілəлемдік
фестивалінде орындалып, Қазақ КСР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие
болды. Бұл шығарма С.Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға əйгілі етті.
1950-60 жылдары консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың шығармалары
тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың жанрларды меңгерген
композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. Бұл жылдары жазған шығармалары
тыңдаушы көңілінен шығып жүрді. 1964 жылы қойылған «Айсұлу» атты күлдіргі операсы
Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды. Автор ірі музыкалы –
сахналық жанрға алғаш рет көңіл аударып, қазіргі болмысты бейнелейтін туындысын
ұсынды.
Вокалды – симфониялық жанрда жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні»
ораториясы жатады. «Ғасырлар үні» ораториясы 1960 жылы жазылып, сол жылы орындалды.
Поэтикалық тексін Қ. Шаңғытбаев жазған жəне де ол С.Мұхамеджановтың көптеген вокалды
шығармаларының өлеңдерінің авторы. Ораторияны орындаушылар құрамына – дауыстар,
аралас хор жəне симфониялық оркестр кіреді. Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ
халқының өмір тарихын, негізгі тарихи оқиғаларды жəне ұлттық бейнелерді суреттейді. Бұл