Page 51 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 51
«Космополотизм мен ұлтшыл-буржуазияшылдарға қарсы күрес» деген ұранмен жүргізілген
репрессия тырнағына түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраған Е.Бекмаханов, Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайыловтармен бірге тұтқындалып, Жезқазған өңіріндегі əйгілі «Степлагке» айдалған.
50-жылдары Қазақстанның Жоғары оқу орындарында оқитын бір топ жастар сталиндік
тоталитарлық жүйеге қарсы «ЕСЕП», яғни «елін сүйген ерлер партиясын” құрады.
Партияның іс-əрекеті ел ішіне кең тарамаса да, 37-нің ызғары басылмай тұрған сəтте мұндай
əрекетке барудың өзі ерлікпен пара-пар дүние болатын. Жалпы отандық тарих пен
саясаттану ғылымында 50-жылдардағы репрессия тарихы мен сол кездегі қуғын-сүргінге
ұшыраған қайраткерлердің өмірбаяны əлі толық зерттеліп біткен жоқ» [1, 38],-деп жазады.
Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Сенің
Отаның» 1958 жылы шықты. Қарағандылықтардың еңбектегі ерлігі жырланатын «Москваны
тыңдаймын», «Жылдар жырлайды», «Шабыт шуағы», «Əлемнің əлегі», «Өлеңді жылдар»,
«Шындық дауысы» атты поэзиялық жинақтардың, «Қазыналы Қарағанды», «Арқаның алып
жүрегі», «Нұрлы Нұра бойында» көркем очерктердің авторы.
Б.Ысқақов аудармашы ретінде де белгілі. Ол А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.В.
Маяковский, И. Франко, Н. Хикмет, С. Вургун тағы да басқа авторлардың шығармаларын
қазақ тіліне аударуға қатысқан.
Ал, əдеби зерттеу саласында «Қазақ–татар əдеби байланысы», «Қазақ-башқұрт əдебиет
қатынастары тарихынан» атты монографиялардың авторы. Оның құрастыруымен «Орта Азия
Қазақстанның ұлы ғалымдары» атты көлемді кітап жарық көрді.
Бүркіт Ысқақовтың өлеңмен жазған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген аңызы
бойынша 1966 жылы қазақтың тұңғыш мультфильмі жасалды. Оның досы Əмен Əбжанұлы
Хайдаровтың тұңғыш жасап шығарған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфилмі
бүгінгі күні əлемнің 48 елінде көрсетілген. Ол алғаш рет Ленинградта өткен ІІІ Бүкілодақтық
кинофестивальде марапатталса, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен Халықаралық
кинофестивальде қола Праксиноскопқа ие болған
Бүркіт Ысқақов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысы орденінің,
көптеген жауынгерлік медальдардың иегері болып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет
грамотасымен марапатталған.
Бүркіт Ысқақов – əдебиетіміздегі іргелі қаламгер. Оның қаламынан туған туындылар
оның өз заманының үні болғанын танытардай, əрі көркемдік бояуы қанық ерекше туындылар
санатында. Сондақтан да болашағының бағдарын, кешегісі мен бүгінгісінің салмағын
даралап та саралайтын ұрпақ үшін Бүркіт Ысқақовтың шығармашылық мұрасын тану уақыт
мінберінде тұрған мəселе.
Нұра ауданында Бүркіт Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхана, мектеп, көше
бар.
1991 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Лермонтов Ю. «Жыла! Жыла! «Израильдің ұрпағы…» /Ауд. Б.Ысқақов // Таңдамалы.
Екі томдық. Өлеңдер, шағын поэмалар. Т. 1.- Алматы, 1977.- 315 б.
Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары, (ІХ-ХІХ ғасырлар) /Құр. Б.Ысқақов.-
Алматы: Қазмембас, 1964.- 302 б.
Пушкин А. Алдаса егер сені өмір: Өлең /Ауд. Б.Ысқақов // Таңдамалы шығармалар. Т.
1.- Алматы, 1975.- 132 б.
Ысқақов Б. Атаның сөзі - ақылдың көзі: жинақ / Б. Ысқақов; алғы сөз авт. М. Дүйсенов.
- Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 107 б.
Ысқақов Б. Əлемнің əлегі: Мектеп сахнасына лайқталған бір актілі пьесалар мен əн-
өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1987.- 120 б.
Ысқақов Б. Бұл менің көз жасым ғой қан аралас: өлеңдер / Б. Ысқақов; идея авт. Н. О.
Дулатбеков. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2014. - 94 б.
Ысқақов Б. Бұлттағы бұлақ: өлеңдер, балладалар / Б. Ысқақов. - Алматы: Жазушы,
1992. - 256 б.
Ысқақов Б. Бір аруға // Нұра ақындары. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. – 46-62 б.
Ысқақов Б. Көкмөлдір. Жылқышы // Жыр маржаны: он томдық қазақ поэзиясының
антологиясы / құраст.: М. Құлкенов, Г. Мұқышева. - Алматы : Мереке, 2014. - 3 т.– 366-369 б.