Page 45 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 45

Калинин,  Ржев,  Торожец,  Холм  жəне  тағы  басқа  қалаларды  бақайшағына  дейін
            қаруланған  неміс  басқыншыларынан  азат  ету  жолындағы  ұрыстарға  қатысады.  Т.  Аханов
            Ржевті  жау  қолынан  азат  ету  жолында  от  пен  оқтың  арасында  жүріп  берілген  бұйрықты
            мүлтіксіз орындады. Торожец қаласын алуда жүрегін жанай өткен оқтан ауыр жарақаттанып,
            госпитальге түседі. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.
                  Елу  жылдан  астам  уақыт  Қарағанды  облысының  экономикалық  жəне  əлеуметтік
            дамуына, мəдениетінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан талантты басшы қайраткер.
                  Тиышбек  Аханұлы  өзінің  Киров  аудандық  атқару  комитетінің  төрағасы  қызметіндегі
            естелігінде  «Киров ауданы ол кезде қаладағы өзге аудандармен салыстырғанда ең ірісі, əрі
            проблемалары жетіп артылатын. Ол кезде шахталардың күрделі қаржысы өздерінде болатын.
            Қазіргідей орталықтандырылған емес. Соған сəйкес əлеуметтік, коммуналдық мəселелерді əр
            шахта басшысы өзі шешеді. Ескі қаладағы жеркепелер, екі қабатты үйлер осы бертінге дейін
            сақталды.  Бұларда  коммуникациялық  жүйелер  мүлде  болған  жоқ.  Су  құбыры  дегенді
            білмейді.  Бұл  құбылыстарды  əр  шахта  өз  мүмкіндігіне  қарай  салған.  Тұрғын  үйлер  еш
            жоспар-жобасыз шахталар маңына салына берген. Шахталарда душ, монша, кір жуатын орын
            деген болмады. Жер астынан малмандай су болып, қап-қара болып шыққан шахтерлер су-су
            киімдерін  қолтықтарына  қысып,  бүрсеңдеп  үйлеріне  кетеді.  Жаңа  қаланың  сол  жылдары
            түзілген  Сəтбаев,  Панфилов  көшелеріндегі  үйлер  біраз  уақыт  бос  тұрды.  Өйткені
            жұмысшыларды  таситын  көлік  жоқ,  көп  шахтерлер  шалғайдағы  шахтаға  жаяу  қатынайды.
            Бізге  осы  мəселелерді  шешуге  тура  келді.  Екінші  күрделі  проблема-  өндірісті  аймақты:
            Қарағандыны, Теміртауды, Жезқазғанды, Шахтинскіні, Балқашты, Саранды азық- түлікпен,
            көкөніспен  қамтамасыз  ету  облыс  басшылығындағы  азаматтардың  аса  ауыр  міндетіне
            айналды.  Осындағы  мыңдаған  жұмысшыларға  жағдай  туғызу  үшін  жарғақ  құлағымыз
            жастыққа  тимейтін.  Кейін  өзіміздің  тек  осы  аталған  саладағы  өз  басымнан,  қызметтес
            жолдастарымның  басынан  өткен  оқиғалар  талай  күн  айтылар  дастан  сияқты»-  деп  еске
            алады.
                  Замандасы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Сұлтан Қапарұлы Досмағамбетов
            өзінің кітабында Тиышбек Аханұлы туралы былай дейді- «Т. Аханұлының Қарағанды көмір
            бассейні, Балқаш, Жезқазған тау кен металлургия комбинаты əсіресе Қарағанды металлургия
            комбинаты  жəне  барлық  қалалар  мен  аудандарда  əлеуметтік  жағдайдың  жақсаруына  көңіл
            бөлді.  Халықтың  жағдайын  жақсарту  мақсатында  экономиканы  көтеру,  тұрғын  үй  салу,
            қоғамдық  тамақтандыру,  сауда  жəне  мəдени  тұрмыстық  жағдайды  көтеру,  ол  кісінің
            қамқорлығында  болды.  Ол  кісі  облысты  əсіресе  əлеуметтік  саланы  кадр  мəселелерінде
            ерекше қабілеті бар екенін көрсете білді...»
                  Еңбек  жолын  31-шахтада  электровоз  машинисінен  бастап,  комсомол,  партия,  Кеңес
            органдарына  жауапты  жұмыстарға  жоғарылауы  Тиышбек  Аханұлының  ұйымдастыру
            қабілетінің  жоғарлығында  жəне  iскерлiк  қасиеттерiнiң  арқасында  көзге  түсіп,  қоғамдық
            өмірге белсене араласуы еді.
                  І дəрежелі Отан соғысының орденімен, 3 рет «Құрмет Белгісі», «Парасат», ІІ дəрежелі
            «Достық»     ордендерімен      жəне    көптеген    медальдармен,     Құрмет     грамоталарымен
            марапатталды. Қарағанды қаласының құрметті азаматы.
                  2010 жылы  қыркүйек айында қайтыс болды.
                                                      Әдебиеттер:

                  Аханов  Тиышбек  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.А.  Абдулин.-
            Алматы: Атамұра, 2006.- 133 б.
                                                           ***
                  Алпысбайұлы С. Қоғамның қайыспайтын қара нары // Орталық Қазақстан.- 2004.-26
            маусым. 6 б.
                  Бөкетова Н. Өмірдің заңы - осылай // Орталық Қазақстан. - 2011. - 3 қыр.(№ 144/145). -
            6 б.
                  Жанысбай С. Ардагерді ардақтайық // Орталық Қазақстан. - 2016. - 14 маусым (№ 94). -
            3 б.
                  Нұралы С. Ардагерді ардақтады Баспасөз мəслихаты // Орталық Қазақстан.- 2004.- 1
            шілде.
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50