Page 44 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 44
жоғары оқу орны (университет, педагогикалық институт, кооператив институты, СССР ішкі
істер министрлігініің Жоғары мектебі), кен техникумы, есеп-кредит техникумы,
медучилище, 9 орта кəсіптік-техникалық училище, 10 ғылыми зерттеу институты болды.
Бұдан бөлек мəдени-сауық ұйымдары болды.
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы əкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі,
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы əкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-
құқықтық жəне материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз қызметін Қазақстан
Республикасының Конституциясына жəне заңдарына, Қазақстан Республикасы
Президентінің жəне Үкіметінің актілеріне жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерге,
сонымен қатар осы Ережеге сəйкес жүзеге асырады.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан əкімі Оспанов Ералы Серікұлы
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi?lang=kk
Әдебиеттер:
Қазыбек би ауданы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 326 б.
***
Айтжанова Қ. Қазыбек би ауданы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 5 б.
Айтжанова Қ. Қарағандыда 100 аула жаңарады // Орталық Қазақстан. - 2019. - 18
мамыр (№ 52). - 1 б.
Кадрлық ауыс-түйіс // QARAĞANDY HABARY. - 2022. - 14 сəуір (№ 13). - 2 б.
Қарағанды қаласының Совет ауданын Қазбек би атындағы аудан деп қайта атау туралы /
Қарағанды қаласының əкімдігі // Орталық Қазақстан. - 2001. - 14 наурыз №42. - 1 б.
Рыстин Н. Аудан - дамудың даңғыл жолында // Орталық Қазақстан. - 2021. - 23 қаңтар
(№ 8). - 5 б.
Сексенұлы С. Қаздауысты Қазыбекке де қарсылар табылды // Орталық Қазақстан. -
2000. - 25 қараша.
Шатохина Т. Мақсат - жетістіктерді жетілдіру // Орталық Қазақстан. - 2016. - 21 қаңтар
(№ 12/13). - 3 б.
Ысқақов Ж. Қазыбек би атындағы аудан күн сайын көркею үстінде // Жұлдыздар
отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 50 б.
28 маусым 1924 – қыркүйек 2010 - Қарағанды
қаласының құрметті азаматы Тиышбек
Ахановтың туғанына 100 жыл
Жастайынан еңбекке араласқан Тиышбек Аханұлының еңбек жолы, өмірі Қарағанды
қаласының өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты.
Тиышбек Аханұлы 1924 жылы 28 маусымда Қарағанды облысының Бұқар жырау
ауданында туған. 1941 жылы N1 ФЗО-ны тамамдағаннан кейін «Кировкөмір» тресінің N31
шахтасында электровоз машинисі болып жұмысқа түседі. 1942 жылдың басында өз еркімен
комсомолдың шақыруымен майданға аттанады. Мəскеу түбінде 316-дивизия құрамында
əскери шұғыл дайындықтан өтіп, Клин, Ржевтегі ауыр ұрыстарға қатысады. 1944 жылы ауыр
жарақаттанып, госпитальде емделіп, елге оралады.
Қарағанды мұғалімдер институтын бітіріп, N2 мектепте сабақ береді. 1947 жылы
Қарағанды облыстық комсомол комитетіне хатшы, 1948 жылы Қарағанды қалалық партия
комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Қарағанды қаласындағы
Киров жəне Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы аудандық атқару
комитетінің бірінші хатшысы, Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының
орынбасары, облыстық атқару комитетінің еңбек жəне баға бөлімінің меңгерушісі
қызметтерін атқарған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы Тиышбек Аханұлы 1987
жылдан республикалық дəрежедегі дербес зейнеткер.