Page 74 - 2023_kzd
P. 74
Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен.
Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі
ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. «Өз заманындағы жандар бұл кісіні
көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды
екен» деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп
Көпеев.
Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы – халқына, отанына деген ыстық
махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді.
Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда
Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы
жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде суреттейді. Ал
егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қорықпай-үрікпей сын тезіне салады.
Жырау шығармашылығындағы басқа бір маңызды тақырып адам табиғатының өзгеруі,
дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұқар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның
санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның
поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғақлия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел
болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау Калқаманұлы шын мәнінде
көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі.
1993 жылы жыраудың 325 жылдық мерейтойын атап өтіп. Жыраудың мәңгі есте қалдыру
жөнінде айтарлықтай қадам жасалды деуге болады. Бұрынғы Ульянов мамандырылған
бірлестігі мен Озерное селосына Бұқар жырау есімі берілген. Кейін, 1997 жылы Ульянов және
Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды. Қарағандыдағы
сәулетті көшелерінің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталады. Ал, Бұқар жырау жерленген
Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993
жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12
метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз
аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Кесененің ашылу салтанаты көне
Далба тауы етегіндегі салқар тойға ұласты.
2008 жылы Қарағандыда Бұқар жырау ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы Жеңіс
Молдабаев. Бұқар-Жыраудың шығармалары бізге философиялық - дидактикалық өлең түрінде
жетті. Автор ақынның сол қолында домбыра, оң қолында таспиқ ұстаған бейнесін берген. Ол
халықтың тағдыры туралы ой үстінде айбынды бейнесі. Материал: қола, гранит, жалпы биіктігі
6,5м.
2014 жылы 19 қыркүйек күні Қарағанды облысы, Ботақара кентінде Бұқар жырауға
ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет
қайраткері, мүсінші Бейбіт Мұстафин. Ескерткіш мемлекеттік комиссия ұсынысына сәйкес,
бетоннан жасалып, қола түстес бояумен боялған. Мүсіндік композиция барлық техникалық
талаптарға сай. Биіктігі - 8 м, 40 см, тұғыры - 4 м, 20 см, салмағы - 16 тонна. Бұл сәулеттік
туындыдан еркіндікке ұмтылу идеясын, Бұқар жыраудың хандарға ақылшы, халқына басшы
болған өр рухты өжет тұлға екенін көруге болады.
Әдебиеттер:
Бұқар жырау // Сөйле, тілім, жосылып: жыраулар мұрасы / құраст. Т. Қыдыр. - Алматы:
Олжас кітапханасы, 2012. – 90-136 б.
Бұқар жырау // Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық.- I том.- Алматы, 1989.- 82-106 б.
Бұқар жырау // Екі мыңжылдық дара жыры /Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы, 2001.- 147-
153 б.
Бұқар жырау // Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет: Хрестоматия /Құр.: М.Мағауин.-
Алматы, 1993.- 71-104 б.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) // Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы: көп томдық /
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі; алғысөз. С. Негимов. - Алматы:
Ел-шежіре, 2007 - 17 т.: [азаттық туралы жырлар мен дастандар] / құраст. Д. Әшімханұлы. -
Астана: Астана-Полиграфия АҚ, 2010. – 12-34 б.
74