Page 29 - 2023_kzd
P. 29
Жәлелқызы Г. Жанарға жас толтырған спектакльдер // Орталық Қазақстан.- 2000.-21
маусым.
Жүгініс М. Қаламгерлер ұлықталды //Сарыарқа. - Жезқазған. - 2014.- 18 сәуір (№ 15). - 8 б.
Кәріпұлы Ө. Өз туының қыраны еді // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 желтоқсан. - 7 б.
Кәріпұлы Ө. Тоқсандағы топ жарған // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 5-25 шілде (№ 27/28). - 8,
15 б; Сарыарқа. - Жезқазған. - 2013. - 24 мамыр (№20). - 5 б.
Кәріпұлы Ө. Тоқсандағы топжарған // Орталық Қазақстан. - 2013. - 18 мамыр. - 5 б.
Кітаптарын сыйға тартты // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2013. - 18 қазан (№ 41). - 5 б.
Мырзабеков Б. Сексеннің сеңгірінің серісіндей // Жезказганская газета.-2003.- 5 июля
Мырзабеков Б. Шабысынан тынбаған тұлпар: /Жазушы-драматург А.Қаражігіт-
Баймендіұлының 75 жасқа толған тойынан/ // Сарыарқа.- 1998.- 27 мамыр
Несiпбай А. Өзағаң негiзiн қалаған: Жезқазған театрының бүгiнгi жай-күйi қандай //
Егемен Қазақстан.- 2001.-14 наурыз.
Рахұлы А. Аймақ қаламгерлерінің ақсақалы ардақталды // Орталық Қазақстан. - 2013. - 10
тамыз (№ 136/137). - 10 б.
Салықов К. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - сексеннің сеңгірінде: Апбаз
Қаражігітовке // Орталық Қазақстан.-2003.- 10 шілде.-4 б.
Смағұл С. «Сарыарқаның» сарбазы // Сарыарқа. - Жезқазған.- 2013. - 2 тамыз (№ 30). - 8 б.
Смағұл С. Абызын ардақтады // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2013. - 9 тамыз (№ 31). - 1 б.
Түсіпов І. Топ жарып, тоқсан жасқа ағам келді! // Орталық Қазақстан. -2013. - 8 тамыз.-6 б.
Хангелді Ж. Сая тапты жасамысы, жасы да // Орталық Қазақстан. - 2013. - 11 шілде. - 8 б.
22 наурыз 1973 – Абай ауданының құрылғанына
50 жыл
Ауданның халық саны 58240 адам (2021).
Аудан әкімі Асанов Бауыржан Қоңырбайұлы
Абай ауданының аумағы 6,5 мың ш.км. Аудан орталығы – Абай қаласы. Абай қаласы
облыс орталығынан 30 км.жерде орналасқан. Абай ауданы жерінде Шерубай-Нұра және Нұра
өзендері ағады. Екі үлкен су қоймасы бар: Жартас және Шерубай-Нұра (Топар). Абай ауданы
жерінде қасқырлар, түлкілер, қарсақтар, қояндар, суырлар мекендейді. Сирек кездесетін және
жоғалып бара жатқан арқарлар, бұйра пеликандар да мекендейді.
1931 жылдан бастап Тельман ауданы құрылып, орталығы алғашқыда Спасскіде болып,
одан кейін Токаревка селосына ауыстырылған. Бұл аймақтың көп бөлігі алпысыншы жылдарға
дейін Жаңаарқа ауданына қарап келген. 1963 жылы Ульянов ауданы болды. ҚазССР Жоғары
Кеңесінің жарлығымен 1973 жылғы 21 наурызда Мичурин ауданы құрылды.
ҚР Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Жарлығы негізінде Абай қаласы
аудандық маңызы бар қалалардың қатарына енді, оған Мичурин ауданы көшіріліп, Абай ауданы
деп ауыстырылды.
Абай ауданы ежелден ауыл шаруашылығында жақсы көрсеткіштерге жетуімен
ерекшеленген аймақтың бірі.
Ауданда оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері
жұмыс істейді.
Ауданда 11 ауылдық округтер, 3 кент (Топар, Құлайғыр, Қарабас) және 3 елді мекендер, 17
кітапхана, 24 мектеп, 13 клуб және мәдени орындар мен ауруханалар, 301 шаруа қожалықтар
мен ЖШС бар. «Абай» шахтасы, «Восточная» орталық байыту фабрикасы, Құрма құс
фабрикасы, «Топар жылыжайы» ЖШС қызмет атқаруда.
https://ru.calameo.com/read/00532529574e293a02721
Әдебиеттер:
Абай ауданы //Қарағанды. Қарағанды облысы: Энцклопедия.- Алматы: Атамұра, 2006.- 84
б.
29