Page 31 - 2023_kzd
P. 31
Халық театрының іргетасы қаланды // Абай-Ақиқат. - 2008. - 25 сәуір (№ 17).- 4 б.
Наурыз 1948 - Облыстық музыкалық мектебінің
құрылғанына 75 жыл
«№2 Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бастауыш
Музыкалық білім беретін қаланың көне музыкалық мекемелерінің бірі болып табылады.
Мектептің миссиясы - тұлғаның өзін-өзі тануын жүзеге асыруы және оның қоғам өміріне
белсенді қатысуы үшін жағдай жасау.
Балалардың музыка мектебі 1948 жылы сәулетші И. И. Бреннердің жобасымен салынған.
Бұл Қарағандыдағы ең алғашқы музыкалық ғимараттардың бірі болған, онда музыкалық білім
алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Бір-екі қабатты ғимараттың аумағы абаттандырылған.
Ғимараттың нақты жобасына тән қасбетті, интерьерлерінің сәулеті қарапайымдылығымен есте
қалады.
Мектеп қасбеті бағаналар мен классикалық түрдегі дің маңдайшалармен және сәтті
табылған сәйкестемелік қолданылған. Соғыстан кейінгі сұрапыл жылдарға қарамастан сәулетші
интерьер сәулетін әшекей төбе салу үлгiсiн және еденді қазақтың ұлттық оюларымен айшықтау
сәтті қолданылған. Облыстық музыкалық мектептің ғимараты (Жамбыл көшесі, 17) – жергілікті
мағыналы архитектуралық ескерткіштердің бірі
«Қарағандының консерваториясы» атанған облыстық музыка мектебінің тарихы қаһарлы
40-жылдардың ортасынан бастау алады. Балаларға музыкалық білім берудің қажеттігін күн
тәртібіне қойған шахтерлердің талабына сол кездегі жергілікті басқару органдары дереу қолдау
көрсетіп, тиісті шешім шығарып, бірер жылдың ішінде сәулетті мектеп үйін салып берген. 1948
жылы салынып біткен ғимарат қаншалықты көркем, кең болғанымен сол тұрған бетінде
сәбилерге музыкалық сауат бере алмайтыны белгілі, себебі балаларды оқытатын ұстаздар қажет
болды. Облыс бойынша балалар музыка мектебіне білгір маман кадрлар табу, материалдық-
техникалық базасын нығайту, оқушылар контингентін толықтыру сияқты жұмыстар болды.
Репрессияға ұшырап, сол кездегі Кеңес Одағының Мәскеу, Ленинград, Тибилиси сияқты
ірі-ірі қалаларынан Қарлаг-қа жер ауып келген зиялы қауым өкілдері арасынан маман
музыканттарды мектепке мұғалімдік қызметке тартты. Олардың арасында А.И.Кнауб,
Р.Г.Рихтер, Е.П.Вельмин, Е.Р.Майер сияқты тамаша білгір мамандар болды. Олардың көбі
Мәскеу, Ленинград консерваторияларының, Тибилиси училищесінің түлектері.
Мектептің алғашқы директоры болып музыкант С.М.Зельдин бекітілді. Бірақ, ол көп
ұзамай қайтыс болды да, орнына И.А.Егорская сайланды. Мектептің үшінші директоры болып
Б.Ы.Жолымбетов келді. Базылхан Ыбырайұлы өнер ұясын ұзақ мерзім, 1949 жылдан 1966
жылға дейін басқарды.
Алғашқы 2-3 жылдың ішінде Мектепте фортепьяно, баян, скрипка, үрмелі аспаптар
кластары ашылды, теориялық пәндер оқытылды.
Қарағанды қаласының Теміржол, Киров, Октябрь, Ленин ауданырында музыка мектебінің
филиалдары ашылып, кейінде өз алдына дербес музыкалық мектептерге айналды.
Мектептің оқытушылары іске тас-түйін кірісті. Олардың бәріде кеңестік педагогика
принциптеріне сай болды Мектептің елуінші жылдардың өзінде республикадағы бірден-бір
музыкалық білім беретін оқу орны ретінде танылуы да соның арқасы. Сол кездердің өзінде, яки
1952 жылы сонау Мәскеудегі «Московская кочегарка» газетіндегі жарияланымның үзіндісінен
көруге болады. «Мальенким дворцом музыкальной культуры называют карагандинцы детскую
музыкальную школу. В ней и ее четырех филиалах овладевают основами музыкальной
грамотности 300 одаренных детей шахтеров и железнодорожников»
Шаңырақ көтергеннен бергі мерзім ішінде оның қабырғасынан бірнеше мыңдай бала
музыкалық білім алып, өмір майданына үлкен рухани қуатпен араласқан. Бұл музыка түлектері
арасынан білікті ғалымдар, атақ-даңқы шетелдіктерге тараған музыка өнерінің талай
жұлдыздары шықты. Олардың қатарында П.И.Чайковский атындағы Москва мемлекеттік
консерваториясының пофессоры Е.К.Рихтер, оқытушысы И.Н.Смородинова – халықаралық
конкурс лауреаты: «Бек-трио» деген есіммен дүние жүзіне таңдай қақтырып жүрген апалы-
31