Page 32 - 2023_kzd
P. 32

сіңілі    Нақыпбековалар,      Орта     Азия    республикалары       конкурсының       лауреаттары
            Х.Ж.Жармұхамедов,  Г.Б.Жолымбетова,  белгілі  композитор  Қазақстанға  еңбегі  сіңірген
            мәдениет қызметкері В.Новиков, профессор. «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы
            Дүйсен  Қорабайұлы  Қайсенов  және  тағы  басқа  да  толып  жатқан  халық  әртистері,  өнер
            қайраткері.
                  Бүгінгі  таңда  мектепте  7  бөлімшеде  арнайы  фортепиано,  ішекті  аспаптар  (скрипка,
            виолончель), қазақ халық аспаптары (домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, шертер,
            сыбызғы),  орыс  халық  аспаптары  (гитара,  баян),  үрмелі  және  ұрмалы  аспаптар  музыкалық-
            теориялық пәндер, хор бөлімі (эстрада, классикалық вокал) 40-қа жуық тәжірибелі педагог және
            концертмейстер  табысты  жұмыс  істейді.  Сонымен  бірге  мектеп  жанына  10  филиал  базасы
            құрылған. Олар: «Шахтер» КМҚК, «№3 Гимназия» КМҚК, «№101 мектеп-лицей» КММ, «№91
            Негізгі орта мектеп» КММ, «№65 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, «№54 жалпы орта
            білім беретін мектеп» КММ,  «№101 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ»  «№34»,  «№33
            мектеп-балабақша кешені» КММ, «№21 Негізгі мектеп» КММ, «№68 жалпы орта білім беретін
            мектеп» КММ.
                  Музыка  мектебінде  оқитын  оқушылар  саны  680,  әр  оқушыға  ай  сайынғы  төлемі  2500
            теңге.
                  Мектеп тек өткен жолымен ғана емес, бүгінгі жемісті еңбегімен, жұлдызды жеңістерімен
            де  даңқты.  Өнер  ұясының  оқушылары,  оркестерлері,  хор  ұжымы  республикалық
            конкурстардың жеңімпаздары.
                  Музыка  мектебінің  директоры:  Мәжитов  Марат  Қапенұлы  Қазақстан  Республикасының
            Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері,  музыкалық  бағыттағы  қосымша  білім  беру
            директорларының республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы.
                  Мектептің ресми сайты: kargoo.gov.kz/index/fromorg/224
                                                       Әдебиеттер:
                  Әбілдинов Қ. Апалы-сіңлілі Нақыпбековалар // Егемен Қазақстан. - 2015. - 13 маусым (№
            110). - 17 б.
                  Балташұлы Е. «Музыка - өнер падишасы» деген пікірді мерейтой қонақтары мойындады
            //Орталық Қазақстан.- 1998.- 11 сәуір
                  Балташұлы Е. Рухшыл тұлға ұлағаты // Орталық Қазақстан.- 2005.- 20 қазан.- 16 б.
                  Білім ошақтары жөнделеді // Орталық Қазақстан. - 2020. - 6 маусым (№ 60). - 2 б.
                  Жолымбетов Б. Музыка мектебінде //Советтік Қарағанды. -1960.- 28 желтоқсан
                  Жолымбетова Г. Әкем жайлы әңгіме: [Қарағанды облыстық музыка мектебінің алғашқы
            директоры Б.Ы.Жолымбетов туралы] // Орталық Қазақстан.- 2006.- 7 желтоқсан.-10 б.
                  Балташұлы Е. Жапырақ жайған бәйтерек: ардагерлер арамызда //Орт.Қазақстан.-2006.- 13
            сәуір.-10 б.
                  Кенжебаев М. Жолымбетовтың аты берілсе //Орталық Қазақстан.- 1998.- 20 мамыр
                  Киік  Қ.  Балғын  музыканттар  Алматыны  мойындатты  //  Орталық  Қазақстан.-  2004.-  13
            сәуір. - 12 б.
                  Қанапиянова Н. Жастар сұлулыққа сүйсінсін // Орталық Қазақстан.- 1988.- 21 мамыр
                  Сейдімбеков А. Көзге көрікті көңілге жылы // Орталық Қазақстан.- 1966.- 5 шілде
                  Сембайқызы Г. Сергелдеңге түскен саз мектебі // Орталық Қазақстан.- 2001.-15 тамыз
                  Тойбек Ж. Саз өнерінің қара шаңырағы // Орталық Қазақстан. - 2006. - 4 қараша. - 12  б.

                                                        25  сәуір  1893-1968  –  Қазақ  актері  Қалибек
                                                        Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл
                  Қазақстанның  халық  артисі  Қалибек  Қуаынышбаев  1893  жылы  25  сәуірде  қазіргі
            Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Қарақопа деген жерде туған. Қ.Қуанышбаев –
            қазақ совет актері, ұлттық профессионалдық театр өнерінің негізін салушылардың бірі, көркем
            сөз оқушы, қоғам қайраткері, СССР халық артисі (1959). Жасынан ән-күй мен ойын-сауыққа,
            той-тамашаға  жаны  құмар,  думаншыл  Қалибек  халықтың  сөз  өнерін  терең  ұғып  өсті.  Ол  ел
            арсындағы сопы-молдалардың, атқамінерлер мен жебір болыстардың, қаныпезер сұрқиялардың
            неше  түрлі  сұмдық  істері  мен  оғаш  қылықтарын  сынап-мінеуде  халықтың  өткір  сықағы  мен
                                                             32
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37