Page 11 - 2023_kzd
P. 11

1997  жылы  Ақадыр  ауданымен  біріктірілді.  Ауданның  жер  көлемі  65.7  мың  шаршы
            шақырым.  Аудан  орталығы  Ақсу-Аюлы  ауылында  орналасқан.Бүгінде  Шет  ауданы  облыс
            көлеміндегі ең іргелі, ірі аудандар санатында. Өнеркәсі мен ауылшаруашылығы дамыған аудан.
                  Аудан  жерінің  үстінен  Алматы  -  Петропавл,  Қарағанды  -  Жезқазған  -  Бейнеу  темір
            жолдары,  Алматы  -  Екатеринбург,  Қызылорда  -  Павлодар  республикалық  маңыздағы
            автомобиль жолдары өтеді.
                  Аудан экономикасының нақты секторында кен өндіру өнеркәсібі ерекше орын алады.
                  Ауданның  нақты  секторында  үш  ірі  кәсіпорын  жұмыс  істейді:  «Нова  –  Цинк»  ЖШС,
            «БапыМайнинг» ЖШС, «Sary-Аrka Copper Рrocessing» ЖШС. Сонымен бірге екі орта кәсіпорын
            «Металлтерминалсервис»  ЖШС,  «Электржабдықтау»  ЖШС  және  6  шағын  кәсіпорын
            («Крамдс-Кварцит»  ЖШС,  «Локомотив  Транс-2011»  ЖШС,  «Қамқор  Локомотив»  ЖШС
            филиалы – «Ағадыр доңғалақ цехы», «Шет-энерго» ЖШС, «Шеткоммунсервис» КМК.
                  Шет  ауданында  1179  ауыл  шаруашылығы  жұмыс  істейді.  оның  ішінде  1174  шаруа
            қожалығы,  5  -  ЖШС, алты  ауылдық  тұтыну  кооперативі  ұйымдастырылды:  «Сарыарқа-Шет»
            ӘКК, «Сарыарқа» ӘКК, «Ырыс» ӘКК, «Ақсу» ӘКК, «Қармыс» ӘКК.
                   Шет ауданы 25 ауылдық кенттік округті қамтиды, оның ішінде 6 кент және 19 ауыл.
                  Аудан аймағында республикалық дәрежедегі 25, облыстық дәрежеде қорғауға жататын 30,
            аудандық дәрежедегі 35 ескерткіш бар.
                  Ауданда республикалық деңгейде қорғалатын ескерткіштер тізіліміне енгізілген мәдениет
            объектілері: Қызылтау  (қола  ғасыры)  ауылындағы  ежелгі  металлургия  зауыты,  Кенесары  хан
            бекінісі, Таятқан Шұнақта орналасқан Ағыбай батыр мен Таңбалы тас, Ақсу-Аюлы ауылындағы
            Шортанбай жырау және Ақсарлы ауылындағы Қыздарбек күйші жерленген жерлер. Жидебай
            және Дербісалы батыр мазарлары.
                  Ауданда  52  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп,  үш  мектептен  тыс  ұйым  жұмыс  істейді.
            Білім беру мекемелерінде 7059 бала оқиды. Балабақша саны – 38 (2020 ж.). Аудандық мәдениет
            объектілерінің  желісі  54  объектіні  құрайды,  оның  ішінде  2  мәдени  орталығы  (Ақсу-Аюлы
            селосында  және  Ақадыр  кентінде),  22  ауылдық  клуб,  28  кітапхана  (оның  ішінде  2  балалар
            кітапхана  филиалы),  2  «Зерде»бейнемобилі,  1  мұражай  филиалымен  бірге.  Аудандық  «Шет
            шұғыласы» газеті шығады.
                                                       Әдебиеттер:

                  Ақсу-Аюлы // Қарағанды. Қарағанды облысы:  Энцклопедия.-  Алматы: Атамұра, 2006.  –
            102-103 бет.
                  Артықбаев Ж.О. Шет өңiрiнiң тарихы / Ж.О.Артықбаев, М.С.Жакин - Қарағанды: ҚарМУ,
            1998.- 275 бет.
                  Аршабеков  Т.Т.  Қарағанды  облысының  топонимикалық  картасы:  Абай,  Шет
            аудандарындағы  елді  мекендер  мен  жер-су  атауларының  тарихи  негіздемесі:  [жинақ]  /  Т.  Т.
            Аршабеков, М. С. Жакин, Ж. А. Жұмабеков ; Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
            университеті,  "Этномәдени  зерттеулер"оқу-зерттеу  лабораториясы.  -  2-ші  басылым.  -
            Қарағанды : Арко, 2006. - 101 б.
                  Жакин М. С. Шет ауданының топонимикасы. - Қарағанды: Гласир, 2013. - 499 б.
                  Жақсыбайұлы Т. Қаракесек Сарым Шежіресі / Т. Жақсыбайұлы, А. Ілиясұлы. - Қарағанды:
            TENGRI LTD, 2013. - 476 б.
                  Қазақстанның  өңірлік  қасиетті  нысандары  =  Региональные  сакральные  объекты
            Казахстана:  /  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  музейі,  «Туған  жер»  қазақстандық
            өлкетанушылар  бірлестігі,  қоғамдық  бірлестігі;  жауапты  ред.  Б.  Әбдіғалиұлы;  ред.:  Г.
            Ақжолова, С. Уралова. - Астана: Фолиант, 2017. – 495 б.
                  Жүністегі К. Шырағдан: мақалалар, деректер. - Алматы : Ел-шежіре, 2007. - 310 б.
                  Қамытбаева С. Шет өңірі шертпе күйдің қайнар бұлағы // Шоқан тағылымы: өткені мен
            бүгіні  атты  Республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  материалдары  =  Материалы
            научно-практической конференции "Наследие Шокана: в прошлом и настоящем": қазақтың ұлы
            ғылымы,  географ,  тарихшы-этнограф  Ш.  Ш.  Уәлихановтың  туғанына  180  жыл  толуына
            арналған / жауапты ред. Ә. Б. Жағыпар. - Қарағанды: Гласир, 2015. - 265-272 б.

                                                             11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16