Page 10 - 2023_kzd
P. 10

Қарағанды  облысының  Бұқар  жырау  мен  Нұра  аудандарының  бірқатар  әкімшілік-
            аумақтық  бірліктерін  және  Қаражал  мен  Саран  қалаларының  көшелерін  қайта  атау  туралы  /
            Қарағанды облысы. Облыстық Мәслихат // Орталық Қазақстан. - 2018. - 15 желтоқсан. - 3 б.
                  Қарымсақов Ғ. Теңіз деген елім бар // Нұра.- 1997.- 9 тамыз
                  Құтжанова Р. Жер-су аты - ел тарихы // Нұра. - 2007. - 8 желтоқсан - 2 б.
                  Мамраев Б. Нұра газеті - өңір жылнамашысы // Нұра. - 2022. - 14 қаңтар (№ 2/3). - 11 б.
                  Мұсабеков Е. Үш ауыл - үздіктер қатарында // Орталық Қазақстан. - 2021. - 23 қазан. - 1 б.
                  Нұра ауданы білім саласының ұстаздары «100 жаңа есім» кітабына енді // Нұра. - 2021. -
            15 мамыр (№ 19). - 6 б.
                  Нұра ауданына - 80 жыл // Нұра. - 2007. - 1 желтоқсан - 1 б.
                  Омарханов Н.  Агрокешен қозғаушы күшке айналуы тиіс // Нұра. - 2021. - 9 қазан (№ 40). -
            6 б.
                  Оразбай Е. Көмір өндірісі - аудан экономикасының локомотиві // Нұра. - 2022. - 14 сәуір
            (№ 17). - 1 б.
                  Оразбай Е. Құндызды // Нұра. - 2022. - 9 маусым (№ 25). - 4 б.
                  Оразбеков А. Егістік көлемі артады // Нұра. - 2022. - 7 сәуір (№ 16). - 1 б.
                  Өмірбектегі И. Шақаман мен Көбетей // Орталық Қазақстан. - 2021. - 4 ақпан (№ 13). - 5 б.
                  Пішенбаева Т.  Табиғи өнім сұранысқа ие // Нұра. – 2021. - 20 қараша (№ 46). - 7 б.
                  Сүлейменова Г. Шығын ауылдан шыққан атақты адамдар // Нұра. - 2008. - 23 ақпан
                  Темірұлы М. Өрісті өлке // Орталық Қазақстан. - 2008. - 26 ақпан. - 2  б.
                  Теңіз деген елім бар: /Бұрынғы Теңіз ауданы туралы/ // Нұра.- 1997.- 2 тамыз
                  Түсіпов Б. Қыз бейіт күмбезі мен Баршын тауы // Нұра. - 2006. - 21 қазан.
                  80 жылдыққа 8 игі іс! // Нұра. - 2008. - 25 қыркүйек (№ 38). - 5 б.

                                                          17 қаңтар 1928 - Шет ауданының құрылғанына
                                                          95 жыл

                                                          Жер аумағы - 65694 шаршы метр
                                                          Тұрғыны - 48500 мың адам
                                                          Аудан әкімі - Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы

                                                   https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet?lang=kk

                  Шет  ауданы  -  1928  жылы  17  қаңтарда  Қарқаралы  округінің  болыстарының  негізінде
            құрылды. 1930 жылы осы күнгі мекені Аюлы тауының баурайына орналасты. Ең алғаш аудан
            орталығы Қызылеспе деген жерде орналасқан.
                  Нұра өзенінің бастауында орналасқан. Шет ауданы Сарыарқаның оңтүстік, оңтүстік батыс
            аумағының  дала  белдемінен  орын  алған.  Жері  негізінен  ұсақ  шоқылы,  төбелі,  белесті,  аласа
            таулы, қырлы келеді. Оңтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Қарқаралы тауларының сілемдері,
            оңтүстік шығысында Қызыларай таулары мен Тоқырауын өзені, Нұра өзенінің бастауы жатыр.
            Басты  өзендері:  Шерубай-Нұра,  Жақсы,  Сарысу,  Есен,  Талды,  Байқасқа,  Манақа.  Ауданның
            батысын Бетпақдала, Қызылтау, Ақтау, Ортау таулары тізбесі алып жатыр.
                  Ауданның  орта  бөлігінде  Бұғылы,  Тағылы,  Қотыр,  Қызылтау  таулары  орналасып,
            Тектұрмас шоқыларымен аяқталады. Солтүстік Шерубай–Нұра өзені кесіп өтіп, Шерубай-Нұра
            су қоймасына құяды, жері ұсақ қырқалы, шоқылы, жазық. Солтүстік шығысынан Талды өзені
            басталып, Наршөккен, Ақбастау шоқыларымен шектеледі.
                  Ерліктері  ұрпаққа  ұран  болған  Сеңкібай,  Жидебай  батырлардың  мазарлары  осы  өңірде.
            Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  зор  тұлға  Шортанбай  жырау,  Жанқұтты  шешен,  Қақпан  ақын,
            Жуасбай, Дияқажы, Бабас, Оқа, Түсетай, Ғаббас, Күмісбек ақындар т.б.  туған жер.  Қыздарбек,
            Әбди,  Сембек,  Әбікен,  Дәудетбек,  Орал  тәрізді  күйшілермен  Сыдық  Мұхамеджанов,  Софы
            Сматаевтар  өнердегі  шоқтығы  биік  біртуар  тұлғалар.  Еселі  еңбегімен  сүбелі  үлес  қосқан
            Социалистік Еңбек Ерлері Бегім Беркімбаев, Әбду Қайқыбасов, Имаш Қуанышбаевтар да осы
            өңірдің мақтанышы.

                                                             10
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15