Page 92 - kzd
P. 92

жаласып,  солар  арқылы  құпия  мәліметтерді  хабарлап  отырған»  деген  айыптаулар  бар.  Және
            айыптау парағының әр бетінің астына кінәсін толық мойындағандығы туралы жазғызып, қолын
            қойғызған.
                  Әділдік салтанат құрып, 1958 жылдың 16 маусымында Түркістан әскери округінің Әскери
            трибуналының шешімімен ақталады.
                  Ілияс Ахметовтің кіндігінен екі қыз бен бір ұл тараған. Тұңғышы Нұрлығайын дүниеден
            өткен.  Тар  қапаста  отырған  сәтте  өмір  есігін  ашқан  екінші  қызының  есімін  Азат  қоюының
            астарынан бостандықты аңсау, өзіне ғана емес еліне егемендік тілегені аңғарылады. Медицина
            ғылымының докторы, профессор атанған Азат Ілиясқызы қазіргі таңда Алматыда тұрып жатыр.
            Онкология саласының білікті маман жасы сексеннен асса да еңбектен қол үзбеген, әсіресе, ота
            жасау  кезінде  жас  дәрігерлерге  ақыл-кеңесін  айтып  отырады.  Ал  Петропавлда  туған  Фараби
            техника саласын таңдаған ол зейнетке шыққаннан кейін әкесінің мұрасын жинап, кітап қылып
            бастыру, естелік әңгімелер жазуды қолға алған. Қазіргі таңда елордада тұрып жатыр.  (Элмира
            Қапар мақаласынан алынды).

                  https://baq.kz/news/othernews/iliyas-akhmetov-zhayynda-ne-bilemiz/
                                                       Әдебиеттер:

                  Ахметұлы  І.  Қазақ  сөзіне  тиісті  деректер:  зерттеу:  (жазылып  бітуі  25/XI-1934  ж.)  /  І.
            Ахметұлы; құраст.: Ф. Ахметов, Б. Мұстафаев. - Алматы: Асыл Сөз, 2019. - 126 б.

                                             І. Ахметов туралы әдебиеттер:
                  Ахметов  Ілияс  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  .-  Алматы:  Атамұра,
            2006.- 137 б.
                  Қабылдаұлы С. Аяулы азамат еді // Орталық Қазақстан. - 1998.- 3 қыркүйек.
                  Әнес Ғ.Ұлт журналистикасындағы ұмытылмас есімдер // Ана тілі. - 2017. - 22 - 28 маусым
            (№ 25). - 2 б.

                                                        1897 – 1987 Күйші, домбырашы Аққыз (Мүгілісім)
                                                        Ахметқызының туғанына 125 жыл
                  Күй  сабасын  күмбірлеткен  Аққыз-Мүгілсім  күйші,  домбырашы.  Арқаның  өрелі  өнерлі
            күйшілік дәстүрінде тәрбиеленген өнерпаз «Қайран елім», «Аққыз», «Қосбасар», «Жетім қыз»
            тағы  басқа  күйлерін  шығарған.  Халық  күйлерін  шебер  орындаушылардың  бірі.  М.Хамзин,
            Ә.Әбенов сынды белгілі домбырашылардың ұстазы.
                  Ахметқызы  Аққыз  1897  жылы  қазіргі  Қарағанды  облысының  Ақтоғай  ауданында,
            Тоқырауын өзенінің бойында Есалы деген жерде дүниеге келген.
                  Аққыздың әкесі Тобықты ішіндегі Ақсақ атасынан тарайтын Құбылтайдың Ахметі деген
            кісі Тоқырауын бойындағы мыңды айдаған дәулетті адам болыпты.
                  Құбылтайдың Ахметінде ұсақ малды былай қойғанда, тек түйенің өзінен мың түйе болған.
            Ал, жылқы түлігі он үш мың басқа жеткен.
                  Ахмет  ағайынға  ақыл-парасатымен  жаққан,  төңірегіне  сыйлы  адам  болыпты.  Әсіресе,
            өнерді кие тұтып, өнер адамды шашылып-төгіліп қарсы алады екен де Тоқа, Дайрабай, Ықылас,
            Әшімтай, Қыздар сияқты күйшілерді Ахмет бай жаз болса ерулікпен елеп, қыс болса соғымнан
            қалдырмайтын болған.
                  Аққыз  болса,  Ахмет  байдың  тоғыз  қызының  ең  кенжесі.  Аққыз  жас  кезінен  атқа  мініп,
            бәйгеге шауып, еркекше болып, еркін өседі. Оның әу бастағы шақырып қойған аты Мүгілсін
            екен, бір бетінен қақпай өсірген әкесінің ықыласына қақ төңірегі Аққыз атап кетеді. Желдей
            еркін өскен  қыз дәулескер күйшілердің жанында бол өнерге жастайынан ден қояды. Бұл орай
            Аққыздың ең көп тәлім алып, алдын көр ұстазы Әшімтай күйші. Әшімтайдың әй «Қоңырқазын»
            бүгінгі күнге жеткізушілерінің бірі Аққыз.
                  Ахметқызы  Аққыз  Арқаның  күйші  дәстүрін  жастайынан  құлағына  сіңіріп,  оған  ынтыға
            ден қойып, бойжеткен кезде төңірегіне дәулескер домбырашылығымен танылады. Ерке өскен

                                                             92
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97