Page 88 - kzd
P. 88

Кенесарының  бас  батыры  Ағыбай  батырдың  өмір  жолы  қазақ  тарихшылары  мен
            қаламгерлерінің шығармаларына арқау болды.
                  Жазушы  І.  Есенберлиннің  «Көшпенділер»  трилогиясында  Кенесары  хан  мен  Ағыбай
            батыр  қатысқан  барлық  ұрыстар  баяндалған.  Жазушы  олардың  Ақтау,  Ортау,  Ақмола
            бекіністерін қалай алғанын, Сырдария өзенінің бойындағы Меркі қаласын азат ету барысында
            Қоқан  хандығымен  қалай  ұрыс  жүргізгенін  толық  суреттеген.  1914  жылы  Есім  төренің
            көмегімен Ә. Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарса,
            С.  Сейфуллин  «Ақжолтай  батыр»  романын  жазды.  Заңғар  жазушы  М.  Әуезов  «Қазақ
            әдебиетінің тарихы» кітабында танымал батырға толық бір бөлімді арнады. И. Байзақовтың бір
            поэмасы  да  батыр  туралы.  Ал  тарих  ғылымының  докторы,  профессор  Е.  Бекмахановтың  19
            ғасырдың тарихи оқиғалары туралы жазылған монографиясында Ағыбайдың батырлық тұлғасы
            жан-жақты сипатталған.
                  1992 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында Ағыбай батырдың 190 жылдығы,
            2002  жылы  Балқаш  қаласында  200  жылдығы  республикалық  деңгейде  аталып  өтілді.  Балқаш
            қаласының  70  жылдық  мерейтойы  қарсаңына  батырға  ескерткіш  орнатылды.  Ескерткіштің
            авторы қарағандылық Ж.Қалиев. Мүсін Балқаш қаласының орталығынан өз орнын тауып, оның
            айрықша белгісіне айналды. Тұғырмен бірге ескерткіш  16 метр. Ескерткішке жеті тонна таза
            қола жұмсалды.
                  Ағыбай батыр кесенесі — ХІХ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Кесене ХІХ
            ғасырдың  80-жылдарында  Бетпақдаланың  солтүстік-шығысындағы  Тайатқан-Шұнақ  тауының
            маңайында,  Босаға  өзенінің  аңғарында  тұрғызылған.  (Кесене  республикалық  маңызы  бар  ХІХ
            ғасырдағы  тарихи  және  діни  сәулет  ескерткіші  болып  табылады.  ҚазКСР  Министрлер
            Кеңесінің 17.02.49 ж. №133 қаулысы).
                  Ағыбай  батыр  кесенесі  шаршы  түрінде  салынған  жалпы  аумағы  8.80  х  8.58  метр,  бір
            бөлмелі күмбезді ғимарат. Сыртқы бұрыштары қосар мұнаралармен өрнектеліп, күмбезі өріліп
            шығарылған. Ілкіде ұшар басына Ағыбай батырдың самаурыны қойылған. Кіретін бөлігі жеңіл
            ағашпен айван үлгісінде жабылып, оңтүстіктен шығарылған. Бөлменің ішкі бұрыштарындағы
            ширек бағаналар күмбез шеңберімен бірігіп кеткен. Бөлменің төменгі жағы ақ түсті, жоғарғы
            жағы  сарғыш  түсті  әкпен  әктелген.  Кесене  ішінде  12  мәйіт  бар.  Ағыбай  батырдың  сағанасы
            бөлменің түкпірінде солтүстік-батыс бұрыштан екінші орында жатыр.

                                                       Әдебиеттер:
                  Ақжолтай  Ағыбай  батыр  /  құраст.  А.  Ісімақова  С.Сәкенов.-  Алматы:  Ғалым,  2002.-  632
            бет.: сур.
                  Алмас қылыш: Батырлар жыры / Құраст ; Дәуітұлы.- Алматы: Жалын, 1993.- 224 бет.
                  Ер  есімі  ел  есінде:  Ақжолтай  Ағыбай  батырдың  200  жылдық  торқалы  тойына  арналған
            "Арқаның  ардақты  тұлғалары"  атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конференция
            материалдарының жинағы / Жалпы бас ред.Ж.С.Ақылбаев.- Қарағанды: ҚарМУ, 2002.- 270 бет.
                  Ағыбай  батыр  //  Жұмаділдин  А.  Жаңаарқа:  Дерекнама  .-Алматы:  Кенже-Пресс-Медиа,
            2009.- 92 бет.
                  Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет: Зерттеулер мен мақалалар - Алматы: Ғылым,
            2001.- 448 бет.
                  Шөженов Ж. Ақжолтай Ағыбай батыр.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.-
            234  бет.
                  Қазақстан  тарихы  этникалық  зерттеулерде:  [ғылыми  еңбек]  /  Қазақстан  Респбуликасы
            Байланыс  және  ақпарат  министрлігі,  Ақпарат  және  Мұрағат  комитеті.  -  Алматы:  "Алаш"
            тарихи-зерттеу орталығы, 2008 - 9 т. : Арғын. -  2010. - 404 б.
                  Қоңырбайұлы  Ағыбай  (1802-1885)  //  Жолдасбекұлы,  М.  Елтұтқа/  М.  Жолдасбекұлы,  Қ.
            Салғараұлы, А. Сейдімбек. - Астана: KUL TEGІN баспасы, 2001. – 196-198 б.
                  Хан  Кене:  қазақ  халқының  тәуелсіздігі  үшін  күрескен  хан-батырлар  туралы  тарихи
            толғамдар мен пиеса, дастандар / сарашысы Е.Дүйсенбай. - Алматы : Жалын, 1993. - 448 б.


                                                             88
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93