Page 91 - kzd
P. 91

Бұл  медресенің  іргетасын  Аталықтың  Ысқағы  деген  адам  қалаған  екен.  Ол  тіпті  Сауд
            Арабиясына дейін барып, білім алған, елге оралып, дін жолында қызмет еткен сол замандағы
            Арқадағы құрметті адамдардың қатарынан саналған.
                  Молданың  оқытқаны  аздық  еткендіктен  Ілияс  Семейдегі  екі  жылдық  педагогикалық
            курста  оқып,  оны  1919  жылы  тамыздың  3-де  тамамдап  шығады  да,  қазақ  мектептерінің
            бастауыш сыныптарына дәріс беруге мүмкіндік алады. Үш жылдай бала оқытқан жас жігіт 1921
            жылы  Мәскеуге  жол  тартады.  Сол  кездегі  алып  империя  астанасындағы  Н.Н.Нариманов
            атындағы Шығыстану институтының Қиыршығыс факультетіне (жапон секторына) оқуға түсіп,
            оны 1926 жылы бітіріп шығады.
                  Ілияс  институтта  оқи  жүріп,  «Еңбекші  қазақ»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)  газетіне
            мақалалар  жазып,  басылымның  Мәскеу  және  Орынбор  қалалары  бойынша  тілшісі  қызметін
            атқарады.  Оқуын  аяқтаған  соң  еңбек  жолын  осы  басылымда  жалғастырып,  1928  жылдың
            мамырына дейін түрлі бөлімдерде жұмыс істейді.
                  Алаш  қайраткерінің  басылымдағы  еңбек  жолы  ұзаққа  созылмады.  1930  жылы
            тұтқындалып,  қылмысы  дәлелденбегендіктен  көп  ұзамай  бостандыққа  шығады.  Сондағы
            тағылған  айып  –  газет  тілшілерінің  өзара  елдегі  аштықтың  жайын  талқылап,  азық-түлік
            өндірісінің мүшкіл жағдайын сөз етуі. Бұл әңгімені біреулер жоғарыға сыбырлағаны анық. Осы
            уақыттан Ахметовтің артынан аңду басталғанын аңғарамыз. Сол себептен қызмет орнын да жиі
            ауыстырып отыруға мәжбүр болған. 1931-1933 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен
            Ташкент  қаласындағы  қазпедтехникумда,  ал  1934-1936  жылдар  аралығында  Алматы
            қаласындағы кітапханада жұмыс істейді. Ағартушы ғалым өзінің «Қазақ тіліне тиісті деректер»
            деген  еңбегін  де  осы  уақытта  жазған.  Сол  заманда  қазақ  елінің  тарихы  мен  «қазақ»  сөзінің
            төркінін  зерделеу  аса  қажет  болғаны  анық.  Автор  көп  ізденіп,  тапқан  материалдарын  кітап
            қылып  бастырған.  Бұл  кітаптың  құндылығы  туралы  филология  ғылымының  докторы
            Ә.Қалиұлы  мынадай  пікір  білдіреді:  «Мұхамеджан  Тынышбайұлының,  Чулочниковтың,
            Құрбанғалиұлының,  татардың  ұлы  ғалымы  Маржани,  Левшин,  Хайдар  Рашиди,  Әбілғазы,
            Бабыр,  мұмылман  ғалымдары  Ибн  Халдун,  Масуди,  Әбулпида  мен  Худуд  әл-Ғалам  және
            басқалардың жазбаларынан дәлелдер келтірген. Парсы, түрік елдері  туралы ескі  мағлұматтар
            мен  «қазақ»  сөзі  туралы  қытай  тарихындағы  мағлұматтарға  тоқталған.  Геродот,  Птолемей
            еңбектерінен де қазақ сөзіне қатысты дерексөздерін тапқаны байқалады».
                  Оқырмандарға жеткен екінші еңбегі – «Ахуал қиямет». «Алаш мұрасы» сериясымен 2005
            жылы  кітап  болып  басылып  шықты.  Бұл  шығармадан  Ілияс  Ахметұлының  өзі  жазып  қана
            қоймай,  ел  арасындағы  ақын-жыраулар  мен  ғалымдардың  жазғандарын  жинап  жүргендігін
            көреміз. Соның бірі – «Ахуал қиямет» (қияметтің жағдайы). Шәді Жәңгірұлы деген ақынның
            шығармасы деп көрсетілген бұл дастанды қағаз бетіне түсіріп, көзінің қарашығындай сақтаған
            Ілияс Ахметов.
                  Алаш  қайраткері  Ташкентте  еңбек  етіп  жүрген  кезде,  яғни  1932  жылы  мектеп
            оқушыларына арналған «География» оқулығын жазып шығарады. Бастауыш және жетіжылдық
            мектептерге арналған бұл оқулық кезінде қай жағынан да білім беру талаптарына сай келетін
            тамаша оқу құралы болған.
                  1936 жылы Петропавл қаласындағы педагогикалық техникумда оқытушы болып қызмет
            атқарады.
                  Репрессия  жылдары  қудаланып,  1938  жылдың  25  наурызында  Солтүстік  Қазақстан
            облысының  НКВД  қызметкерлері  қамауға  алады.  4  қазанда  үштіктің  үкімімен  58-1а,2,6,11
            статьясы бойынша айыпталып, ату жазасына кесіледі.
                  Мұрағаттағы «құпия» деген жазуы бар қылмыстық іс-қағаздарында Ілияс Ахметовтің 1938
            жылы түнгі сағат 23-00-де атылғаны жазылыпты. Тергеу құжаттарында: «Ахметов 1917 жылы
            Семей  қаласында  тұрған  кезде  жапон  барлау  қызметінің  тыңшысы  Бөкейханов  басқаратын
            «Алаш орда» ұлттық партиясының құрамына кірген. Азаматтық соғыс кезінде Кеңес өкіметіне
            қарсы  үгіт  жүргізіп,  «Алаш  орда»  жасағын  құру  үшін  қаржы  жинады  және  1918  жылы  өз
            еркімен  осы  «Алаш  орда»  жазалау  жасағының  құрамына  кірді.  1924-1936  жылдары  Жапон
            барлау  қызметінің  агенті  Смағұл  Сәдуақасов,  Ғаббас  Тоғжанов  және  Жүргеневпен  ауыз

                                                             91
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96