Page 87 - kzd
P. 87

үйренген, таудағы жердің жайын білмейміз және сарбаздар шаршады" дегенде, Кенесары оған
            "Е, Ағыбай сен қартайған екенсің" деп, айтқанына көнбей, бас қолбасшылықтан алып, орнына
            Бұғыбай батырды сайлайды. Ағыбай көп қайрат көрсеткенімен жай батыр есебінде соғысады.
            Ертең шешуші ұрыс болады деген түнде Дулат руының батыры Сыпатай мен Рүстем төре 12
            мың жігітті ертіп Кенесарыны тастап кетіп қалған. Өзіне шын берілген мыңдай ғана жігітімен
            жау қоршауында қалғанын Кенесары таңертең бірақ біледі.
                  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  жазғанындай,  Бұғыбай  батырға  сенген  Кенесары  осылай
            қырғыз-орыс қолына түскен соң, Ағыбай қолға алып, әскерді құрап, майдан ашып, жеті қабат
            Алатауды айналған жауды жарып өтеді.
                  Неміс ғалымы Радлов жинаған Кенесары туралы жырда былай делінген:
            Кенеге тігілмеді торғын шатыр,
            Топалаң тиген қойдай қазақ жатыр.
            Басы екен шұбыртпалы ер Ағыбай,
            Құтылды бұзып-жарып сексен батыр.
                  Қырғыздар  Кене  ханды  бірнеше  найзамен  түйреп  көтергенде  "Ей,  маңқа  қырғыздар,
            бәрібір мен сендерден биік тұрмын" деп өліп кеткен екен.
                  Ал Ағыбай батыр Арқаға қайтып бара жатып:
            Кенесары құрдасым,
            Бірге туған сырласым.
            Арыздаспай айырылыстық
            Ақыретке қимасым.
            Наурызбай ер беренім
            Қайратты туған ер едің
            Маңдайыңнан иіскеп Қош, Наурызжан, дегенім, -
            деп егіліп қайғырыпты.
                  Түркістан  қаласының  маңайында  орыс  әскерімен  соғысып  жатқанда,  Ағыбай  батырға
            Қожа Ахмет Яссауи аян берген екен дейді. «Ағыбай, саған аруақтар мен мұсылман халқы риза,
            кәпірлермен аз соғысқан жоқсың, енді соғысуды қой, сен пайғамбар жасына келдің, енді құдай
            жолына  түс»  депті.  Осы  аяннан  кейін  Ағыбай  батыр  Садық  төреден  және  басқа  да  соғысып
            жатқан батырлардан рұқсат сұрап, елге қайтқан екен. Кейін атақты қазақ батырларының бірі
            Жарылғап  батырдың  ұрпағы,  қарт  Бөгенбай  батырдың  жиені  Байсейіт  болыстың
            қамқорлығымен Тоқырауын өзенінің бойында қоныстанып, егіншілікпен айналысады. Ол жер
            «Ағыбай тоғаны» аталып қалған. Аға сұлтан Құнанбай мырза Жанғұтты Шорманның Мұсасы
            Кәрсон  руының  игі-жақсыларының  жерімізден  Ағыбай  батырға  жер  бөліп  береміз  деген
            шешімдерін құптап, Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфордтқа хат жолдайды. Осыдан кейін
            оны Гасфордт қабылдайды, біраз уақыттан кейін-ақ патшаның Ағыбай батырға кешірім жасаған
            хатын  алғаннан  кейін,  генерал-губернатор  Ағыбай  батырдың  жаңа  қонысын  картаға  түсіріп,
            мөрін басып береді. Ақ патша Орта Азия мен Кавказ халықтарының арасынан отар-шыларға
            қарсы күрескен «империя жауларының» арасынан Ағыбай батыр мен Кавказдағы Шәмілге ғана
            кешірім  жасаған.  Ал  Шәміл  болса  63  жасында  Меккеге  қажылыққа  барғанда  қайтыс  болған.
            Сол  уақытта  генерал-губернатор  өзінің  суретшілеріне  Ағыбай  батырдың  суретін  салғызып,
            Ресейдің Петербор қаласындағы әлемге әйгілі Эрмитаж көрме-музейіне жіберген екен. Елімізге
            әйгілі қойшы, екі дүркін еңбек ері атағын алған Ж.Қуанышбаев сол кездегі Ленинград қаласына
            Қазақстаннан  барған  халық  қалауларының  делегация  мүшелерімен  Эрмитажды  аралап
            жүргенде  Ағыбай  батырдың  суретін  көріп,  музей  басшыларынан  рұқсат  алып,  сол  жердегі
            суретшілерге салғызып алған екен.
                  1885  жылы  Ағыбай  батыр  83-ке  қараған  жасында  қайтыс  болып,  Тайатқан  Шұнақта
            арулап  жерленеді.  Өмірінің  соңғы  кезеңінде  егіншілікпен,  балық  аулаумен  айналысты.
            Дүниеден қайтқан соң Ресей үкіметі оның мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кешеніне
            жерлеуге  рұқсат  етпей,  Сарыарқа  мен  Бетпақдаланың  шектескен  Тайатқан-Шұнақ  деген
            жерінде жерленді.


                                                             87
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92