Page 95 - kzd
P. 95

Қазан  төңкерісінен  кейін  ауылдағы  мойынсерік,  артельге  мүше  болып,  1928  жылға  дейін
            ауылда жұмыс істейді.
                  1929-1930  жылдары  «байдың  баласы»  деген  желеумен  Қарсақбай  абақтысына  қамауға
            алынады. Түрмеден шыққан соң Оңтүстік Қазақстан өңірінде түрлі қызметтерді атқарып, «Қызыл
            отау» жұмыстарына белсене қатысады.
                  1932  жылы  Ташкент  радиокомитетіне  әншісі  болып  тұрып,  Ташкенттегі  педагогикалық
            техникумда ұстаздық қызмет етеді.
                  1937 жылы «халық жауы» деп айыпталып, Ташкент түрмесіне қамалады. Одан арғы тағдыры
            беймәлім.
                  Өлең  жазып,  ән  шығарған.  Ел  арасында  тараған  «Сарыарқа  туып-өскен  жерім  едің»  деп
            басталатын «Сарыарқа» әнінің авторы саналады.
                  Қазақ  өнерінің  жанашыры  А.В.Затаевич  «Қазақ  халқының  1000  әні»  деген  жинағына
            М.Жылқайдаровтың орындауында 25 ән, терме жазып алған.
                  wikipedia.org/wiki// Мұқтар Жылқайдаров

                                                       Әдебиеттер:

                  Жылқайдаров Мұқтар //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.-
            Алматы: Атамұра, 2006.- 275 б.
                                                          1902   –    1976   Халық      ақыны      Игенсартов
                                                          Ғабдиманның туғанына 120 жыл

                  Қазақ  халық  ақыны  Ғабидман  Игенсартов  1902  (11  желтоқсан  күні  кейбір  деректе)
            Қарағанды  болысы  Қарқаралы  ауданында  туған.  1925  жылдан  КПСС  мүшесі.  Жас  кезі
            байлардың  есігінде  жалшылықта  өтті.  Октябрь  революциясынан  кейін  сауатын  ашты.  1923
            жылдан  бастап  қазақ  ауылдарын  советтендіру  ісіне  араласты.  1927  жылы  Темірші  болысы
            жалшылар  комитетінің  председателі  болды.  1929  жылы  ҚАССР  ОАК-нің  мүшесі  болып
            сайланды.  1930-1960  жылдар  аралығында  Қарағанды  облысының  совет  орындарында,
            тұтынушылар       мекемелерінде,     көмір    шахталарында,      «Советтік    Қарағанды»      газеті
            редакциясында  қызмет  істеді.  Ғ.Игенсартовтың  ақындық  қызметі  1920  жылдан  басталады.
            Алғашқы өлеңін–«Ақ қошқар жоқтауы» 1930 жылы шықты. Оның өлеңдері 1930 жылдан бастап
            Семей, Қарағанды облыстық, аудандық газеттерінде жиі жарияланды. Олардың көбі негізінен
            сықақ,  мысқыл өлеңдер. 1934 жылы Игенсартовтың тұңғыш көлемді  шығармасы  «Ақ  бидай»
            поэмасы,  бұдан  кейін  «Лавадағы  өмір»  (1949),  «Шахтер  сөзі»  (1949),  «Шынар»,  «Арман»
            (1964), «Тың дала» (1968), «Айдау Әбен» (1970) дастандары, тағы басқа шығармалары жарық
            көрді.  Ғ.Игенсартов  өзінің  поэмаларында  совет  адамдарының  жасампаз  еңбегін,  олардың
            бойындағы  асыл  қасиеттері  және  ерлік,  достық  махаббат  тақырыптарын  жырлады.  Ғабидман
            Игенсартов Қазақ ССР Жоғарғы Советінің құрмет грамотасымен екі рет марапатталды. Ал 1962
            жылдың  желтоқсанында  оған  Халық  ақыны  деген  құрметті  атақ  берілді.  1963  жылы  оған
            республикалық дәрежедегі дербес пенсия тағайындалған.
                  Ақын 1976 жылы қайтыс болды.
                                                       Әдебиеттер:

                  Игенсартов  Ғ.  Ақ  бидай  //  Пернедегі  термелер:  қазақ  совет  халық  ақындарының
            шығармалары / ред. С. Мұқанов. - Алматы: Жазушы, 1965. - 200-201 б.
                  Игенсартов Ғ. Лавадағы өмір. - Алматы: Жазушы, 1985. - 238 б.
                  Игенсартов Ғ. Поэмалар. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1964. -
            124 б.
                                                            ***
                  Игенсартов Ғ. Ақын - азамат // Советтік Қарағанды. - 1961. - 10 окт. (№ 239). - 4 б.
                  Игенасартов Ғ. Ана мейірімі // Орталық Қазақстан.- 1964.- 2, 4 тамыз
                  Игенсартов Ғ. Аңсаулы жандар // Орталық Қазақстан. - 1969.- 25 мамыр

                                                             95
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100