Page 86 - kzd
P. 86
Тойбек Ж. Тәлімді еске алу кеші // Орталық Қазақстан. - 2008. - 27 мамыр (№82) . - 3 б.
Тілеужанова А. Білімнің бұтақ жайған бәйтерегі // Орталық Қазақстан. - 2020. - 11 қаңтар
(№ 3). - 5 б.
Чемпион есімі берілді // Орталық Қазақстан. - 2013. - 18 сәуір (№ 60/61). - 2 б.
1802 – 1885 Қазақ батыры Қоңырбайұлы
Ағыбайдың туғанына 220 жыл
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802–1885) – Кенесары Қасымовтың
Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы
қаракесек-шұбыртпалы арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай
ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай
есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды.
13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының
отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Қасым сұлтан қаза тапқаннан кейін
Ағыбай батыр бастаған қазақ әскері Шу өзенінің бойында өзбектердің Түркістан өлкесіндегі
билігін әлсіретті. Ағыбай батыр бастаған қол 1826–1846 жылдары аралығында Ресей
әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Ресей империясының
Қазақстандағы тірек-орталықтары: Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап,
патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау
шайқастарында тас-талқан етіп жеңді.
Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсетті. 1847 жылы Кенесары
ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін
бұзып өтті. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре
қолы құрамында соғыс жүргізді. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз
бетінше шабуылдар жасады.
Тарих беттерінен үзінді келтірсек...
Кенесары хан жоғары билер және әскери кеңес ашып, өз сарбаздарын төрт жасаққа
топтастыру жөнінде әскери кеңестің шешімін шығарады. Бірінші жасақты Ағыбай батыр,
екіншісін Наурызбай батыр, үшіншісін Ержан батыр басқарады да, төртіншісі қосалқы жасақ
резерв ретінде Кенесары ханды қорғайтын болады. Осы тұста Наурызбай батыр өзінің тап-
қырлығын танытып полковник Лебедев отрядын сұлтан Байқадамовтың аулына қарай бұрып
жіберді.
Кенесары ханның алдын-ала жасаған жоспарына сай 1844 жылдың 20 маусымнан 21
маусымына қараған түнде Ағыбай батыр мен Ержан батыр сарбаздары Тобыл өзенінің жоғарғы
сағасымен Ұлқояқ өзенінің бойында Ахмет Жантөриннің отрядын қоршап алып, толық жойып
жібереді. Ұрыс барысында көрнекті 44 сұлтан қаза табады. Бұл полковник Дуниковский
басқаратын ауыр зеңбіректі түренге жасалған шабуылдың бастамасы еді.
Тамыз айының орта шенінде Ағыбай батыр мен Наурызбай батыр бастаған қол
Екатеринин бекінісіне лап қойды. Бірнеше шабуылдың нәтижесінде бекіністі басып алады. Бұл
- Кенесары ханның ең үлкен жеңістерінің бірі еді. 1844-1846 жылдар аралығында Кенесары
ханның сарбаздары Ресей империясының әскерлеріне дүркін-дүркін шабуыл жасап, бірде
сәтсіздікке ұшырап, енді бірде ойсырата жеңумен болды. Осы жылдары ауыр зеңбірек, оқты
мылтықпен қаруланған патша әскерлеріне қарсы - білектің күшімен, найзаның ұшымен қазақ
жерін қорғаған батырларымыздың даңқы шықты, сол батырлардың даңқы халқымыздың
еңсесін көтерді де.
Ағыбай батыр көтерілістің ақыр-аяғына дейін Кенесарыға адал болды. Ақтық айқас 1847
жылдың көктемінде Қырғыз Алатауының Кекілік тауында өтеді. Осыдан бұрын Ағыбай батыр
Кенесары ханға: "Осы қырғыздармен соғысқанымыз жетер, біздің әскер дала соғысына
86