Page 83 - kzd
P. 83
Еліміздің бұл ежелгі ағарту мекемесінің шежіресі отызыншы жылдардан - Ә.Бөкейханов,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов сынды ұлт мақтаныштары сабақ берген Қарқаралы
педтехникумінен басталады.
Бұрынғы патша дәуіріндегі реалдық училищенің екінші қабатында ұйымдастырылған
небәрі үш бөлімде алғашқы шәкірттер жиналып, білім бұлағынан сусындауға белді бекем буды.
Техникумның ірге тасын қалауға ат салысқан оның тұңғыш директоры халықтың аяулы ұлы
болған азамат Р.Сапақов еді. Білім ордасының қаз тұрып, қанатын кеңге жаюына жергілікті
қазақ халқы орасан зор көмегін тигізді.
1923 жылы Қарқаралылықтар мен техникумның драма үйірмесінің мүшелері бірге отырып
С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарын», М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегін» сахнаға шығарды.
Бұдан кейін араға төрт жыл салып оқу орнының алғашқы түлектері туған жерде қажырлы
енбек етуге бел буып, ұстаздық ете бастады. Училищенің алғашқы түлектерінің арасында
А.Ахметов, А.Баймаханов, М.Беков, А.Жәкіманов, З.Пушков, Р.Ғылымбеков, Р.Омаров,
Н.Түсіпов, Р.Тұрғанбаев, А.Юсупбаев сияқты азаматтар болды. Олар көпшілікке жақсы белгілі
жиырмасыншы, отызыншы жылдардың ауыр кезенін басынан кеше отырып, халық көкірегіне
білім сәулесінің жарық нұрын шашу сияқты абыройлы істі жоғары жауапкершілікпен атқарды.
Ел басына түскен ауыр нәубетті техникум ұжымы да ұйымшылдықпен көтеріп, кездескен
қиындықты жеңе білді. Аштықтың ауыр жылдарында техникумға жетекшілік еткен Құрман
Хамитов деген азаматтың жоғарғы адамгершілігі көпшіліктің есінде. Ол педагогикалық
техникумды 1929 ж. үздік бітіріп, өз білімін Мәскеу қаласында одан әрі жалғастырды. 1931
жылы техникумға қайтадан оралып, ұстаздық одан соң директорлық қызметтерді абыроймен
атқарды. Әсіресе ел басына төнген ауыртпалық, аштық жылдары ол оқушылардың сапалы білім
алуына бар күш–жігерін жұмсап, өз қамқорлығын көрсете білді.
Педагогикалық техникум 1937 жылы Қарқаралы қазақ педагогикалық; училищесі болып
қайтадан құрылды. 1945 жылы Абай бабамыздың 100 жасқа толу мерекесі ұлан-байтақ
республикада кеңінен аталып өтіп, училищеге ақын есімі берілді. 1950 жылы училище қасиетті
Қарқаралы жерінен Қарағанды, одан кейін Саран қаласына көшірілді .
Училищедегі оқу-тәрбие жумысы уақыт өткен сайын одан әрі жетілдіріле, терендетіле
түсуде. 1972 жылы училиищенің құрылғанына 50 жыл толу мерейтойында Қазақ ССР Жоғарғы
Кенесінің Құрмет грамотасын, 1977 жылы ССРО Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасын
және де басқа құрметті атақтарды лайықты түрде жеңіп алып, өз мәртебесін көтере түсті.
1986 жыл бұл оқу орнының ұжымы атқарылған осындай игілікті істердің нәтижесінде
Бүкілодақтық байқаудың екінші дәрежелі дипломын жеңіп алды.
Қазіргі таңда бұл колледжде бірнеше мамандық бойынша күндізгі бөлімдерде мамандар
даярлануда. Оқу орнында қазақ, орыс бөлімдері бар.
Бұрыннан химик-технологтар даярлап келе жатқан Саран химия-технологиялық
техникумы 1997 жылы құрамына қосылып, Абай Құнанбаев атындағы гуманитарлық-
техникалық колледж атанды.
Колледже оқушылардың іскер маман атанып, өздері қалап алған мамандықтарын жетік
менгеруіне ұстаздар қауымы лайықты үлес қосуда.
Оқу орны мынандай мынадай мамандықтар даярлайды:
Бастауыш білім беру мұғалімі;
Негізгі орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі;
Негізгі орта мектептің шет тілі мұғалімі;
Негізгі орта мектептің информатика мұғалімі;
Аудармашы;
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі;
Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі;
«Технология пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі:
Экономист-бухгалтер;
Техник-механик;
83