Page 79 - kzd
P. 79

Сәрсенбай Қ. Ақаннның аманаты // Егемен Қазақстан. - 2019. - 22 қараша (№ 227). - 5 б.,
            Арқа ақшамы. - 2019. - 22 наурыз (№ 10). - 8-9 б.
                  Сәулебектегі А. Ақселеудің асы // Дала мен қала. - 2012. - 27 тамыз (№ 35/36). - 9 б.
                  Сметов А. Поэзия, кешір мені, кеш келдім... // Орталық Қазақстан. - 2015. - 15 тамыз. - 6 б.
                  Тайшыбай З. Ақселеудің мұрағаттағы бейнесі // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2010. -
            24 шілде (№ 117/118).- 7 б., Арқа ақшамы. - 2013. - 2 мамыр. - 4 б.
                  Тайшыбай З. Мұраттас, мұңдас дос едік // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 қыркүйек. - 1 б.
                  Тобаяқов Б. Алаштың арда емген Ақселеуі // Жас қазақ. - Алматы, 2010.- 1 қазан (№ 38). -
            12 б., Ел. - 2010. - 12 қазан (№ 40).- 4 б.
                  Туғанбай А. Алаштың абызы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 15 тамыз (№ 90). - 6 б.
                  Уайсова А. "Әлшекейдей күйші өткен Алашымда..." // Достық = Дружба. - 2014. - № 4. -
            68-72 б.
                  Хамзин М. Бекзат болмыс иесі еді... // Орталық Қазақстан.-2012.- 23 тамыз. - 5 б.
                  Шәмші Ж. Әкемнің айтпаған сөзін Ақаңнан естідім // Мәдениет. - 2013. - № 1. - 49-51 б.
                  Шәмші Ж. Тау алыстаған сайын асқақтайды // Мәдениет. - 2012. - №8. - 30-33 б.

                                                          19  желтоқсан  1937  –  Қарағанды  облыстық
                                                          архивтің құрылғанына 85 жыл.

                  Қарағанды  облысының  архив  қызметінің  құрылуы  1937  жылдың  19  желтоқсанда
            Қарағанды облыстық атқару комитеті Президиумының қаулысы қабылданғаннан бастау алады.
            Оған  Солтүстік  Қазақстан  облысының  мемлекеттік  архивінен  құжаттардың  бір  бөлігі
            тапсырылды.
                  1938 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Қаулысы негізінде жеті аудандық
            мұрағат  ұйымдастырылды:  Ақмола,  Нұра,  Қарсақпай,  Қарқаралы,  Тельман,  Қорғалжын,
            Жаңаарқа архивтері құрылды. 1939 жылы тағы төрт аудандық, қалалық және Балқаш қалалық
            архив ашылды.
                  1946  жылы  архив  бөлімі  мен  облыстық  мемлекеттік  архив  үлкен  Михайловкада  жалпы
            ауданы 97 ш.м. жеті бөлмеден жаңа үй-жай алды, тек 1966 жылы жобалық қуаты 1 млн. 200
            мың сақтау бірлігі болатын үлгілік ғимарат салынды.
                  Қарағанды облысында 20 мемлекеттік архив жұмыс істейді, онда 6914 қор сақталған, бұл
            2 млн.820 мың сақтау бірлігін құрайды.
                  Мемлекеттік  архивтерде  1872-2013  жылдар  аралығындағы  құжаттар  сақталған.  Бұлар:
            басқарушылық құжаттама, жеке шығу тегі, ғылыми -техникалық құжаттама, фильм, фото - фон,
            бейнеқұжаттар  мен  тұлға  туралы  құжаттар  (совет  құрылысын,  Кеңестердің,  ұйымдық-
            бұқаралық жұмысын, өндірістің, ауыл шаруашылығының, құрылыс, көлік, байланыс, денсаулық
            сақтау, халыққа білім беру, әлеуметтік қамсыздадырудың жағдайын бейнелейтін құжаттар).
                  Қарағанды  облысының  мемлекеттік  мұрағаты  (Ержанов  к-сі,  6)  Қазақстандағы  ең  ірі
            болып  табылады  тек  құжаттар  саны  бойынша  Шығыс  Қазақстан  облысынан  кейінгі  екінші
            орында.  Архив  қоры  саяси,  Халық  шаруашылық,  ғылыми,  әлеуметтік-мәдени  немесе  тарихи
            маңызы  бар  құжаттарды  ұсынады.  Олардың  ішінде  заңнамалық  актілер,  басқарушылық,
            жобалық,  конструкторлық,  технологиялық  және  басқа  да  құжаттар:  киноқұжаттар,  дыбыс
            жазбалары, бейнежазбалар, электрондық жеткізгіштердегі құжаттар, қолжазбалар, күнделіктер,
            хат алмасулар, суреттер, өлкетану бойынша материалдар және т. б.
                  Облыстың  индустриялық  даму  тарихын  көрсететін  қорлардың  маңызы  ерекше,  өйткені
            Қарағанды облысы тау-кен металлургия, химия және машина жасау өнеркәсібі дамыған аймақ
            болып табылады.
                  Қазақ  КСР  көмір  өнеркәсібі  басқармасының,  «Қарағандыкөмір»  өндірістік  бірлестігінің,
            халық кеңесінің, тресттердің, фабрикалардың, шахталарды техникалық жабдықтау, Қарағанды
            көмір  бассейнінің  дамуы  мен  өсуі,  көмір  өндіру  мен  өңдеуді,  механикаландыру  мен
            автоматтандыруды,  оның  ішінде  ұлттың  өсуі,  халықтар  мен  өңірлер  арасындағы  қамқорлық
            және бауырластық қатынастарды жолға қою мәселелерін көрсетеді.

                                                             79
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84