Page 80 - kzd
P. 80
Металлургия өнеркәсібінің даму тарихын Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің,
Қазақстан мен Қарағанды металлургия зауыттарының қара металлургиясын басқармасының
материалдарынан байқауға болады. Қорда зауыттардың құрылысы мен өндірістік қызметі,
олардың техникалық жабдықталуы, технологияның жаңа түрлерін игеру туралы деректер бар.
Қарағанды облысының геологиялық сипаттамалары туралы Орталық Қазақстан
аумақтық геологиялық басқармасының, «Казахуглегеология» трест экспедицияларының
қорлары яғни пайдалы қазбалардың пайда болуы, іздестіру жұмыстарының әдістері жайында
құнды мәліметтер бар.
Ауыл мен ауылды кеңестендіру, жерге орналастыру, көшпелі және жартылай көшпелі
қазақ халқының отырықшылануы, таптық күрес, совхоздар, колхоздар құру, егістік және
суармалы алқаптардың жай-күйі, мал шаруашылығын дамыту туралы құжаттар үлкен
қызығушылық тудырады. Бұл туралы ақпаратты жер бөлімдері мен ауылшаруашылық
басқармалары қорларының, жерге орналастыру экспедицияларының, партиялардың, колхоздар
мен совхоздардың құжаттарымен танысу арқылы алуға болады. Мұрағат қорларында тың және
тыңайған жерлерді игеру туралы құжаттар бар.
Жеке адамдар қорларының ішінде Қарағанды тас көмір орнының «атасы», профессор-
геолог А.А.Гапеевтың, академик Е.А.Букетовтың, жазушы М.Е.Зуев-Ордынецтің, гидрогеолог
В.А.Курдюковтың, өлкетанушы Ю.Г.Поповтың, жазушы Н.А.Пичугинің және Қарағанды
облысының басқа да көрнекті қайраткерлерінің қорлары бар.
Қазақстан тарихы, қазақ және басқа халықтардың дәстүрі туралы қазақ және орыс
тілдерінде материалдар жинақталған.
Бұл материалдар зерттеушілердің, аспиранттардың, кәсіпорын, мекеме қызметшілерінің,
жоғары оқу орындары студенттерінің назар аударатын объектісі саналады. Архив құжаттары
негізінде жыл сайын әлеуметтік-библиографиялық сипаттағы 10000 анықтама беріледі, осы
заманғы актуальды тақырыптар бойынша бұқаралық ақпарат құралдары жариялымдарының
құрамы мен мазмұнын ашатын ақпараттық құжаттар дайындалады, ал облмемархив пен оның
филиалдарындағы құжаттардың құрамы мен мазмұнынның бағытын айыруға қорлар бойынша
жол көрсеткіштер, колхоздар мен совхоздардың, Қарағанды облысының әкімшілік-аймақтық
бөлінісінің тарихы жөніндегі анықтамалықтар, халық ағарту саласының дамуы, Қарағанды және
қарағандылықтар 1941-1945 ж. ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында, коммунистік еңбек
қозғалысы туралы тақырыптық және қорлар бойынша шолулар, жүйелік каталог, тақырыптық
картотекалар көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 19.06. 1996 жылғы «Азаматтардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі архив мекемелерінің қызмет
мәселелері бойынша кусталдық және республикалық семинар – кеңестер өткізілді.
Қарағанды мұрағатшылары қоғамдық ғылымдарды дамыту, сондай-ақ архив ісінің
проблемалары тәрізді одақтық, республикалық, және облыстық ғылыми-техникалық
конференцияларға әлденеше рет қатысты.
АҚШ-тың ақпараттық агенттігінің (ЮСИА) шақыруы бойынша АҚШ архивінің
жұмысымен танысты, Пекиндегі архившілердің XIII Бүкілдүниежүзілік Конгресінің жұмысына
қатысты, Барселонадағы архившілердің Европалық конференциясына шақырылды.
Сақталған аудиовизуалды құжаттардың мазмұны тарихи-мәдени, қоғамдық-әлеуметтік,
саяси құндылыққа ие және өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап Қарағанды облысының
тарихын көрсетеді. Соңғы жылдары архив ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық-
саяси қызметін, оның Қарағанды облысындағы жұмыс кезеңін, қарағандылықтармен
кездесулерін, Қазақстан Республикасының алғашқы ғарышкерлері туралы Т. Әубәкіров, т.
Мұсабаев; Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының, ұлттық-мәдени орталықтардың
құрылуы мен жұмысын баяндайтын аудиовизуалды құжаттамамен толықтырылды; Ұлы Отан
соғысына қатысушыларға, Спасск зиратында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған
мемориалдық ескерткіштердің ашылуы; Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының 70
жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына (1941-1945 жж.), Тәуелсіздіктің
80