Page 81 - kzd
P. 81
10 жылдығына және Негізгі Заң-Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қарқаралы
қаласының 180 жылдығына және көптеген мерекелік іс-шараларға арналған құжаттар бар.
Архив ісінің дамуына жаңа серпін берген ҚР Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті
қыры» мақаласы, оған сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Үкіметінің 2020 жылғы
20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Архив-2025»
жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Жоспардың негізгі бағыттары:
- архивтік құжаттарды цифрлау және оларды цифрлық форматқа ауыстыру үшін
серверлерді, сканерлерді, компьютерлерді сатып алу бойынша архивтердің материалдық-
техникалық базасын нығайту;
- шетелдік мұрағаттарда, ғылыми орталықтарда Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды
анықтау және оларды ғылыми айналымға енгізу;
- құжаттардың ғылыми жинақтарын, жолсілтемелерді, анықтамалықтарды басып шығару;
Бүгінгі күні облыс архивтері ішкі мұрағат қорларын түгендеу және жүйелеу бойынша
және қажетті Тарихи деректер мен құжаттарды зерделеу үшін кең зерттеу топтарының
қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
«Архив-2025» бағдарламасы аясында барлық мемлекеттік мұрағаттарда құжаттарды
цифрлауды кезең-кезеңімен жүргізу жоспарлануда, ол үшін жоғары жылдамдықты сканерлер
мен басқа да жабдықтар сатып алынады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «құжаттардың бірыңғай
электрондық архиві» ақпараттық жүйесі іске асырылуда. 3 жылға есептелген жоба
тұжырымдамасына сәйкес жүйеге барлық деңгейдегі мемлекеттік мұрағаттар, орталық,
жергілікті және атқарушы органдар қосылатын болады.
Қарағанды облысының мемлекеттік архивінде 5 бөлім жұмыс істейді:
- құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімі;
- ҚР ҰАҚ қалыптастыру және ведомстволарды бақылау бөлімі;
- Құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімі;
- Аудиовизуалды құжаттар және ақпараттық технологиялар бөлімі;
- Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі.
http://www.gako.kz - Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының сайты
Әдебиеттер:
Архивтер // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. -
Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 108 б.
Архивтер // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы:
Атамұра, 2006. – 126 б.
***
Ағымбаев Е. Асқарлы міндеттер межесі // Орталық Қазақстан. - 2019. - 24 қаңтар (№ 8). - 6
б.
Амантаев Ө. Мұрағат істері мұқият жүргізіледі // Орталық Қазақстан.-2006.- 28 қаңтар.-3
б.
Архив ісінің келешегі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 21 қыркүйек (№ 104). - 2 б.
Архивистердің мерейтойы // Орталық Қазақстан. – 1997. – 20 желтоқсан
Әбдешова А. Құжаттар қоры - құнды дүние // Орталық Қазақстан. - 2017. - 12 қыркүйек
(№ 100). - 4 б.
Әлиман Ж. Жетекші тұлғаға - жеке қор // Орталық Қазақстан. - 2014. - 15 сәуір (№ 69). - 6
б.
Байкенжина Л. Заман сипаты - мұрағат құжаттарында // Орталық Қазақстан.- 2006.- 30
мамыр.-8 б.
Байкенжина Л. Құжаттар - өткен күннің шежіресі // Орталық Қазақстан. – 1996. – 12
қазан
81