Page 59 - kzd
P. 59

Омарбекұлы М. Ғалым. Азамат.Шежіреші. // Қарқаралы. - 2008. - 8 қараша.- 3 б.
                  Омарбекұлы  М.  Юрий  Попов  туралы  бір  үзік  сыр  //  Орталық  Қазақстан.  -  2008.  -  22
            қараша.- 7 б.
                  Оспанов С.  Әлихан және Қарқаралы // Орталық Қазақстан.- 2006.- 23 мамыр.-6 б.
                  Өскембаев Қ. Жақсының жақсылығын айт // Орталық Қазақстан.- 2005.- 13 тамыз.- 6 б.
                  Сардарбек К. Тарихқа қиянат жүрмейді: жаңғырық / К. Сардарбек, Ю. Г. Попов // Орталық
            Қазақстан. - 2011. - 19 ақпан (№ 28).- 4 б.; Тоқырауын тынысы. - 2011. - 18 наурыз (№11).- 4 б.
                  Шыныбектегі Қ.  Сарыарқаның сүйікті ұлы // Орталық Қазақстан.- 2005.- 4 тамыз.-7 б.
                  Ысқақова Қ. Қарқаралы тарихының жаңа беті... // Орталық Қазақстан. -2010. - 6 шілде (№
            108).- 4 б.
                                                    7 қараша 1932 - Облыстық тарихи-өлкетану музейінің
                                                    құрылғанына 90 жыл.

                  Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық
            өлкетану  мұражай  дәрежесіне  ие  болды,  ал  1964  жылдан  бастап  мұражайдың  атауы  тарихи-
            өлкетану деп өзгертілді.
                  Мұражайдың экспозициясы 1800 ш.м. құрайтын 14 залдан тұрады, қор сақтау – 190 ш.м.
            Сонымен қатар 60 орындық акті залы, «Dolby Digital» тарихи кино залы, «Бабалар бейнелері»
            компьютерлік  анимация  залы  бар.  Мұражайдың  кіре  берісіндегі  үлкен  залда  Қарағанды
            облысының физикалық-географиялық картасы көрсетілген, онда облысымыздың территориясы,
            халқы,  жөнінде  жалпылама  мәліметтер  берілген.  Қарағанды  облысы  Еуропа  мен  Азияның
            тоғысындағы қолайлы географиялық жағдайда орналасқан, облыстың жалпы көлемі 428,0 мың
            ш.км.
                  Мұражайдың  алғашқы  директоры  -  М.Бекметов  деген  азамат.  Жылдар  өткен  сайын
            Қарағанды мұражайының экспонаттары көбейіп, штаты толығьш, жұмысы өрге жүре бастаған.
            Қазір  қолда  бар  дерекке  қарағанда,  1936  ж.  мұнда  712  экспонат  болыпты.  Мұнымен  қоса
            мұражай қорында фотолаборатория, киноапарат, диапроектор және патефон болыпты.
                  Мұражай  қызметкерлері  Ұлы  Отан  соғысының  қарсаңында  облыс  территориясында
            археологиялық  экспедициялармен  сапарға  шығып,  тынымсыз  ізденіс  үстінде  жүріпті.  Соның
            нәтижесінде өте ескі  қорымдардан аса бай тарихи жәдігерлер табылып,  олар мұражайдың ең
            қымбат экспонаттарына айналған.
                  Осы  кезеңде  мұражай  қызметкерлері  республика  Ғылым  академиясының  тарих,
            археология және этнография институтымен тығыз байланыста жұмыс жүргізген. Жүйелі түрде
            тарих тұрмыстық экспедицяларды жолға шығарып, ел арасынан қолы епсекті шебер адамдарды
            іздестірген. Өздері де қазақтың ою-өрнек үлгілерін кеңінен зерттеп, жергілікті халықтың салт-
            дәстүрін жан-жақты қамтитын алуан түрлі экспонаттарды мұражай қорына тынымсыз іздестіру
            үстінде жүрген.
                  1950 жылдың ішінде Сарыкеңгір, Қаракеңгір, Сарысу өзендерінің бойына бірнеше мәрте
            арнайы  экспедициялар  ұйымдастырылды.  Облысымыздың  жерінен  палеолит  және  неолит
            дәуірлерінің ондаған көне ескерткіштері табылды.
                  1970  жылдан  бастап  біздің  осы  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайы  ғылыми-
            ағартушылық жұмыстарға да бет бұрды. Бұқаралық жиындар өткізіп, өлке шежіресінен жетік
            білетін  адамдармен  кездесу  кештерін  өткізу  жақсы  дәстүрге  айналады.  Мұнымен  қатар
            тақырыптық  кештер  мен  лекторийлер  де  мұражайдың  осы  бағыттағы  жұмысының  өзекті  бір
            саласы  ретінде  қалыптасады.  Сол  жылдары  мұражайда  бұрынғы  Одақтас  республикалардың
            көшпелі көрмесін ұйымдастыру да жарқын жаңалықтың бірі ретінде қабылданған.
            Бүгінгі таңда музей экспозициялары мынадай:
                «Кіріспе»  залының  экспозициясында  мұражай  қонақтары  мен  көрермендері  тәуелсіз
                мемлекет  Қазақстан  Республикасы  қабылдаған  негізгі  заңдармен,  қаулылармен  таныса
                алады.
                  «Жерде тіршіліктің пайда болуы» экспозициясы облысымыздың табиғи байлықтарының
            дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен және тауып алынған геологиялық және

                                                             59
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64