Page 63 - kzd
P. 63

өрнектеледі.
                  Ол кеңістікті құрғанда көлемді әдейі бөлшектеп, олардың әрқайсысын өзіне тиісті түспен
            бейнелейді. Соның нәтижесінде форма күшейіп, түстер соның белгісі болып қалады. Сырт көзге
            қарағанда  Қуаныш  Есіркеевтің  жұмыстары  сырттай  жансыз  болып  көрінгенімен  оның,  ішкі
            түстері, тарихи уақиғалардың көpіністері, мәдениет құбылысы, қоршаған ландшафтар бip қағым
            сәт пен мәңгілік арасындағы байланысты сипаттайды.

                                                       Әдебиеттер:

                  Есіркеев Қуаныш Райымқұлұлы (1947)  // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
            ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 234-235 б.
                  Есіркеев Қуаныш Райымқұлұлы // Сарыарқа суретшілері = Художники Сарыарки = Artists
            of  Saryarka:[альбом]    /  авт.  және  құраст.  Н.  Иванина;  қаз.  тіліне  аударған  Б.  Булгакпаева;
            ағылшын тіліне аударған Г.Кабыкенова. - Павлодар: ЭКО, 2006. - 163 б.

                                                            ***
                  Балкенов Ж. Шабыттың шаңқай түсі // Орталық Қазақстан. - 1997. - 29 қараша.
                  Бұлғақбаева Б. Әке жолын қуған // Орталық Қазақстан. – 1977. – 9 ақпан
                  Елубаева М. Қарағандылық Қастеев // Үш қоңыр. - 2021. - 7 мамыр (№ 18). - 1 б.
                  Иванина Н. И.  Қарағанды суретшілері // Жалын. - 1976. - № 4. - 154 б.
                  Қарағанды және қарағандылықтар // Арқа ақшамы. - 2021. - 11 ақпан (№ 6). - 11 б.
                  Мекеев Б. Бояулар бедері // Социалистік Қазақстан. – 1990. – 2 қыркүйек
                  Шаһар пейзажын ұсынды // Орталық Қазақстан. - 2017. - 16 қараша (№ 128). - 1 б.

                                                          15  қараша  1912  –  25  наурыз  1998  Жазушы
                                                          Жайық Бектұровтың туғанына 110 жыл

                  Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров
            1912  жылы  10  маусымда  Ақмола  уезінің  Моншақты  болысында  (қазіргі  Астана  облысы,
            Алексеев ауданы, “Үрпі” ауылы) туған.
                  1928 жылы ҚАССР-нің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген соң,
            Атбасар қаласында мұғалім болған.
                  Ол  1934  жылы  Қазақ  коммунистік  университетін,  ал  1955  жылы  Қазақтың  мемлекеттік
            университетін бітірген.
                  Ж.Бектұров  1932-1937  жылдары  комсомол  қызметінде  болған,  1937-1939  жылдары
            республикалық  “Лениншіл  жас”  жастар  газеті  редакторының  орынбасары,  «Социалистік
            Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған.
                  1939-1940  жылдары  Жамбыл  облыстық  газетінің  жауапты  редакторы,  ал  соғыс
            басталғанда дивизиялық газетінің редакторы болған.
                  1942  жылы  мамыр  айында  Ж.Бектұров  қамауға  алынып,  КСРО  НКВД-сінің  айрықша
            кеңесінің  шешімімен  РФСР  Қылмысты  істер  кодексінің  58-ші  бабымен  сырттай  он  жылға
            кесіліп,  Солтүстік  Оралға  жер  аударылды.  Жабылған  жала  тек  қана  1955  жылы  ҚазССР
            Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды.
                  Жайық Кәгенұлы елеуінші жылдары педагогикалық қызметте болды. 1958 жылдан бастап
            1989  жылғы  қыркүйекке  дейін  ол  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  Қарағанды
            облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды.
                  КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, КСРО
            және  Қазақстан  Журналистер  одағының  мүшесі,  Бүкілодақтық  географиялық  қоғамының
            мүшесі, партия мен еңбек ардагері Ж.К.Беқтұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған
            атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі.
                  Публицист Ж.К.Бектұров өзінің ауқымды да  бейнелі  сөздерімен Орталық  Қазақстанның
            көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадында қалдырды.



                                                             63
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68