Page 60 - kzd
P. 60
палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың
қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтер береді.
Экспозициядағы бағалы экспонаттар болып палеонтологиялық қазбалар, яғни, ежелгі
жануарлардың қалдықтары болып табылады: мамонттардың, исполин бұғысының мүйіздері
және т.б.
«Табиғат» залында облыс аймағындағы қазіргі уақытта кездесетін әртүрлі құстар,
сүтқоректілер, жануарлар көрсетіледі.
«Археология» залының экспозициясында облыс территориясындағы 600-ге жуық
тұрақтар мен қорғандарды зерттеген ғалым-археологтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі
(Майтан, Еңбексүйгіш, Беғазы-Дәндібай және т/б.). Қарқаралы тауларында зерттелген үңгірдің
макет-диорамасы алғашқы адамдардың өмірінен мәлімет беріледі. Батпақ 8, 12 тұрақтарынан
табылған құралдар алғашы адамдардың еңбек-құралдарымен таныстырады – нуклеустер,
қырғыштар, тескіштер, қысқыштар, шапқыштар таныстырады.
«Өнеркәсіптік Қазақстан және ортағасырлық пен кейінгі ортағасырлық мәдениет
және этнография» залы Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен таныстырады. ХІ-ХІІ
ғасырларда Қазақстан мәдениетінің гүлденген кезеңі. Экспозицияда қазақ даласының атақты
тұлғалары көрсетілген.
ЕлімізТәуелсіздік алғаннан бастап, халқымыздың тарихын қайта зерттеп, зерделеуге
мүмкіншіліктер туды – ол «XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы ұлт-азаттық
қозғалыс» залының экспозициясында көрсетілген. Қойылған мұрағат құжаттары мен
фотосуреттер XX ғасырдың 20-шы жылдарындағы мемлекеттің ірге тасын қалаушылары Алаш-
Орда қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Шоқай, Ә.Ермеков, М. Дулатов
және т.б. туралы мәліметтер береді.
«Облыстың мәдениеті» залының экспозициясы ХІХ-XX ғасырлардағы облыс
мәдениетінің дамуынан сыр шертеді.
«Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы» залы Қарағанды қаласының құрылу тарихына,
көмір бассейнінің дамуы мен өркендеуіне арналған. Зал экспозициясында 1920–30 жылдардағы
алғашқы геологтар А. А. Гапеев, З. П. Семенова, И. В. Орловтар туралы деректер берілген. 30-
шы жылдардағы бірегей суреттер, «Шатырлы қала», «Забойда» диорамалары Қарағанды
қаласын алғашқы құрушыларының тұрмысы мен еңбек жағдайын айқын көрсетеді.
«Қарлагтың тарихы және Ұлы Отан соғысы» залында 1931 жылы құрылған Қарағанды
еңбекпен түзеу лагерінің мұрағат құжаттары, фотоматериалдар, жәдігерлер сыр шертеді.
Қарағанды лагерлері құрылғаннан бастап, онда 47 ұлттың тұтқындары қамауда болған. Лагерь
картасы мен Қарлагта «халық жауы» ретінде тұтқында болғандардың материалдары назар
аударады. Олардың ішінде әйгілі саяси басшылар және қоғам қайраткерлері, ғалымдар,
суретшілер бар. Экспозицияда атақты ғалым – биофизик А. Л. Чижевский, әдебиетші,
аудармашы Эйхлер және т.б. туралы құжаттар бар.
«Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» залының экспозициялары біздің
жерлестеріміздің майдандағы және еңбектегі ерліктері туралы паш етеді. Соғыс жылдары біздің
өлкеден майданға 50 мың қарағандылықтар аттанған. Сталинград түбінде, Днепрді соғыспен
алған 77-ші артполкі Қарағандыда құрылған. 33 қарағандылықтар Кеңес Одағының Батыры
атағына ие, 9 адам Даңқ орденінің Ш-ші дәрежесінің иегерлері. Олардың ішінде Кеңес
Одағының батырлары Нүркен Әбдіров, Мартбек Мамыраев, Қазыбек Нұржанов және т.б.
Келушілер құжаттармен, фотосуреттермен, жауынгерлер хаттарымен, батырлардың жеке
нәрселерімен таныса алады.
«Қарағанды облысы Кеңес дәуірінде» залы Қарағанды облысының 1946–1990
жылдардағы даму тарихын көрсетеді. Осы кезде Қарағанды қаласы мен облыс Кеңес одағының
ең ірі өндіріс және мәдени орталығының біріне айналды. 1970 жылдан Қарағанды – КСРО-ның
үшінші кочегаркасы болды. Қарағанды шахталарында бірнеше рет көмір өндірудің
дүниежүзілік, жалпыодақтық, республикалық рекордтары жасалды.
Теміртау металлургиялық зауытының құрылысында тек Қазақстаннан ғана емес, бұрынғы
Кеңес Одағының барлық республикаларынан жастар келіп еңбек етті. 1960 жылы 3-ші шілдеде
60