Page 64 - kzd
P. 64

Ол республиканың әдеби ортасында кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның
            орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі.
                  Ж.К.Бектұров  өзінің  шығармашылық  және  ұйымдастырушылық  таланты  арқылы  облыс
            пен  республиканың  мәдени  өміріне  үлкен  үлес  қосты.  Ол  Қарағанды  және  Қарағанды
            облысының энциклопедиясын жасаушылардың бірі болды.
                  Оның  көп  жылғы  әрі  тынымсыз  еңбегі  көптеген  үкімет  наградаларымен  марапатталған.
            Жазушының  алғашқы  әдеби  сын  мақалалары,  эсселері,  өлеңдері  1928  жылдан  баспасөз
            беттерінде жариялана бастады. Көркем аударма саласында да қалам тартты.
                  Д.Дефоның      «Робинзон     Крузо»,    А.Чапыгиннің      «Степан     Разин»    романдарын,
            Л.Пантелеевтің  әңгімелер  жинағын,  Д.Львович,  Ш.Петефи,  Г.Серебрякова,  Я.Гашек
            шығармаларын қазақ тіліне аударды.
                  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  Г.Потанин,  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  Ә.Ермеков,
            Ә.Марғұлан тағы басқа да тұлғалар туралы естеліктер, әдеби портреттер жинағының авторы.
                  XX  ғасырдың  30-жылдарындағы  саяси  қуғын-сүргін  шындығын  ашық  жазып,  қоғамда
            әлеуметтік әділдік принципінің орнығуына ықпал етті.
                  Жайық  Бектұровтың  «Өткелдер»  өлеңдер  мен  поэмалар  жинағы,  «Ақиқаты  осы  еді»,
            «Таңба»,  қайтыс  болғаннан  кейін  «Енеден  ерте  айырылған  төл  секілді»  кітаптары  жарыққа
            шыққан.
                  1998  жылы  25  наурызда  сексен  алты  жасқа  қараған  шағында  журналист,  жазушы,
            Қарағанды қаласының құрметті азаматы Ж.К.Бектұров өмірден өтті.
                  Жазушы  қайтыс  болғаннан  кейін  Қарағанды  облысының  мемлекеттік  архивіне  жеке
            архивін  тапсырылды.  2001  жылдан  бастап  Қарағанды  облыстық  жасөспірімдер  кітапханасы
            жазушының  есімімен  аталады,  кітапханада  мемориалдық  мұражай-кабинет  ашылды.
            Н.Назарбаев даңғылындағы № 7 үйге мемориалдық тақта орнатылды.

                                                       Әдебиеттер:
                  Бектұров  Ж.  Алғыс  //  Алаштың  Ақселеуі:    Ақселеу  Сейдімбектің  өмірі  мен
            шығармашылығы / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
            және мұрағат комитеті; құраст. П. Өтепова. - Астана: Фолиант, 2012. - 73-74 б.
                  Бектұров  Ж.  Алыс  жылдардың  бір  дерегі  //  Алаш  Арысы  /  ред.  Ж.  Асан.  -  Алматы:
            ҚазАқпарат, 2011. - 49-66 б.
                  Бектұров Ж. Енеден ерте айрылған төл секілді.... - Алматы: Қазақстан, 2002. - 624 б.
                  Бектұров Ж. Жол жоралғысы: очерктер. - Алматы: Жазушы, 1977. - 85 б.
                  Бектұров Ж. Інімізге ізгі тілек // Нұрмахан Оразбек: ой-толғаныстар мен естелік-әңгімелер
            / құраст. Г. Оразалықызы. - Алматы: Қазақстан, 2017. - 163 б.
                  Бектұров  Ж.  К.  «Бір  борышымды  өтегендей  болып  отырмын...»  //  Егемен  Қазақстан.  -
            2002. - 31 шілде.
                  Бектұров Ж. К. Айтыс // Орталық Қазақстан. - 1988. - 29 мамыр.
                  Бектұров Ж. К. Ақын Ғабдиман // Советтік Қарағанды. - 1962. - 30 ноябрь (№ 283). - 3 б.
                  Бектұров Ж. К. Партия, соғыс және еңбек ардагері Н.Төкешевке ашық хат: [Тәттімбеттің
            сурет сыры туралы] // Ленин туы. - 1990. - 31 шілде.
                  Бектұров  Ж.  К.  Сәкеннің  соңғы  сәттері  //  Орталық  Қазақстан.  -  2004.  -  9  қазан.  -  7  б;
            Қасым. - 2012. - №5. - 3-30 б.
                  Бектұров Ж. Менің Сәкенім // Сейфуллин С. Көп томдық шығармалар жинағы; Қазақстан
            Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі Ақпарат жәңе мұрағат комитеті. - Алматы:
            Қазығұрт, 2004 - 13 т. - 2013. - 372-380 б.
                  Бектұров  Ж.  Менің  Сәкенім  //  Тұғыры  биік  тұлға:  зерттеулер,  естеліктер,  мақалалар  /
            құраст.: Р. М. Сейфуллина, Қ. Құсайынов; алғы сөз авт. Ғ. Жайлыбай. - Алматы: Үш Қиян, 2002.
            - 306-314 б.
                  Бектұров Ж. Өткел: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1991. - 80 б.




                                                             64
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69