Page 56 - kzd
P. 56

1983 жылы И. Иванов зейнетке шықты. 1992 жылы 30 наурыз күні қайтыс болды.

                                                       Әдебиеттер:
                  Иванов Иван Иванович (1922-1992) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.
            А. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. – 279-280 б.
                                                               27  қыркүйек  1937  -  Өлкетанушы  Юрий
                                                               Григорьевич Поповтың туғанына 85 жыл

                  Өлкетанушы  Юрий  Григориевич  Попов  1937  жылы  27  қыркүйекте  Қарағанды
            қаласындағы 18-бис шахта поселкесінде (халық арасында Копай-қала), күштеп жер аударылған
            отбасында өмірге келген. 1945-1955 жж. И.А.Крылов атындағы N3 мектепте білім алады. 1955-
            1960 жж. Қарағанды политехникалық институтта оқып, тау-кен инженері мамандығын алады.
            Алғашқы  жылдары  К.Горбачев  атындағы  шахтада,  ҚазССР  ҒА  ХМИ,  КНИУИ-да  істеп,
            Мәскеудегі  А.Скочинский  атындағы  ТКИ-дің  (ИГД)  сырттай  аспирантурасын  бітіреді.  1971
            жылы техника ғылымдары бойынша кандидаттық диссертация қорғайды.
                  Ю.Поповтың  мамандығы  тау-кен  инженері  болғанымен  өмір  бойы  біздің  өлкеміздің
            тарихын, шежіресін зерттеп асқақтауда үлкен еңбек еткен ғалым-өлкетанушы. Өлкетанушылық
            зерттеу  тақырыбының  негізгі  бағыты  Орталық  Қазақстанның  елді  мекендер  мен  қалалар
            тарихы, топонимикасы, табиғаты, жер байлығы, қызықты оқиғалар, индустриаландыру, белгілі
            жерлестер тағылымы т.б. Тек қана Ю.Поповтың қаламынан бүгінге дейін өлкеміз жайлы 60-тан
            астам  қазақ-орыс  газет-журналдарында  жарияланған  2600  мақала,  әр  түрлі  тақырыптарда
            жазылған 50 - ге тарта жеке кітап жарық көрді. Ол Қарағанды облыстық телеарнада «Жолдар
            шақырады»  туристік  бағдарламаны  жүргізген  және  «Сарыарқа  көкжиектерінде»  (1994)  атты
            арнайы бағдарламаны ұйымдастырушысы.
                  Сарыарқаның  белгілі  және  белгісіз  тұлғаларының  тағдырларының  бет-бейнесін  ашып,
            оларды халқына қайта табыстыруда үлкен еңбек еткен зерттеушісі. Мысалы, өлкетанушылық
            іздестіру  жұмыстары  барысында  ол  Қазақстан,  Ресей  жерлеріндегі  үлкенді-кішілі  (Мәскеу,
            Санкт-Петербург, Омбы, Новосібір, Алматы, Қарағанды т.б.) архивтерді аралап жерлестеріміз
            Қ.Сәтбаев,  Ш.Уәлиханов,  А.Құнанбаев,  М.Пришвин,  Н.Потанин,  С.Марков,  С.Русаков,
            Ә.Бөкейханов,  Ә.Ермеков,  С.Ерубаев  т.б.  жайлы  қызықты  да,  бізге  беймәлім  құжаттарды
            жинақтап, жарыққа шығаруға үлкен еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде бүгінде Қарағанды
            қаласының орталық кітапханасыныңдағы өте сирек кездесетін қорда Қазақстан жайлы Ресейдің
            әр  түрлі  ғылыми  орталықтарынан  әкелінген  100  -  дей  кітап  жинақталған.  Сонымен  бірге,
            облыстық мемлекеттік архивте Ю.Поповтың көп жылғы еңбектеріне арналған жеке қор бар.
                  Кезінде Қазақстан жайлы «Солнечный пленник» (Центрнаучфильм, 1989), «Жоғалған ұл»
            (1991),  «Неторопливый  Торопец»  (ОРТ,  2000),  «Ленинград-Қарағанды»  (1968),  «Струны
            столетий» (1990) т.б. түсірілген деректі фильмдердердің шығуына ықпал жасаған.
                  Ю.Поповтың  әсіресе,  Қарқаралы  өлкесінің  тарихын,  өлкетануын  зерттеуде  қосқан  үлесі
            өте  зор.  Оның  ішінде  атап  өтетініміз  «Каркаралинские  узоры»,  «Каркаралинские  находки»,
            «Свидание с Сарыаркой», «Қарқаралы», «Жемчужина Казахстана» т.б. кітаптары.
                  Ю.  Г. Поповтың өлкетану материалдары Балқаш, Теміртау мұражайларында, Қарағанды
            облыстық мұрағатында, Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында барлығы 500 – ге жуық құжат
            сақталған.
                  1994  жылдың  қазан  айында  Ю.  Г.  Попов  Қазақстаннан  Тверь  облысына  кетті.  2003
            жылдың  қараша  айынан  бастап  Санкт-Петербургте  тұрады.  Ресейдің  қалалары  мен
            аймақтарының  тарихымен  айналысады.  Өлкетанушының  қатысуымен  генерал  А.  Н.
            Куропаткинге  ескерткіш  орнатылды,  Красносельдегі  ғибадатхананы  қалпына  келтіру  және
            Торопецте  Патриарх  Тихон  мұражайын  құруына  ат  салысты.  Ю.  Г.  Поповтың  Ресейдегі
            өлкетану  қызметі  «Лиза  из  Волока»  кітабы  үшін  жыл  сайынғы  М.Е.  Салтыков-Щедрин
            атындағы әдеби сыйлығымен марапатталды.
                  Юрий Григорьевич Попов А.Л. Чижевский атындағы «Гелиос» ғылыми-ағарту қоғамының
            құрметті мүшесі.

                                                             56
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61