Page 61 - kzd
P. 61

№  1  домна  пеші  алғашқы  Қазақстан  шойынын  берді.  Бұл  күн  Қарағанды  металлургиялық
            комбинатының туған күні болып саналады, экспозицияда осы домна пешінің макеті берілген.
            Тарихи  шойын  қорытуда  жас  металлург  Нұрсұлтан  Назарбаев  –  болашақ  Қазақстан
            Республикасының Президенті қатысты.
                  Экспозиция  материалдары  Қазақстанда  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру
            жұмыстарының материалдары қойылған. Соның нәтижесінде Қазақстанда 1 млн 232 мың га жер
            игеріліп, 16 ірі жаңа кеңшарлар салынды.
                  «Ғарыш залы» біздің жерлесіміз, қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы Кеңес Одағының
            Батыры,  Халық  Қаһарманы  Тоқтар  Әубәкіровке  арналған.  1991  жылы  2  қазанда  Тоқтар
            Әубәкіров  кеңес-австрия  экипажының  құрамында  ғарышқа  ұшты.  Көрушілер  халықаралық
            ғарыш стансасының макетін ашық ғарыш шебінде көріп қызықтайды. Экспозицияда сонымен
            қатар  Тоқтар  Әубәкәровтың  ғарышқа  аттанар  алдындағы  фотосуреттері,  жеке  нәрселері,
            авиация құралдары қойылған. Қарағанды облысының аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш
            айлағының – бірегей ғылыми-техникалық комплексінің материалдары да қойылған.
                  «Тәуелсіздік  Қазақстан  кезіндегі  Қарағанды  облысының  дамуы»  залының
            экспозициясында  реформа  жағдайындағы  орта  және  кіші  бизнестің,  халыққа  білім  беру
            жүйесінің, денсаулық сақтау, қаржы мекемелерінің дамуы туралы материалдар қойылған.
                  ҚР  Тұңғыш  Президентіне  арналған  көрме  залының  экспозициясында  Егеменді
            Қазақстанның  Тәуелсіздігінің  15  жылғы  сыртқы  және  ішкі  саясаты  бейнеленген,  Үкіметтің,
            Парламенттің,  ҚР  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  жұмыстарын  айқындайтын
            материалдар  қойылған.  Жаңадан  ашылған  «Бабалар  бейнелері»  залында  профессор  М.  М.
            Герасимовтың әдістемесі бойынша бас сүйектің бет пішінін қалпына келтіру арқылы әрбір бас
            сүйекке «тірісіндей» пішін берілген. Компьютерлік анимация нәтижесінде «тірілген» адамдар
            белгісі  тарихи  оқиғалар,  діни  түсініктемелер,  өз  тайпасының  мінез  ерекшеліктерін,
            мәдениетінің сол кездегі әлеуметтік құрылымы туралы түсініктеме береді.
                  Витриналарда Қазақстанның ежелгі тайпаларының материалдық мәдениетін сипаттайтын
            қару-жарақтар, үй тұрмысы құралдары, әшекейлер, қыш ыдыстары қойылған.
                  Музейде  тақырыптық  экскурсиялар,  кештер,  өлкетанушылармен  кездесулер,  дөңгелек
            үстелдер өткізіледі. Шахтер күніне, қоршаған ортаны қорғау күніне және басқа да тарихи және
            атаулы күндерге орай Орталық мәдениет және демалыс саябағында мұражай ұйымдастыратын
            жылжымалы  көрмелер,  мерекелер,  викториналар  дәстүрге  айналған.  Музей  облыстық
            әдістемелік орталық болып табылады. Жыл сайын мұнда ғылыми қызметкерлердің біліктілігін
            арттыру және қайта даярлау облыстық курстары, семинарлар өткізіледі.
                  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  мұражай  қызметінің  негізгі  басым
            бағыты  мәдени-тарихи  мұраны  сақтау  болып  табылады.  Бүгінде  тарихи-өлкетану  музейі
            «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Мұражайды
            дамыту қоғамды топтастыруға және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, халықты рухани
            мәдениет  қазынасына  тартуға,  адамгершілік  және  эстетикалық  тәрбиеге  жәрдемдесуге
            бағытталған. Пандемия кезінде музей онлайн форматта музейдің ғылыми-зерттеу, т.б. қызметін
            жалғастыруда.

            http://museum.karaganda.kz/index.php/ru/muzei/kar-obl-muzey  -облыстық  тарихи-өлкетану
            мұражайы.
            http://www.karagandatour.kz/what_to_look/museum_karaganda_area/
            wikipedia.org/wiki/Қарағанды_облыстық_тарихи-өлкетану_мұражайы
            https://www.youtube.com/watch?v=WvRwnVSapQs
                                                          Әдебиеттер:
                  Қарағанды  облыстық  тарихи-өлкетану  музейі  //  Сарыарқаның  мәдениеті  және  өнері  =
            Культура  и  искусство  Сарыарки  =  Culture  and  Art  of  Saryarka:  фотоальбом.  -  Қарағанды:
            Эдельвейс, 2010. – 122 -157 б.
                  Музей тарих айнасы / Қарағанды облысының Мәдениет басқармасы, Қарағанды облыстық
            тарихи-өлкетану музейі; құраст. М. Орыспаева [и др.]. - Қарағанды: Гласир, 2012. - 191 б.

                                                             61
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66