Page 54 - kzd
P. 54
он төрт шақырым жер. Ол осы қашықтықты жаяу жүріп өтпек болды. Бәрібір мына түрімен
тракторды от алдыра алмас еді. Жүріп келе жатып сүрініп құлай берді, бірақ бұған аяушылық
жоқ. Тек қайта түргеліп алға жылжи берді.
Бұл жерді бұның әрбір клеткасы біледі. Сондықтан ол дала қосына тура, ең қысқа жолмен
келе жатты. Осылай үш шақырымдай жүрді. Он төрт шақырымды жүріп шығатын еді, бірақ
төбешік астынан комбайн көрінді. Владимир оған мән бермеді, не шақырған жоқ, не қол да
бұлғаған жоқ, алқапта комбайнның жүруі үйреншікті нәрсе. Белгіленген жолмен жүріп келе
жатты, бұрынғысынша құлап та алады, бірақ қайтадан тұрып алға жылжи береді. Ал,
комбайншы Николай Мақан мынау қорқынышты да таңқаларлық сұлбаны көріп бұрылды.
Бұрылғанда да жолын кес-кестеп бұрылды. Жақын келіп бригадирді танып қарғып түсті. Үсті
қап-қара болып күйген бұған қарай тұра ұмтылды.
– Тоқта! – деп айғайлап жіберді. Владимир қолдарын сермей. Ауыр болады. Осылай тік
жүре бер, сонау жерде Грибов Коля жатыр. Ол жанып кетті.
– Оған машина жіберейік, – деді жалбарына Мақан. Одан да бригадаға жетейік.
– Сөйтті де Владимирге жақындады, бірақ ол мұны тоқтатты:
– Өзім!
Мақан жәшіктен мақталы кеудеше алды да жерге жайғастырды. Владимир өзі киіп жатып
жайғасты. Комбайн он бір шақырым бойы жоғарғы жылдамдықпен жүріп отырды. Мақан
бригадирге ауық-ауық көз тастап қояды. Шамасы өліп қалады ма екен деп қорқатын болуы
керек. Дала қосына келгеннен кейін де ешкімді жанына жолатпады, өз бетінше үйге кірді де
керуетке жатты. Денесін күнбағыс майымен сылауын өтінді. Бірақ бұл кезде газикпен аға
агроном Владимир Иванович Рогов келіп жеткен еді. Котешковты матрасымен бірге көтеріп
машинаға жайғастырды, сосын ауруханаға алып кетті.
Ауруханаға дейін жиырма шақырымнан астам жер. Владимир Котешковтың өмірі үшін
нағыз күрес басталды. Дәрігер Райса Петровна Панкратоева институтты бітіргенге дейін
Қарағандыда опарация бөлімінде аға медбике болып істеген еді. Ол күйік аурулары жөнінде
тәжірибесі мол маман. Ең алдымен не істеу керек екенін білді. Әуелі өлімге әкеп соқтыратын
зақымды жеңілдету. Барлық тәжірибені, әдісті асқан біліктілікпен, асқан ептілікпен орнымен
жұмсау, ешқандай уақыт оздырмай науқасты сандырақ күйден құтқару керек болатын. Мұның
бәрін ол орындады. Күнделікті істеп жүрген әдіспен бірде бір процедураны орындамау мүмкін
емес. Мысалы дәріні тамырға қалай айдайсыз? Сау қолдың тамыры әрең табылады, ал күйген
қолдың тамыры ше? Оның да жолы бар екен, тізе тұстан теріні ашып, тамырды тапқан соң
дәріні жібересіз. Әрине, бұл үшін арнаулы система бар.
Жараны емдеу. Тіпті бұлай да айтуға болмайды. Бұл жерде әңгіме денені тұтас жайлаған
жара туралы. Бұл күйік үшінші, төртінші дәрежелі күйік, яғни жетпіс пайыз. Ал, жалпы аумағы
сексен бес пайыз. Аман қалған жерлері көкіректің жоғарғы тұсы мен тобықтың маңайы.
Котешков ауруханаға сағат бесте жеткізілді.
Ал, науқастың жанында болған Райса Петровна мен тәжірибелі медбике Эмма Ивановна
Кайзер таңғы алтылар шамасында қайтты. Валя Трейер мен Валя Борисова сияқты медбикелер
кезекпен көмектесіп тұрды. Құйылатын дәрінің дәл мөлшері, оның реті мен уақыты аралығы
мүлтіксіз дәл әрі нақ орындалып отырды.
Сол күні науқастың қасында ауданның бас дәрігері Дмитрий Александрович Кулагин
болды. Арнаулы ұшақпен Қарағандыдан хирург Петр Михайлович Нежинов ұшып келді.
Қарағандыдан Мәскеуге ұшақпен жеткізілді. Бірнеше күн өткен соң СССР медицина ғылымы
күйік емдеу орталығының мамандары ем мен шаралардың дұрыстығына жақсы баға берді.
Алдын ала болуға тиіс шаралардың бәрі жасалды. Өкпенің қабынуы, қанның таза болуы
тағы басқа...
–. Бірақ, дененің тұтастай терісін ауыстыру медицина үшін әлі ерте еді.
Владимир Дмитревич Котешков Мәскеуде қайтыс болды. Мәскеудегі Пятницкий
қорымында жерледі.
Николай Грибовты Щербаков селосында жерленді.
Бұл ерліктері ертегі сияқты дәуір айдынында мәңгі жасай береді.
54