Page 52 - kzd
P. 52
өндірістік бірлестігінің бастығы, 1987 – 91 жылдары КСРО геологиялық минералдық Каспий
аймақтық өндіріс бірлестігінің бастығы, 1992 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазҰТУ геофизика
кафедрасының меңгерушісі болды.
Т. Ақышевтың негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геофизика саласына арналған.
Ғалымның тікелей қатысуымен көптеген ірі кен орындары: Ұзынжал қорғасын, мырыш,
Көктенкөл молибден, вольфрам, Құмадыр, Қосағалы мен Тұяқ темір, Қызылтас мыс, Жүнді
қорғасын, күміс, Шу - Сарысу газ, т. б. ашылды. Каспий ойпатынан 2000-ға жуық мұнай мен газ
көздері құрылымдарының орны анықталып, бұрғылауға дайындалды. 1968 – 83 жылдары
Қазақстанның металлогениясы мен басты тау - кен аймақтарын кешенді зерттеудегі ғылыми
еңбегі үшін 1985 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы, Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен
орнын барлау жұмыстарына қосқан үлесі үшін 1989 жылы Ақышевқа КСРО Министрлер
Кеңесінің сыйлығы, берілді.
Ол өндірісті ғылыммен ұштастырып, А.Әл-Машанимен бірлесіп «Қазақстанның тас, қола
дәуірінің мирастары» аталатын тарихи-этнографикалық еңбек жазды.
200-ден астам ғылыми еңбектің, 8 монографияның, 11 геологиялық картаның авторы.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның «Алтын
кітабына» енген.
Ғалым 1999 жылы 25 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Ақышев Т. А. Қазақстанның тас-қола дәуірі мирастары] / Т. А. Ақышев, А. Ж. Әл-
Машани. - Алматы: [б. и.], 1996. - 174 б.
Т.Ақышев туралы әдебиеттер:
Ақыш Төкіш (Төлепберлі Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 111 б.
Ақыш Төкіш (Төлепберлі) // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. 1 т.: А - К. - Алматы:
Қазақ энциклопедиясы, 2009 – 86-87 б.
Қазақ энциклопедиясы: энциклопедиялық аңықтамалық / бас. ред. Ж. Тойбаева; құраст-
авт.: Ғ. Жандыбаев, К. Қошым-Ноғай, Ғ. Егеубаева. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. -
367 б.
***
Абдрахманов О. Ақтоғай ардақтылары // Орталық Қазақстан. - 2018. - 16 тамыз (№ 90). - 5
б.
Қашқынов Ж. Еңбек торысы: ғалым-геолог Т.Ақышев туралы // Орталық Қазақстан. -
2000. - 6 қыркүйек.
Халиолла М. Жүрек алауы: жер-ананы иіткен геолог-ғалым Т.Ақышев туралы толғаныс /
Халиолла М. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 14 шілде. - 5 б.
6 қыркүйек 1962 – «Отты тракторшылар»
ерлікпен опат болуына 60 жыл
Нұра ауданының тарихында батырлықтың жарқын үлгісі боларлық оқиғалар бар. Олардың
ішінде осы жылы 60 жыл толатын «отты тракторшылардың» ерлігі бар. Бұл 1962 жылы
қыркүйекте Щербаковский ауылының маңында болған Нұра ауданы тарихының ең батырлық
және қайғылы беттерінің бірі.
Егін жинау кезінде «Щербаковский» және «Нұра» екі совхоздарының арасында өрт
шықты. Өрт Владимир Дмитриевич Котешков басқарған «Щербаковский» совхозының № 1
бригадасының бағытына қарай жылжыды. Бригада қатарында Молдавиядан келген жас
механизатор Николай Грибовта бар. Ол егістік даласында тракторын жөндеп, жұмысына
даярлады. Далада оттай ыстық аптап тұрды. Өрт шықты. Алыстан қарағанда бұл қызыл із
тастап келе жатқан комета тәрізді болатын. Енді бұл жалын ұзындығы 5 шақырымға жететін
отқа айналған тізбек десе болар еді. От тізбегі ұлғая келе, бар күшімен совхоз егістігіне қарай
жылжыды. Бригадир Владимир Дмитриевич Котешков өз иелігіндегі жерді трактормен аралап
52