Page 53 - kzd
P. 53

жүрген.  Егін  жинау  науқаны  аяқталуға  таяу.  Орылып  болмаған  бір  бөлек  қана  жер  бар  еді,
            шамасы мың гектар. Көкжиектен ұзына бойы жалын көрінеді, бұл сол жаққа қарай асықты. Бұл
            жердің шекарасында трактор тұрды. Тракторист жерге қарғып түсті де, соқаға жүгіріп барып,
            бірденені  бұрады  да  трактормен  келе  жатқан  Котешковқа  қарай  бұрылды.  Бұл  Коля  Грибов
            болып шықты. Мынау қорқынышты минутта оның немқұрайлы күйі мұны таң қалдырды. Бір-
            екі ауыз сөзден кейін олар үнсіз түсіністі. Олар егістіктен кетуге тиіс емес. Бұл олардың наны,
            сол сияқты жолдастарының да наны. Владимир соқаға отырды. Бұл жер қауіптірек. Ал, Коля
            трактордың кабинасына барып отырды. Оң жақта 6 шақырымдай жерде жалын лаулап жатты.
            Ал, сол жағында желдің күшімен бидай бастарын жерге сабалап тұрды. Трактор тіп-тік жылдам
            жүріп келе жатты. Владимир соқаның тісін терең де қылмады. Бұл моторға күш түсірмеу үшін
            еді. Таяз да қылмады. Өйткені, қалай болғанда да жер қыртысы аударылу керек. Жыртылған
            жерге енді жүріп өтуге тиіс жерді жақындап отқа қарап үлгере алатындықтарын түсінді. Мынау
            оттың  толқыны  жақын  кеп  қалды.  Тіпті,  жылдамдығы  күшейген.  Егістіктің  аяғына  дейін  бір
            шақырымдай. Ар жағы зябь болып жалғасады. Жеңіске бірнеше минут қалды. Біресе ирелеңдеп,
            біресе  жер  бауырлап,  біресе  телеграф  бағандарының  биіктігіндей  көтеріліп,  тоғызыншы  вал
            желдің әсерімен күшейіп келе жатты. Енді жалын қиғаштай жылжыды. Ұзындығы соншама сол
            қанаты  әлі  алыста  болатын.  Ал,  оң  жағы  тракторшілерге  жетіп  қалды.  Олар  өз  беттерінше
            әрекет етті. Қолдарынан келген барлық амалдарды жасады. Ажалмен бетпе-бет келген сәтте кім
            болса да алқаптан кетіп қалуға тиіс еді. Бірақ, бұл жерде басқа логика күштірек болды. Ол –
            жүрек әмірі. Олар кетпеді, кете алмады. Ендігі күрес адам қолымен жасалған еңбек қана емес,
            оның аман қалу жолындағы намыс үшін еді. Бұл жер мыңдаған жылдар бойы жатқан жер, енді
            адамның қолымен игерілген жерлер. Тракторшілер астық алқабымен қатар жатқан жолмен келе
            жатты. Ал, жалынның толқыны оларға қиғаш жүрді. Арт жағындағы от толқыны мана жыртқан
            бороздадан өтіп кетті де, қатар жатқан екінші бороздаға түсіп, басылып қалды. Владимир өзі
            жалынмен  жағаласып  жүріп,  Коляның  тракторға  түскен  шоқтарды  таяқпен  түсіріп  жатқанын
            көзі шалып қалды. Жалынның тізбегі жыртып кеткен бороздаға жетіп басылып қалып жатыр.
            Бұл  тізбек  трактордың  алдынан  өтіп  кете  алмаса  да  үнемі  тақалып  келеді.  Сәл  ғана  болмаса
            шарпып кетердей. Жыртылған егіске 100 метрдей қалғанда оттың шоғы Владимирдің арқасына
            келіп түсті. Ол оны қағып тастағанымен киім лапылдап жана берді. Үстіндегі куртканы жыртып
            жатып алдына көз тастады. От трактордың алдын кесіп өтеді. Бұл шамамен 10 метрдей жер.
                  Онда  өрт  әрі  қарай  егіске  өтіп,  өсіп  тұрған  бидайды  шарпиды.  Ол  үстіндегі  киімдерін
            шешіп лақтыра бастады. Ал, Коля тракторды оттан қорғаштап жүр. Коля оған бұрылып қараған
            кезде Владимир бірдеңе деп  айғайлады. Естімесе де түсінді. Тракторды күрт солға бұрды да
            борозданы  манағы  бороздаға  қосып  жіберіп,  жалынның  алдын  алу  керек  еді.  Владимир
            куртканы лақтырып үлгергенмен, шалбарды шеше алмады. Саусақтары күйіп қалыпты. Егістік
            шетінен  3  метрдей  жерден  қарғып  түсті.  Құлап  бара  жатып,  трактордың  ескі  бороздаға,
            борозданың қосқанын көрді. Сөйтіп жалынның жолы бөгелді. Коля да ыршып шықты, шамасы
            бұған  көмекке  жүгірген  болуы  керек,  бірақ  өзі  түгел  жалынға  оранды,  өйткені  үстіндегі  май
            сіңген комбинизон еді. Владимир оған тұра ұмтылды, ал Николай отқа оранған күйі айдалған
            жермен жүгіре жөнелді де құлап түсті, үстіндегі отты сөндіруге шамасы жоқ еді. Котешковтың
            үстіндегі шалбар түгелімен жанып кетті, алақанынан иығына дейін күйік шалды, кейбір жерлері
            күйіп,  көмірге  айналып  кетіпті.  Коляның  комбинизоны  шешіле  қоймады.  Енді  ол  жерді  екі
            қолымен  тырналап,  жолдасына  топырақ  шаша  бастады,  әйтеуір  от  сөнді.  Бірақ  кеш  еді.
            Владимир  Коляның  алдында  тізерлеп  отырды,  түріне  мұқият  қарады,  сосын  бетіндегі
            топырақтарды асықпай түсірді. Содан кейін орнынан тұрды.
                  Ол алысқа көз тікті, қарайып көрінген шексіз дала сонау көкжиекке дейін созылып жатыр.
            Жаңа ғана өздері сөндірген өрт осы жақтан келді. Осы күресте жолдасы жаңа ғана қаза тапты.
            Кері бұрылған кезде алтын тәріздес жайылған бидай алқабы сонау көкжиекке дейін созылып
            жатты. Тып-тыныш, бірде бір бидай сабағы қозғалмайды. Тек қана күн күйіп тұрды. Владимир
            басындағы әскери фуражкасын қағып түсірді, оның да маңдайшасы жанып кетіпті, аяғындағы
            туфлиін де лақтырып тастады да айдалған жермен әрі қарай жүре берді. Ол тыржалаңаш, үсті
            күйіктен қарайған, күннің астында оның ыстықтығын да сезбей жүре берді. Дала қосына дейін

                                                             53
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58