Page 9 - kush_atasy
P. 9

қарсы  алып,  зор  құрмет  көрсеткен  қарапайым  халқын  тамашаға  кенелтіп,
                  таңғажайып цирк өнерін көрсеткен.

                                      Балуанның Ұлы Отан соғысына көмегі...

                         1940  жылы  Қажымұқан  халық  алдында  соңғы  рет  өнер  көрсетуге
                  шығады.  Бірақ  Ұлы  Отан  соғысы  басталғаннан  кейін  Патриот  ағамыз  ел
                  басына  ауыр  күн  туған  Отан  соғысының  отты  жылдарында  жасының  егде
                  тартып  қалғанына  қарамастан,  тағы  бір  ерлік  іс  жасайды.  Ол  белін  бекем
                  байлап,  ел  аралап,  өнер  көрсетіп,  одан  жинаған  қаржыға  ұшақ  жасатып,
                  майданға жіберді. Сөйтіп, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосады. 1944 жылдың 29
                  қыркүйегінде  Мемлекеттік  Қорғаныс  комитетіне  жолдаған  хатында
                  Қажымұқан:  «Біздің  қаһарман  қызыл  Армия  сүйікті  Отанымыздың  жаңа
                  аудандарының бірінен соң бірін фашист басқыншыларынан азат етіп, неміс-
                  фашист  басқыншыларына  қирата  соққы  беріп  жатқан  күндерде  мен,
                  өмірімнің  елу  бес  жылын  спортқа  арнаған  балуан,  Жеңіс  күнін  жақындату
                  үшін  еңбекпен  тапқан  100  мың  сом  табысымды  Қорғаныс  қорына
                  тапсырдым»,  –  деп  жазған.  Қажымұқанның  хатына  Мемлекеттік  Қорғаныс
                  комитетінен  жауап  жеделхат  келді.  Онда  былай  делінген:  «Оңтүстік
                  Қазақстан  облысы,  Шәуілдір  ауданы,  «Ақтөбе»  колхозы,  Қажымұқанға:
                  «Қызыл  Армияның  әуе  күштеріне  көрсеткен  қамқорлығыңыз  үшін  менің
                  сәлемдемемді,  алғысымды  қабыл  алыңыз,  жолдас  Қажымұқан.  Тілегіңіз
                  орындалатын болды. И.Сталин».
                         Сөйтіп, балуанның жинаған қаржысына өзі жас кезінде бірінші кәсіби
                  күресін бастаған  Қазан  қаласында ұшақ  жасалады. Бұл  ұшақ  1945  жылдың

                  бас  кезінде  1-ші  Белорус  майданындағы  284-ші  авиация  701-ші  түнгі
                  бомбардировщиктер  авиаполкінің  құрамында  шайқасып  жүрген  қазақ
                  ұшқышы Қажытай Шалабаевқа табыс етіледі. Ол Қажымұқан сыйға тартқан
                  ұшақпен 120-дан астам жауынгерлік тапсырма орындаған. Ақырында, әскери
                  әуе  күштерінің  басқа  да  машиналарымен  бірге  1945  жылы  24  маусымда
                  Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысады.

                                                        Марапаттары

                         Қажымұқан Мұңайтпасұлы 28 мемлекетте өнер көрсетіп, 50-ден астам
                  медаль  жеңіп  алған  деген  дерек  бар.  Ол  наградаларының  бәрін  сақтай
                  алмады. Мәселен, Рига қаласында жүргенде әкесінің қайтыс болғанын естіп,
                  жолға ақша іздеген екен. Сөйтіп, медальдардың жартысына жуығын атақты
                  балуан Вейланд-Шулцке тастап кеткен.
                         Наградалардың  ішінде  сан  алуан  мемлекеттердің  бірінші  басшылары
                  берген  медальдар  да  көп  болған.  Мысалы,  парсы  чемпионы  Машрутты
                  жеңгені  үшін  Персия  шахы  Қажымұқанды  «Алтын  Арыстан  мен  Күн»
                  орденімен марапаттаған.
                         Бұдан  бөлек,  жапон  балуаны  Саракики  Джиндофуді  жеңгені  үшін
                  Манчжурияның            «Қайырымдылық»            орденін       алады.      1927      жылы
                  Денешынықтыру  мен  спортты  дамытуға  сіңірген  еңбегі  үшін  Қазақ
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13