Page 7 - kush_atasy
P. 7
Аңызға айналған күрес
Қажымұқанның жапон балуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-
жегі әлі күнге аңыз болып айтылады. Француз күресінен ресми чемпионат
аяқталғаннан кейін Саракики кілемге шығып, джиу-джитсудан кез келген
балуанды жеңе аламын деп жиналған спортшыларды жекпе-жекке
шақырады. Күрестің бұл түрінде ешбір ереже болмайды екен, балуандар кез-
келген жерінен ұстасып, шамасы келсе жұлып тастауына да болады. Алаңға
ешкім шықпайды. Сонда «жығылсаң нардан жығыл, деген бабамыз» деп
Қажымұқан атып шығады. Жекпе-жек кезінде Саракики қазақ балуанының
құлағы мен астыңғы ернін жыртып жіберген. Соған қарамастан, Мұқан
жапон балуанын алып ұрып, жерге жығады. Осы жекпе-жектен кейін
Саракики қайтыс болған. Біреулер жүрегі тоқтап қалды десе, енді біреулер
жынданып өлген дейді. Осыдан кейін көп балуанның жүрегі шайылығып
қалған көрінеді. Өйткені, «Біздің арамызда дене бітімі және күшімен қазақ
балуаны Қажымұқан ерекше. Оның иығы кең, орасан зор күш иесі болды.
Балуандардың көбі одан қорқатын және күрескісі келмейтін», – депті әйгілі
балуан Николай Турбас өзінің бір естелігінде.
Қажымұқанның бойы, салмағы қанша болған?
Қажымұқан тұратын үйде қонақта болған филолог- ғалым Әуелбек
Қоңыратбаев балуанның физикалық өлшемдерін жазып алған. Сол кезде 75
жастағы балуан жалаңаш тұрғанда 174 келі тартқан. Шалбарының өзіне үш
метр мата, көйлегіне 6 метр сұрып кетеді екен. Бойы – 195 сантиметр,
төбеден белге дейін – 77 сантиметр, белінен аяғына дейін – 118 сантиметр.
Кеудесі – 146 сантиметр, кіндік тұсы – 173 сантиметр, жуан қара санының
қалыңдығы – 71 сантиметр, сан жілігінің ұзындығы (жамбастан тізеге дейін)
– 65 сантиметр, балтыр – 49 сантиметр, балтырының ұзындығы – 58
сантиметр, табаны – 35 сантиметр, аяқ киімі – шамамен 54-ші өлшем.
Шалбарының белдігі – 220 см., жауырынының жалпақтығы – 60 см., қолтық
еттің қалыңдығы – 50 см., қар еті – 47 см., екі иығы – 56 см., мойын
жуандығы – 56 см, саусақ басынан білекке дейін – 25 см, ортаңғы саусақтың
ұзындығы – 14 см, саусағының жуандығы – 10 см, білек жуандығы – 2,75 см,
самайы – 9 см, жақ ұзындығы – 24 см, мұрын ұзындығы – 7 см, құлақтың
айналасы - 10 см. шығыпты. Мұқан теңдессіз күштің иесі болғанына мына
бір оқиға дәлел. Бірде Балуандарға үлкен сейфті апарып тастау өтініші түсті.
Жолдастарының бұл жұмысты атқара аламай жатқанын көрген Мұқан арқан
жіптің көмегімен сейфті арқасына салып алып, екінші қабатқа көтеріп
кеткен. Сонда сейфтің салмағы 450 келі болған.
Лақап аттары
Қажымұқан Мұңайтпасұлы лақап аты көп болған. Өйткені Ресей оны
бұратана халықтан шыққанын айтқысы келмеген деседі. «Ямагата
Муханура», «Қара Иван», «Қызыл маска» деп атаған. Мәселен, «Муханура»
деген лақап атты Қажымұқанға Иван Лебедев қойған. Ал «Қара Иван» деген