Page 6 - kush_atasy
P. 6

чемпионаттың  күшті  балуандарының  бірі  –  А.Злобин:  «Көрермендер
                  арасында күрескісі келетін адам бар ма?» - деп сұрайды. Ортаға Қажымұқан
                  шығады.  18  минутқа  созылған  белдесуде  орыстың  кәсіпқой  балуаны
                  жасөспірім  баланы  әрең  жеңеді.  Осы  белдесуден  соң-ақ  Қажымұқанның
                  спорттағы  үлкен  жолы  басталады.  А.Злобин  оған  күрес  мектебінде  оқуға
                  кеңес  береді.  Оның  ақылын  құп  алған  Қажымұқан  Петербургте  «Ваня  аға»
                  деген  атпен  жұртшылық  құрметіне  бөленген  И.Лебедевтің  тәрбиесінде
                  болып, француз күресі мен цирк өнерін ынта-шынтасымен беріле үйренеді,
                  жалықпай  жаттығады.  Содан  алты  айдан  кейін  Одессаға  барып,
                  Ветлижинскийдің  жекеменшік  мектебіне  түсіп,  Еуропа  мен  Американың
                  күрес  түрлерін  үйренеді.  Күрес  тәсілдерін  жете  меңгеріп,  өз  мүмкіндігін
                  іштей шамалаған Қажымұқан тұңғыш рет Киевте күреске түсіп, Иван Заикин
                  секілді екі-үш айтулы спортшыны жеңеді. Алайда орыстың атақты балуаны
                  Иван  Поддубныйдан  ұтылып  қалады.  Онымен  артынша  қайта  белдесіп,
                  жеңіске  жетеді.  Бірақ  шешуші  белдесуде  Поддубный  басымдау  түседі  де
                  Қажымұқан жүлделі екінші орынды иеленеді.
                         Қажымұқанның күрес өнеріндегі жеңісті жолы одан әрі қарай Париж,
                  Лондон,  Варшава,  Гамбург,  Стамбул,  Рим,  Прага,  Вена,  Мадрид,  Одесса,
                  Лодзь,  Минск,  Симферополь,  Ялта,  Орел,  Вильнюс,  Ковна,  Бағдат,  Дамакс
                  топырағында  жалғасады.  Балуан  1905  жылға  дейін-ақ  әлемнің  24  елінде
                  болып  үлгереді.  Бірқатар  деректерде,  күш  жағынан  алып  қарағанда
                  Қажымұқанның теңдесі болмаған.

                                                       Жеңісті жолдар
                         1905  жылы  Мұқан  алғашқы  ірі  жетістігіне  қол  жеткізді.  Қытайдың
                  Харбин қаласында өткен жарыста ол «джиу-джитсу» күресінен алтын медаль
                  жеңіп алады. Осы додадан кейін  «Маньчжурия чемпионы» деген атаққа ие
                  болады. Одан бір жылдан кейін Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста тағы
                  да  топ  жарады.  Швецияның  Гётеборг  қаласында  өткен  француз  күресінен
                  әлем чемпионатында алтын медальға ие болады. Сөйтіп, осы күрес бойынша
                  әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ атанады.
                         Ал,  1910  жылы  Европа  және  Ресей  балуандарының    бір  тобы
                  Америкаға  аттанады.  Олардың  ішінде  Қажымұқан  да  болған.  Оңтүстік

                  Америка  қалаларына  жасалған  турнирде  Қажымұқанның  ең  сәтті  өнер
                  көрсеткен  жері  –  Аргентина  астанасы  Буэнос-Айрес  қаласы.  Сол  жерде  ол
                  алтын медальмен мараппатталады.
                         Троицк  қаласында  өткен  жарыста  Қажымұқан  неміс  балуаны
                  Вестергард Шмидт, француз Фисури Колос, эстондық Тигане, орыс Петров
                  және  тағы  басқа  атақты  алыптардан  басым  түседі.  Ал  бір  жылдан  кейін
                  Нижний Новгородта тағы бір жарысқа қатысады. Сол сайыста  неміс балуаны
                  Вестергард  Шмидттің  мықты  екенін  біле  тұра,  Қажымұқан  орындай
                  алмайтын  шарт  қойған.  Ол  100  сом  көлеміндегі  бәс  үшін  ғана  күресемін
                  дейді.  Сөйтіп,  Қажымұқан  көрерменнен  көмек  сұрап,  ақша  жинап  алады.
                  Сөйтіп, бұл жолы да жеңімпаз атанады.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11