Page 10 - kush_atasy
P. 10
Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитеті
Президиумының 1927 жылы арнайы шешімімен Қажымұқанға «Қазақ
даласының батыры» деген құрметті атақ беріледі. Ал, 1945 жылы
Қажымұқан Мұңайтпасұлы «Құрмет белгісімен» марапатталған.
Қорытынды
Ерен күш болады екен адамда да,
Қажымұқан туған адам соған бола.
Піл күші, піл денесі бір өзінде
Жаралған жан біткеннен жеке-дара.
Иса Байзақов
Күш атасы – Қажымұқан Мұңайтпасұлының алып қара күші, өзгеден
дараланған болмысы талай ақындардың өлең жолдарына арқау болған. Алып
балуан жайында бүгінде естелік кітаптар мен мектеп кітапханасы баспасынан
жарық көретін, бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге беретін балуанның ғұмырбаяны
мен күрес өнерінің қыр-сырын тартымды суреттейтін повесть, әңгімелер
жетерлік. Қ.Мұңайтпасұлы жайлы көркем фильм, хроникалық киноленталар
да бар. Ол кісімен кездескен адамдар айтып жүрген аңыз-әңгімелер де аз
емес.
Олай болса аты аңызға айналған алып балуан хақында айтылған сол
тарихи естеліктер де, көркем туындылар да биылғы, 150 жылдық
мерейтойында қайта жаңғыртылып, кеңінен насихатталып ұрпақтан-ұрпаққа
үлгі-өнеге болып қала бермек.