Page 5 - kush_atasy
P. 5

Қажымұқан  Мұңайтпасұлы  -  1871  жылғы  7  сәуірде
                                           Ақмола  уезі,  Қараөткел  деген  ауылда  дүниеге  келген.
                                           Мұқан  -  туылған  кездегі  аты,  ол  өте  үлкен  болып
                                           туылған.  Қиын  босану  кезінде  анасы  Қабира  қайтыс
                                           болып,  ол  әкесі  мен  әжесі  Айсараның  қолында  өседі.
                                           Балуанның  әкесі  балық  аулап  күнелткен  қоңыртөбел
                                           тұрмысты,  бірақ  ел  жұртына  аса  қадірлі  адам  болған.
                                           Атасы  Ернақ  ерекше  күштің  иесі  болған  және  ол
                                           немересі  Мұқанға  қазақ  күресін  үйреткен.  Ал  нағашы
                                           атасы  Лек  балуан,  ағаштарды  тамырымен  қопарып
                                           жұлып алатын аю секілді алып балуан болған деген аңыз
                  бар. Әкесі Мұңайтпас та өте күшті адам болған. Күреске қатысып, «жуанаяқ
                  балуан» деген атпен танылған. Қажымұқан бала күнінен-ақ ерекшеленіп, 12-
                  13  жасында  20-дағы  жігіттің  кейіпінде  болған.  Жоқшылық  салдарынан
                  еңбекке ерте араласуға мәжбүр болып, жергілікті көпестер мен шығанақтарға
                  жұмыс  істей  бастайды.  Қабырғасы  әлі  қатпаған  қаршадай  ғана  баланың
                  жойқын  күші  маңайдағы  үлкен-кішіні  түгелдей  таң-тамаша  қалдырады.
                  Осыдан бастап оның аты шыға бастайды.
                         Қандай  тарихи  тұлғаны  болсын  халық  тудырады,  заманы  ширатып
                  жаратады,    Қажымұқандай  алып  тұлғаның  тарих  сахнасына  көтерілуі  де
                  тегіннен- тегін емес. Арғы тегі Қарақыпшақ Қобыландыдан тарайтын осынау
                  даңқты  тұлғаның  қалтарысы  мен  бұлтарысы,  қайғысы  мен  қуанышы  қат-

                  қабат, қиын да қызық, жеңісті де жемісті ғибратты ғұмыры – соның айғағы.
                  Оның арғы тегі: Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан: Қыпшақ Тоқтарбай,
                  одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан,
                  Санбай, Шадибатыр, Ернақ  одан  әкесі Мұңайтпас тарайды.
                         Қажымұқан  Мұңайтпасұлы  күрес  өнерінің  соңына  түсіп,  елден  үнемі
                  жырақта жүрген. 36 жасқа келгенде ғана цирк әртісі Надежда Чеповская шын
                  ұнатып  қосылады.  Қажымұқанға  қосылғаннан  кейін  Надежда  Чеповская
                  ислам дінін қабылдап, Бәтима (Фатима) есімін алған. Олар 1909 жылы Рига
                  қаласында  танысып,  Омбы  қаласында  үйленіп,  той  жасайды.  Бәтимадан
                  балуанның  Халиолла  атты  ұлы  дүниеге  келген.  Ал,  Ғабдолланы  балалар
                  үйінен  асырап  алған,  ұлты  –  орыс.  1925  жылы  балуан  Тыныбайқызы
                  Ырыстыға үйленген. Одан: София, Рәшида, Әзия атты үш қызы болған. Ал
                  1938  жылы  үшінші  әйелі  Мінәйімге  әмеңгерлікпен  үйленген,  Мінәйімнен
                  ұлы Айдархан туылған. Ең кіші әйелі Айшагүлге 1946 жылы үйленген, бұл
                  уақытта  балуанның  жасы  75-те,  әйелі  Бибіжан  32  жаста  болған.  Одан
                  Жанәбіл атты ұл бала сүйген.
                         Күш атасы – Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1948 жылы 12 тамызда өзінің
                  атажұрты  –  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Ордабасы  ауданы,  Темірлан
                  ауылында дүниеден өткен.

                                                    Күреске келу жолы
                         Қажымұқан  он  сегіз  жасында  Омбы  қаласына  келіп,  қалалық  циркте
                  өтіп  жатқан  күресті  көреді.  Сондай  кезекті  сайыстардың  бірінде
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10