Page 4 - kush_atasy
P. 4

Оқырмандарға

                       Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздардай жайсаң

                  ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама
                  ғалымдар, заңғар ақын-жазушылар, туған  жерін  жаудан  қорғаған  батырлар,
                  өнер  мен  спорт  саңлақтары...  Сондай  мақтан  етіп,  қадірлейтін,  қазақ
                  халқының  қастерлі  перзенттерінің  бірі,  алып  күшімен  әлемді  дүбірлетіп
                  өткен күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
                       Қазақтың ұлттық өнерінің төресі, бойтұмары саналатын спорттың түрі ол
                  -  балуандық. Ал, осы күрес өнері арқылы қазақты алғаш әлемге танытқан,
                  дүниежүзінің  30-ға  жуық  елін  аралап,  50-ден  астам  медаль  жеңіп  алған
                  балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлының биыл 150 жылдық мерейтойы.
                       Ендеше,  құрметті  оқырмандар  ұлттық  тарихымызда  ғана  емес,  әлемдік
                  спорт тарихында да сирек ұшырасатын, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып келе
                  жатқан тумысы бөлек тарихи тұлғаның өмір жолы мен сан қырлы спорттағы
                  жетістіктері  жайлы  танымды  деректер  жинақталған  «Күш  атасы  –
                  Қажымұқан»          атты     библиографиялық           жадынаманы         назарларыңызға
                  ұсынамыз.
                       Жадынама көпшілік оқырманға арналған.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9