Page 8 - kush_atasy
P. 8

лақап  атты  «төрт  Иван»  –  Иван  Поддубный,  Иван  Заикин  және  Иван
                  Шемякинмен бірге өнер көрсеткен кезінде алған екен.
                         Түркияда өнер көрсеткенде Қажымұқан «Қара Мұстафа»  деген лақап
                  атпен шыққан. Сол кезде ол түріктің ең атақты балуаны Нуруллахты жеңеді.
                  Сөйтіп,  Стамбұл  билеушісі  Шәкір-пашаның  назарына  ілінеді.  Ол  жұмбақ
                  «орыстың»  мұсылмандық  тегін  анықтағаннан  кейін  оған  қажылыққа  бірге
                  баруды    ұсынады.  Мұқан  ол  ұсынысты  бірден  қабыл  алады.  Осылайша,
                  қажылықтан  кейін  Мұқан  деген  есіміне  «Қажы»  деген  мәртебені  қосқан.
                  Содан  бастап  оның  есімі  Қажымұқан  атанып,  осы  есіммен  оның  абыройы
                  асқақтай  түседі.  Қажымұқан  есімімен  ол  алғаш  рет  1912  жылы  Саратов
                  қаласында өнер көрсетеді.
                         Жалпы  Қажымұқан  бабамыздан  басқа  балуандардың  да  әртүрлі
                  жағдайға  байланысты  лақап  аттары  болған.  Сол  дәстүр  қазіргі  қазақ
                  күресінде де жалғасып келеді.

                                          Қажымұқан және Алашордашылар

                         Қажымұқан  1917  жылға  дейін  әлемдік  чемпионаттарға  көп
                  қатысқанымен,  содан  кейінгі  уақытта,  яғни, 1917-1925  жылдар  аралығында
                  көбінесе  ел  ішінен  ұзап  шықпаған.  Бұған  бір  жағынан,  оның  «патшаның
                  өзінен сый  алған», «ақ  патшаның  балуаны болған»  деген  айып  салдарынан
                  кәсіпқой  күрес  әлемінен  шеттетілуі,  екіншіден,  өзінің  де  ел  ішіндегі  зиялы
                  қауыммен,  көрнекті  мәдениет  және  өнер  өкілдерімен,  ақын-жазушылармен
                  тығыз  байланыс  орнатуы  себепкер  болған.  Әбділда  Тәжібаев  өзінің
                  естелігінде: «Қажекең қанша шетте жүрді десек те, оның елмен, ер-азаматпен
                  байланысы, таныстығы берік көрінді. Мен аз күннің бойында балуан ағаның
                  көп  адамдармен  біліс  екенін  аңғардым.  Ол  Сәкенді,  Бейімбетті,  Сәбитті
                  жақын  танығанын,  өкімет  басшылығында  қызметте  болған  бірқатар
                  жолдастармен  де  араласқанын  айтып  отырды.  Мен  балуанның  кімдерді  не
                  үшін  ұнатып,  кімдерді  не  үшін  ұнатпағандарын  да  айқын  байқаған
                  сияқтымын.  Бірақ  Қажекең  ешкімді  де  қағып-сілкіп  қорламайды,  ешкімге
                  арнап  жамандап,  кінә  тағар  ештеңе    қолданбайды.  «сұйықтау»,
                  «мақтаншақтау»,  «суайттау»  деген  сияқты  сөздерді  жұқартып  қана
                  күлімсіреп  айтады»  деген.  Сондай-ақ,  Қажымұқан  өмірін  зерттеушілердің
                  бірі, әдебиетші-ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Қазақтың қара сөзіне, ұтымды әзіліне
                  Қажекеңнен ұста дамды сирек кездестірдім. Мақал-мәтелдерді, ел аузындағы
                  шешендік сөздерді араластырып, орынды қолданатын» деген.
                         Қажымұқан           Мұңайтпасов           өмірінің       елеулі       бір      кезеңі
                  алашордашылармен  байланысты.  Бұл  ретте,  ол  Ахмет,  Міржақыптармен
                  тығыз  қарым-қатынаста  болған.  Соған  байланысты  1928-1929  жылдар
                  аралығында  жаппай  абақтыға  қамалған  Алаш  зиялыларымен  бірге
                  Қажымұқан да ұсталып, Новосибирск түрмесінде 6 айға жуық жатады. Одан
                  шыққан  соң  да  қудалаушылық  көбейгендіктен,  тынышы  кеткен  балуан
                  отбасын  тастап,  Омбыдан  Оңтүстік  Қазақстан,  Өзбекстан  аумағына  кетуге
                  мәжбүр болады. Қай елде, қандай жағдайда жүрсе де Қажымұқан құшақ жая
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13