Page 76 - КЗД_каз_2020
P. 76
Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына Алматының Құрманғазы атындағы
консерваторияның әншілік факультетінде оқып жүріп, ауысып келді. 1956 жылдың қазан
айынан бастап Өмірзақ Асылбеков С. Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театрының
әртісі болды. Театр сахнасында ол 100-ге жуық рөлді сомдаған. Театрда алғаш келгеннен
бастап, әншілік талантының басымдылығының арқасында музыкалық спектакльдерде бас
кейіпкерлерді бірден меңгеріп кетті. Қазақ театры тарихында өзіндік қолтаңбасымен ерекеше
айшықталып, сомдаған бейнелері Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек » музыкалық драмасында –
Төлеген, М.Әуезовтың «Айман – Шолпан» комедиясында – Әлібек, М.Әуезовтың «Еңлік –
Кебек» трагедиясында – Кебек, Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын» музыкалық драмасында – Ер
Тарғын, У.Ғаджибековтің «Аршын мал – алан » музыкалық драмасында – Аршын, Б.Майлиннің
«Шұға» драмасында – Айдын образдарын халықтың жадында мәңгілік өшпестей болып
сақталып қалды. Өмірзақ Асылбеков «Қазақфильм» киностудиясында бірнеше фильмдерге
түскен киноактер. «Нан мен тұз», «Қайта оралған ұл» фильмдеріндегі образдары
көрермендерден жоғары баға алған, актердің сәтті ойнаған рөлдері.
1962 жылы театр өнеріндегі шығармашылық жетістіктері үшін Өмірзақ Асылбековке
Қазақ КСРО еңбек сіңірген әртісі атағы берілді
1972 жылы Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы жанындағы облыстық халық
шығармашылығы үйінің (филармония) директоры болып тағайындалды. Ал 1972 жылдан 1974
жылдың қазанына дейін облыстық мәдениет басқармасының бастауыш партия ұйымының
хатшысы болып жұмыс істеді. 1974 жылдың қазан айында Қазақстан компартиясы обкомының
ұсынысы бойынша Өмірзақ Асылбеков облыстық теледидар және радиохабар тарату
Комитетіне қазақ тілінде хабар тарату бөлімінің бас режиссері болып ауыстырылды.
Өмірзақ Асылбековтың шығармашылық қызметі мен белсенді өмірі 47 жасында
«Возвращение сына» көркем фильмінің түсірілімдерінде үзілді. Картина 1977 жылы
«Мосфильм» және «Қазақфильм» біріккен студияларымен түсірілген.
Тамаша әншілік орындаушылығының арқасында мәдени іс-шараларға, концерттерге көп
қатысатын. Әсіресе Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде
жарық-ай» әндерін ерекше шабытпен орындайтын. Қазақ радиосынын алтын қорында хор
капелласымен жеке дауыста орындаған әндері сақтаулы.
Қарағандыда Қазақ КСРО еңбек сіңірген әртісі Өмірзақ Асылбековке Лобода көшесіндегі
№ 10 үйдің қабырғасына мемориалдық тақта ашылды. Ол бұл үйде С. Сейфуллин атындағы
қазақ драма театрында жұмыс істеген кезде тұрған.
http://old.baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/-117
Әдебиеттер:
Асылбеков Өмірзақ // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин.
- Алматы: Атамұра, 2006. - 130 б.
Жұмағали С. Арқадағы киелі өнер шаңырағы:(Сәкен театрының тарихы). - Қарағанды:
Болашақ-Баспа, 1998. - 198 б.
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры. - [Б. м. : б. и.], 1975.
- 39 б.
Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры – 75. - Қарағанды: Экожан,
2007. - 120 б.
***
Алпысұлы С. Қайран, Өмке, сен де ұмыт боласың ба? // Орталық Қазақстан. - 2000. - 7
қазан.
Жұмағали С. Өнер шаңырағы соғыстан кейін // Орталық Қазақстан. - 2002. - 11 мамыр.
Сәрсеков Ж. «Құдағи келіпті» // Советтік Қарағанды. - 1961. - 7 апрель (№ 83). - 4 б.
Әлиман Ж. Өнер иесіне - өрелі құрмет // Орталық Қазақстан. - 2019. - 11 маусым. - 6 б.
1930 - Қарағанды облыстық К.С. Станиславский
атындағы орыс драма театры құрылғанына 90 жыл
1930 жылы Қазақстанның орталығында Түрксіб құрылысшыларына қызмет көрсететін
«Живая газета» атты үгіт бригадасы құрылды. Үш вагонда орналасқан бұл үгіт бригадасы