Page 71 - КЗД_каз_2020
P. 71
Қалған өмір тым қысқа,
Артыңа қалдыр бір нұсқа,
Босқа жүрмей дарылдап
Қарап тұрған халқыңды,
Қайратыңа зар қылма.
Оның ағартушылық, гуманистік сипаттағы сөздері өстіп Абай поэзиясымен сабақтасып,
тамырласып жатады.
Абайдан 15 жас кішілігі бар Нарманбет ұлы ақынмен Қарқаралыда бірнеше рет кездесіпті
деген деректі Арқаның ескікөз қариялары көп айтады. Бұл ретте айтылған жайды ақынның
Ақтоғай селосында баяғыдан тұратын аса жақын ұрпақтары Жолдыбай мен Қасым ақсақалдар
да растайды.
Абаймен кездесіп, Абайдан үйренген, бойға дарыған мінсіз ақындық шеберлігін барынша
шыңдаған Нарманбеттің рухани мұралары жетерлік. 1917 жылы жазған «Жасқаншақ бас» деген
өлеңінде:
Адамға абырой мен бірлік керек,
Ұят, нысап, намыс пен тірлік керек.
Ғылым-білім, ілгері басуды ойла,
Еңбек қыл, ерінбестен болып зерек.
Болмайды тағдыр ісін қалай дерге,
Ақ соқпақ адастырмас талай жерге.
Жақсылар, істі түзеп, жұртты күзет,
Біріңді-бірің шауып, талай берме! - деп, төңірегіне ағалық ақыл-кеңес береді. Абай
үлгісіне айрықша еліктегені осы өлеңінен де айқын көрінеді. Оның «Замана», «Шолпан»,
«Сахараға қарасақ», «Жоқтау», «Олқын-толқын», «Екі ғашық», «Шал қайғысы», «Жар туралы»,
«Өзіме айтарым», «Соңғы сәлем» және басқа көптеген жырлары тұнып тұрған көркемдік.
Қазан төңкерісінің алдындағы кезеңде Нарманбет біраз жыл өзінің туған өлкесі -
Тоқырауын-Балқаш елінде болыстық қызмет атқарыпты. 1917 жылдың наурыз айында
Қарқаралының уездік соты болып тағайындалыпты. Алайда, 58 жасында, 1918 жылы күзге
салым қайтыс болады.
Әдебиеттер:
Орманбетұлы Н. Шығармалары.- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 356 б.
Орманбетұлы Н. Кер заман : өлеңдер. - Алматы: Алаш, 2004. - 320 б. - (Алаш мұрасы).
Орманбетұлы Н.Шығармалар жинағы; құраст., және ред. А. Туғанбай. - Алматы:
ҚазАқпарат, 2013 - 1 т., 2 т. - 2013. - 378 б.
Орманбетұлы Н. Шығармалары / Н. Орманбетұлы; жауап ред. Қ. Құрмансейіт; ақылдастар
алқасы Б. Әбдішев; жауапты хатшы С. Ақсұңқарұлы; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана:
Фолиант, 2013. - 267 б. (Сарыарқа кітапханасы).
Орманбетұлы Н. Әңдер // Сыр сандық: қазақ әндерінің антологиясы / құраст. Қ.
Байбосынов. - Астана: Дәуір, 2016. - 311 б.
***
Орманбетұлы Н. Толғауы тоқсан қызыл тіл // Қарқаралы.- 1991.- №1.- 48-62 б.
Орманбетұлы Н. Үміт туралы // Орталық Қазақстан.- 1990.- 29 қараша
Орманбетұлы Н. Жастық шақ жаз айындай мұнарланған // Қасым. - 2013. - № 1. - 64 б.
Орманбетұлы Н. Сарыарқа // Өмір: әдеби - этногафиялық журнал.- 1992.- №1.- 50-53 б.
Орманбетұлы Н. Сарыарқа // Қарқаралы. - 1991. - № 4. - 69 б.
Орманбетұлы Н. Замана // Тоқырауын тынысы. - 2014. - 28 қараша (№ 49). - 8 б.
Нарманбет ақынның өлеңдері. // Орталық Қазақстан.- 1992.- 29 қаңтар
Н.Орманбетұлы туралы әдебиеттер:
Әбдіғазиев Б. Асыл арна. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. - 128 б.
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері / ред. З. Ахметов, С. Қасқабасов. - Алматы: Комплекс,
2002. - 430 б.