Page 80 - КЗД_каз_2020
P. 80

1950  –  Қарағанды  кеншілер  мәдениет  сарайы
                                                       ашылды ( 70 жыл)
                  Қарағанды  қаласындағы  архитектуралық  ескерткіштердің  бірі  –  Кеншілер  мәдениет
            сарайы. Сарай сәулетшілер И. И. Бреннер (1937-1945 жылдар аралығында Қарағандының бас
            сәулетшісі) және Я. А. Яноштың жобалары бойынша салынды.
                  Ғимаратты құрастыру барысында классикалық үлгі таңдалып, сәулетіне қазақтың ұлттық
            өрнектері  қолданылған.  Кеншілер  сарайы  симметриялық  үш  көлемді  композициядан  тұрады:
            орталық,  театрлы  комплекстен  тұратын  жоғарғы  және  төменгі  фойе,  сахнамен  қапталдас
            бүйірлік  кулуар  және  сахна.  Қасбеттің  орталық  бөлігінде  біржарым  метрлік  тұғыр  бетке
            орналасқан алты бағаналы сатылы дің маңдайша салтанатты көркемдік беріп тұр. Дің маңдай
            бірлігін,  ғылым  және  өнерді  бейнелейтін  алты  сәнді  мүсіндермен  безендірілген:  кенші,
            құрылысшы, бақташы қозысымен, ақын домбырасымен және жауынгер.
                  А.Теміржановтың  1951  жылғы  13  майда  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде  жарық
            көрген «Қарағандының мәдениет сарайы» мақаласынан үзінді.
                  «...Қарағанды  көміршілерінің  мәдениет  сарайын  біздің  республикада  ғана  емес,  бүкіл
            Совет Одағындағы мақтаулы мәдениет ошақтарының бірі деп айтуға болады. Сырт бейнесі мен
            ішкі  көрінісінің  көз  тартарлық  көркемдік  жағына  келсек,  онда  оны  астанамыз  Алматыдағы
            опера және балет театрының үйімен тең қоюға болады.
                  Мәдениет  сарайының  үлкен  залына  900  адам  сыяды.  Сөйтіп  мұнда  еліміздің  ең  үлкен
            театрларының қандайы болса да ойын қоюға болады. Мәдениет сарайының мұнан кейінгі бір
            үлкен залы - лекция залы. Мұнда 400 адам лекция тыңдайтын болады. Ең шағын деген спорт
            залының өзіне 200 адам сыяды. Мәдениет сарайының кітапханасында 100 мың кітап болады.
            Кітапхананың  кітап  сақтайтын  орындары,  үлкен  оқу  залы,  оқушылар  мен  жұмыс  жүргізуге
            арналған  бөлмелері,  зор  рестораны  бар.  Мәдениет  сарайының  архитектурасы  жарқын.
            Сарайдың іші-сыртын әшекейлеу ісіне қазақ халқының халықтық бай орнаменті мейлінше кең
            қолданылған. Мұның өзі, мәдениет сарайының артитектуралық ансамбліне ұлттық бейне беріп
            тұр.
                  Мәдениет  сарайының  іші-сырты  өңделген  гранитпен  қапталған,  ал  колонналары  таза
            мрамордан істелген. Хрусталь люстралар жалт-жұлт етіп, электр нұрына шағылысқан паркет,
            мрамормен  көмкерілген  қабырғалар,  орнаменттер  мен  суреттер,  төселген  кілемдер,  жұмсақ
            барқыт  мебельдер  -  міне,  осылардың  барлығы  да  мәдениет  сарайының  интерверлеріне,
            залдарына, бөлімдеріне ерекше сұлулық беріп тұр.
                  Алып мәдениет сарайын салу ісі Қарағанды құрылысшылары үшін, бұрын соңды кездесіп
            көрмеген аса жауапты, әрі игілікті іс болды. Өйткені Қарағанды құрылысшылары бұған дейін
            архитектуралық жағынан тым бай, бұл тәрізді монументалды күрделі құрылыс салып көрмеген
            болатын.  Сондықтан  да  құрылысшылар  бұл  аса  жауапты  ірі  құрылысқа  он  қолынан  өнері
            төгілген, ең шебер деген, нағыз маңдайалды құрылысшыларды бөлді.
                  Мәдениет сарайының құрылысында өздерінің ерлік еңбектерімен басқаларға өнеге болған
            коммунист  Борискиннің  басқаруындағы  бригадасы  және  Моисеев,  Чиганков  басқарған
            штукатуршылар мен Морозовтың бригадасындағы ағаш ісінің шеберлері болды.
                  Мәдениет сарайын салу ісінде Қарағанды құрылысшылары қиыншылықтарды жеңіп, ауыр
            сыннан  өткені  былай  тұрсын,  қайта  олар  бұл  құрылыстың  барысында  іскерлік  жағынан
            анағұрлым өсті, бай тәжрибе алды.
                  Республикамыздың  астанасы  -  Алматы  қаласының  жұртшылығы  қазақтың  ою,  кесте
            істерінің  үздік  шеберлерін  жіберді.  Еліміздің  кен  қоймаларының  бірі  даңқты  Орал  мәдениет
            сарайының жабдығына көптеген мраморлар, граниттер берді.
                  Қарағандылықтардың  мәдениет  сарайының  құрылысына  үкметіміз  27  миллион  сомнан
            астам қаржы жұмсады»
                  Ж. Исмағұловтың 1952 жылғы 27 сәуір күні «Социалистік Қазақстан» газетінде жарық
            көрген «Шахтерлердің Мәдениет сарайы» мақаласынан үзінді.
                  «...Мәдениет  сарайының  директоры  Нина  Николаевна  Семеновская  жолдаспен  бірге  біз
            сол  залдарды  аралап,  жұмыстарымен  танысып  келеміз.  Сарайдың  он  жақ  қанатында  екінші
            қатарда 400 адамдық радиоланған лекция залы бар, оның өз алдына жеке радио торабы жұмыс
            істейді.  Мұнда  қоғамдықсаяси,  ғылми-көпшілік  және  әдеби  тақырыптарға  жиі-жиі  лекция
   75   76   77   78   79   80   81   82   83