Page 77 - КЗД_каз_2020
P. 77

Семейден  Ташкентке  бағыт  алды.  Оның  құрамындағы  әртістер  театралды  баяндамалар,  әзіл-
            сықақтар, частушкалар литмонтаждар орындады.
                  Театрдың алғашқы директоры Василий Михайлович Портнов болды. Ол басқарушы ғана
            емес, сонымен қатар театрдың көркемдік жетекшісі және қойылымдардың авторы да болды. Ол
            басшылық  еткен  18  жыл  ішінде  жылжымалы  Түрксіб  бригадасы  кәсіпқой  драма  театрына
            айналды.  1948  жылы  В.М.  Портнов  республикалық  М.Ю.  Лермонтов  атындағы  драма
            театрының директоры болып тағайындалды.
                  Театрдың  халыққа  қызмет  көрсетудегі  алғашқы  жылдарында  Шекспир  және  Э.  Войнич
            сияқты белгілі жазушылар мен драматургтердің шығармаларын сахнаға дайындай бастады.
                  Ұлы Отан соғысы жылдарында қарағандылық әртістер концерттік бригадалар құрамында
            майдан  жауынгерлері  және  тылдағы  шахта  және  кеніш  жұмыскерлері  алдында  өз  өнерлерін
            көрсетті.
                  1954  жылы  орыс  драма  театры  қазақ  драма  театрынан  бөлінді.  1962  жылы  жемісті
            еңбектерінің  арқасында  Қарағанды  драма  театрына  орыстың  ұлы  режиссері  К.С.
            Станиславскийдің есімі берілді.
                  1981 жылы театр өзінің 50-жылдық мерейтойы қарсаңында халықтар Достығы орденімен
            марапатталды.
                  1961-1997  жылдар  аралығында  Қазақстан  Республикасының  халық  әртісі  Виктор
            Кириллович Борисов театрдың директоры болды. Оның басшылығымен театр Қазақстандағы ең
            үздік  шығармашылық  ұжымдардың  бірі  болды.  В.К.  Борисов  әртістердің,  режиссерлер  мен
            суретшілердің біліктілігін арттыруға және кәсіби шеберліктерін шыңдауға көп көңіл бөлді. 2003
            жылы В.К. Борисов өмірінің соңына дейін тұрған Чкалов көшесіндегі үйге мемориалдық тақта
            орнатылды.  Театр  Алматы,  Омбы,  Полтава,  Фрунзе,  Новосібір,  Павлодар,  Иркутск  сынды
            қалаларға  гастрольдік  сапарға  шығып,  сәтті  өнер  көрсетті.  Оның  ішінде  1979  жылы  Мәскеу
            қаласына сапарын ерекше атауға болады. Режиссер, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері
            Н.Воложанин қойған спектакльде пьеса авторлары  - В.Розов, А.Арбузов, В.Тендряков болып,
            оған жоғары баға берді.
                  1980 жылы театр Халықтар достығы орденімен марапатталды. 1986 және 2006 жылдары
            аралығында  театрдың  бас  режиссері  ҚР-ның  еңбек  сіңірген  қайраткері  Г.Оганесян  болды.
            Бүгінгі күндері театрға Дунай Амандықұлы Еспаев басшылық етеді
                  Театрдың  репертуарында  бүгіндері  40  шақты  спектакль  бар.  Оның  ішінде  балаларға
            арналған  қойылымдар  да  кездеседі.  Атап  айтсақ,  мұнда  Н.Гоголдің  "Ревизоры",
            А.Островскийдің  "Кінәсі  жоқ  кінәлілер",  Д.  Исабековтің  "Мұрагерлер",  Р.Белецкийдің  "Сөз
            болмаған  әңгіме",  Д.Кристнердің  "Қызуқанды  әйелдер",  Сенеканың  "Ойын"  трагедиясы,  В.
            Рыжковтың "Қайда? Қарағандыда!", Н.Носовтың "Дымбілмес пен оның достарының шытырман
            оқиғалары",  Е.Шварцтың  "Қызыл  Телпек",  Косарьевтің  "Үйшік"  сынды  пьесаларын
            тамашалауға болады.
                                                       Әдебиеттер:
                  Станилавский атындағы драма театры //  Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
            ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 482 б.
                  Станилавский атындағы драма театры //  Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
            ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. – 517-518 б.
                  К. Станиславский атындағы Қарағанды Мемлекеттік орыс драма театры // Қазақстанның
            мәдени  ошақтары  =  Культурные  центры  Казахстана:  фотоальбом  /  Қазақстан  Республикасы
            Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және Мұрағат комитеті; құраст. К. Ахметова.  -
            Алматы: Аса, 2012. - 176-181 б.
                  К. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік достық ордендік орыс драма театры //
            Қазақстан  театрлары  =  Театры  Казахстана  =  Theatres  of  Kazakhstan:  [альбом]  /  Қазақстан
            Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі. - Алматы: Тау-Қайнар, 2015 - 174-179 б

                                                    1940  –  2016  -  Журналист  Мақсым  Омарбекұлының
                                                    туғанына 80 жыл
                  Мақсым  Омарбекұлы  1940  жылы  туған.  Қарағанды  мемлекеттік  педагогикалық
            институтының  тарих-филология  факультетін  1965  жылы  бітірген.  1964  жылы  Қарағандыда
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82