Page 74 - КЗД_каз_2020
P. 74
1920 – 1948 - Жазушы Жылқыбай Нұрбекұлының
туғанына 100 жыл
Жезқазған облысы, Шет ауданына қарасты «Нұраталды» кеңшарында туған. Жастайынан
әкесінен жетім қалған Жылқыбай шешесінің тәрбиесінде болады.
Бастауыш, орта білім алып, 1938-1940 жылдары Қарағанды мемлекеттік оқытушылар
институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды. 1940-1944 жылдары Шет ауданы
мектептерінде ұстаздық еткен. 1945 жылы «Советтік Қарағанды» газетінде әдеби қызметкер,
кейін бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді.
1947 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Қазақстан жас ақын-жазушыларының
бірінші республикалық кеңесіне қатысады. Ол сол кеңесте өз өлеңдерімен көзге түсті. Сол
жолы СССР Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған.
Шығармалары кезінде республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жиі жаярияланып
тұрды. Өлеңдері «Жастар даусы» жинағына (1949) енген.
«Отан махабаты» (1945), «Жиырма бес» (1945), «Менің қалам» (1947) поэмаларының
авторы. Ж.Нұрбекұлы Сарыарқаның сұлу табиғатын, кенге бай өлкенің еңбек адамдарын
сүйіспеншілікпен жырға қосты.
Әдебиеттер:
Нұрбеков Жылқыбай //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық.- Алматы: Ана
тілі, 2004.- 230 б.
Нұрбеков Жылқыбай // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.-
Алматы: Атамұра, 2006.- 424 б.
Нұрбеков Жылқыбай // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.-
428 б.
Нұрбеков Жылқыбай // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы: ҚазАқпарат,
2013. - 283 б.
Нұрбеков Жылқыбай //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық
анықтамалық / ред. Т. Рахимов.- Алматы: Жазушы, 1987.- 449 б.
Сүлейменов Р. Жылқыбай ақын // Сарыарқа саңлақтары. - Павлодар: ЭКО ҒӨФ, 2007. –
304-308 б.
***
Жәкен Байтуов пен Нұрбеков Жылқыбайдың айтысы // Шет шұғыласы. - 2012. - 27
қыркүйек (№ 39). - 5 б.
Жанғожин А. Майдан мен тылдың жауынгерлік сапында 40-жылдар // Орталық
Қазақстан.- 2001.-13 маусым
Смағұлов Ғ. "Жырыммен жеңісті шындадым" // Орталық Қазақстан.- 2002.- 8 мамыр
Смағұлов Ғ. Көңілі күйге, көкірегі жырға толы еді // Орталық Қазақстан.- 2004.- 27
қаңтар.-6 б.
1920 – 1976 - Ақын Қабыкен Мұқышевтың туғанына
100 жыл
1920 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта
білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және
әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта
мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1944-1949 жылдары Қарағанды мемлекеттік
педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950-1960 жылдары Қарағанды,
Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды.
Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.
Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған. Балаларға арналған бірнеше жыр
кітаптары, пьесалары жарық көрді. 1959 жылы поэмалар жинағы басылып шықты. Бұған
«Аппақ туралы аңыз», «Өкініш», «Достаевский туралы аңыз», «Гүлсім» атты төрт поэмасы