Page 73 - КЗД_каз_2020
P. 73

Байтабыновтың  баласы,  ел  мүддесін  көздеген  күрескер,  ел  арасында  Біркей  аталып  кеткен
            Б.Айбасов 1895 жылы Ұлытау болысында дүниеге келген.
                  Орысша хат таныған сауаттылығының арқасында 1913 (1914) жылдан 1917 жыл арасында
            Қ.Кемеңгеров,  С.Байжанов,  С.Қазбеков  А.Шорманов  сияқты  Қазақстанның  ірі  қоғам
            қайраткерлерімен бірге Омбыдағы орта дәрежелі ауылшаруашылық училищесінде оқып, білім
            алған.
                  Жастайынан елдегі саяси, әлеуметтік, қоғамдық қозғалыстарға белсене араласып, халқын
            өркениетті  ел  қатарына  қосуды  армандап,  С.Сейфуллин,  М.Жұмабаев,  Н.Нұрмақовпен  бірге
            Омбыдағы  қазақ  жастарының  «Бірлік»  атты  мәдени-ағарту  қоғамын  құрып,  қазақ  жастары
            арасында  мәдени-ағарту  жұмыстарын  жүргізген.  Омбыда  оқып  жүргенінде  Ш.Әлжанов,
            М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров, Н.Нұрмақов, С.Сейфуллин сияқты зиялы азаматтармен
            достас-пікірлес болған. 1917 жылы Омбыдағы оқуын бітіріп, Ақмола уездік Қазақ комитетінің,
            «Жас қазақ» ұйымының ісіне белсене араласқан. Ол туралы С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ
            кешу» романында баяндалған.
                  Төңкерістен  кейін  Атбасарда,  Қызылжарда,  Семейде  әртүрлі  лауазымдық  қызметтерде
            болып,  1922-1929  жылдары  Солтүстік  Қазақстан  губерниялық  жер  басқармасының  бастығы,
            Семей губерниялық «Қосшы» комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
                  1933 жылы Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген. Ел басына нәубет түскен
            ашаршылық  жылдары  Ғ.Ысқақов,  І.Қабылов,  Ж.Арыстанов,  Ғ.Тоғжанов,  О.Жандосов  сияқты
            алаш алыптарымен бірігіп 1933 жылдың 24 ақпанында Сталинге елдің ауыр халі баяндалған,
            тарихта «Алтаудың хаты» деген атпен әйгіліленген хатты жолдаған.
                  1937  жылға  дейін  Қазақстанның  саяси  баспасының  бас  редакторы  қызметін  атқарған.
            Ақын, аудармашы ретінде ел арасында танылып, өлеңдерін 1915 жылы «Айқап» журналының
            №7,8,10,12     сандарында     жарыққа     шығарған.     Сондай-ақ     аудармамен      шұғылданып,
            И.С.Тургеневтың «Әкелер мен балалар» романын қазақ тіліне тәржімалаған.
                  Қазақ  зиялыларының  басына  түскен  қасірет  Б.Айбасовтың  да  басына  түсіп,  1937  жылы
            Алматыда «халық жауы» жаламен ұсталған. 1938 жылдың 28-ақпанында ату жазасына кесілген.
            Алматы қаласының маңында үкім орындалған.
                  1958  жылы  10  наурызда  КСРО  Жоғарғы  сотының  әскери  коллегиясының  шешімімен
            ақталады.
                  Жұбайы Назакат (1941 жылдың 14 тамызында қайтыс болған); балалары: ұлы Назым (1943
            жылы  Қарлагта  қайтыс  болады),  қызы  Нәзима  (Мәскеу  технологиялық  институтын
            тәмамдаған), ұлы Еркен (Еркін).
                  Жезқазған  қалалық  мәслихатының  1999  жылы  желтоқсан  айындағы  сессия  шешімімен
            қаланың бір көшесіне Б.Айбасовтың аты берілді.

                                                       Әдебиеттер:

                  Айбасов  Біркей  (Бірмұхамед)  //  Жезқазған:  энциклопедиялық  анықтама  /  бас  ред.  С.Ү.
            Қожамсейітов. - Алматы: Эверо, 2004. - 103 б.
                  Айбасов  Бірмұхамед  (Біркей)  //  Алаш.  Алашорда:  энциклопедия  /  құраст.:  Ғ.  Әнес,  С.
            Смағұлова. - Алматы: Арыс, 2009. – 17-18 б.
                  Айбасов  Бірмұхамед  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  Энциклопедия.  –  Алматы:
            Атамұра, 2006. – 89 бетте.
                  Ахметов Қ. Ұлытау. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2006. - 264 б.
                  Жоқтау: Воспоминания детей репрессированных казахстанцев.- Алматы, 1998.- 100 с.
                  Тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалар: қарағандылық саяси қуғын-сүргін құрбандары
            туралы  =  История  трагических  судеб:  карагандинцы-жертвы  политических  репресий  :
            библиографиялық анықтамалық. - Қарағанды: [б. ж.], 2008. - 159 б.
                                                            ***
                  Ибадатұлы  Ш.  Аласапыранда:  Халқы  үшін  жапа  шеккен  ұлт  зиялыларының  бірі  -
            ұлытаулық Бірмұхамед (Біркей) Айбасов // Мысты өңір.- Жезқазған, 2003.- 31 қаңтар.-6, 11 б.
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78