Page 81 - КЗД_каз_2020
P. 81

өткізіп  тұратын  тұрақты  лекторий  ұйымдастырылды.  Алғашқы  лекцияны  «Халықаралық
            жағдай  туралы»  тарих  ғылымының  кандидаты  Меделец  жолдас  оқыды.  Одан  кейін  бір
            жексенбіде  интеллигенция  күні  өткізіліп,  қаланың  архитекторы  Бараг  жолдас  «Біздің
            Қарағанды»  деген  тақырыпта  әңгіме  өткізді.  Соңынан  қала  интеллигенциясының  көркем
            өнерпаздар үйірмесі концерт берді.
                  Залда  жастарға  арналып  музыка  лекториі  ұйымдастырылып,  жұмысқа  кірісіп  жатыр.
            Алғашқы музыкалы лекция «Камералы музыка» деген тақырыпта таяуда өткізілмек. Сонымен
            қатар мұнда әйелдерге арналып «Социализм елінің әйелдері» деген ауызша альманах шығарыла
            бастады. Лекция залымен көршілес оқу залы орналасқан. Оның 500 мың томдық кітап сақтап
            отырған кітап қоймасы бар. Кәзірдің өзінде 30 мың томдай жаңа кітаптар алынды. Бұған жалғас
            техникалық  насихат  кабинеті  ашылады.  Бұл  кабинеттің  атқаратын  жұмысы  өте  қызық.  Кәзір
            бұған «Көмір өнеркәсібіндегі жаңалықтар» деген көрменің экспонаттары әкелінді.
                  Мәдениет  сарайының  сол  жақ  қатарында  физкультура-спорт  залы  жұмыс  істейді.  Онда
            жеңіл  атлетика,  гимнастика,  баскетбол,  теннис,  биллиард,  шахмат,  тағы  басқа  ойындардың
            жеке-жеке  алаңдары,  кабинеттері  бар.  Бұларға  үйренушілер  қабылданып,  сабақтар  жүргізіле
            бастады. Таяуда шахмат ойыны жөнінен облыстық чемпионат өткізілді. Алдағы уақытта спорт
            ойындарының жеке түрлерінен балалар секциялары ашылады.
                  Сарайдың орталық бөлегінде мың адамдық көрушілер залы орналасқан. Оның ішіне кіріп
            барғанда  Алматыдағы  опера  және  балет  театрының  көрушілер  залы  көзге  елестейді.  Ішкі
            құрылысы  да,  түрлендіруі  де  дәл  сондай.  Мұнда  облыстық  біріккен  орыс  және  қазақ  драма
            театры  қала  еңбекшілеріне  ойын  көрсетеді.  Сонымен  қатар  Москва мен  Алматыдан  артистер
            жиі-жиі келіп тұрады. Мәдениет сарайы жұмысқа кіріскелі мұнда Москва теміржолшыларының
            ән-би ансамблі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисткасы Роза Бағланова, орыстың Солтүстік
            хоры тағы басқалар концерт берді.
                  Міне,  осы  айтылғанның  бәрі  Қарағандыдағы  жаңа  салынған  Мәдениет  сарайы  қала
            еңбекшілерінің,  әсресе,  көміршілердің  ең  сүйікті  демалыс  орнына,  мәденибұқаралық
            жұмысының нағыз орталығына айнала бастағанын көрсетеді.
                  Кәзіргі  кезде  қаланың  шет  жағында  тұрған  бұл  сарай  енді  аз  жылдарда  дәл  орталық
            болады.  Сонымен  көршілес  қонақ  үй, байланыс  үйі,  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  тұңғыш  рет
            салынатын физкультурашылар сарайы орналасатын болады.
                  Маңайынан  үлкен-үлкен  тұрғын  үйлер  салынады.  Мәдениет  сарайының  алдынан  екі
            фонтан  салынады.  Әдемі  аллеялар,  сәнді  скверлер  жасалып,  ол  қарсыдағы  жастар  паркімен
            жалғасады.  Парктің  қасынан  көл  салынады.  Сарайдың  айналасына  жап-жасыл  ағаш  егіледі.
            Сөйтіп, аз жылдар ішінде көмірлі Қарағанды танымастай өзгеріп көріктене түседі.»

            Дереккөз:  Бараг  Т.  Я.  Караганда.  -  1950.-  65  с.  (Архитектура  городов  СССР),  Памятники
            архитектуры и градостроительства Карагандинской области: Путеводитель. – Караганда,1986. -
            39 с.
            www.karnasledie.kz
                                                       Әдебиеттер:

                  Кеншілер  мәдениет  сарайы  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  Р.Н.
            Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 224 б.
                  Кеншілер мәдениет сарайы //  Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
            Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 292 б.
                                                            ***
                  Алпысұлы С. Сатылып кеткен ар-ұят // Орталық Қазақстан. - 2007. - 6 наурыз. - 9  б.
                  Балташұлы  Е.  Кеншілердің  мәдениет  сарайы  қалай  қолжаулық  болды?  //  Орталық
            Қазақстан. - 2006. - 21 қараша. - 8 б.
                  Исмағұлов Ж. Шахтерлердің Мәдениет сарайы // Социалистік Қазақстан. - 1952. - 27 апр.
            (№ 101). - 3 б.
                  Теміржанов А. Қарағандының мәдениет сарайы // Социалистік Қазақстан. - 1951. - 13 май
            (№ 111). - 3 б.
   76   77   78   79   80   81   82   83