Page 70 - КЗД_каз_2020
P. 70
Қабылдаұлы С. Алыптардың көзін көрген соңғы тұяқ // Орталық Қазақстан.- 2008.- 6
наурыз.-6 б.
Майбас Т. Ұрпағы ұлы күйшіні ұлықтады // Орт.Қазақстан.- 2000.- 6 желтоқсан
Саяжанқызы М. Шертпе күйдің шебері // Мысты өңір. - 2009. - 6 ақпан (№ 5). - 1 б.
Сәдуақасов Д. Шеркөкіректі шертпе күй /әңгімел. Ш.Сатыбалдиева // Қазақ әдебиеті. -
2008. - 5-11 қыркүйек (№ 36). - 14-15 б.
Тоқтамысов Т. Тәттімбет және оның мұрагерлері // Орталық Қазақстан.- 2000.-27 желт.
Тұяқбайқызы Қ. Алыптардың көзін көрген соңғы тұяқ // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2006.- 14
қыркүйек.-4 б.
1860 – 1918 - Халық ақыны Нарманбет
Орманбетұлының туғанына 160 жыл
Ақындық кұдіреті айрықша сөз етуге тұрарлық Нарманбет 1860 жылдың аяқ шенінде
Балқаш көлінің солтүстік жағына таман жақын келетін Тоқырауынның бойында шұрайлы
өңірінде дүниеге келіпті. Оның арғы атасы Арғын руы ішіндегі Дадан Тобықтыға жатады.
Әйгілі Кеңгірбай бидің тұстасы Қараменде би оның ең үлкен бабасы боп табылады. Әкесі
Орманбет те орақ тілді шешен, білікті би болыпты. Ол Сарыарқадағы көне тайпа Қаракесектен
тарайтын Керней елінің Балта-Түйте руына жататын белгілі Бәкі ақынның өнерпаз әнші қызы
Балбырауынға үйленген. Одан Нарманбет, Аллаберді, Тілеуберді, Бөден, Қаппар, Қасым, Мұса,
Хикмет деген сегіз ұл, Быжыхан, Тауық деген екі қыз туған. Бұлардың ішінде жас қырандай
көкке өрлегені Нарекең екен. Болашақ үлкен ақын 12 жасында Қарқаралы қаласындағы екі
класты орыс мектебіне оқуға берілген.
Қарқаралыда орысша оқу бітіріп, жастық және жігіттік дәурендерін аса мәнді, қызықты
өткізген Нарманбет орыс, шығыс әдебиеттерімен де жете таныс болған.
Абаймен аталас туыстығы бар, жасынан-ақ зерделік танытқан Нарманбетті әкесі ауыл
молдасына беріп, азғантай сауатын ашады. 14 жасында Нарманбет Қарқаралыға барып, ноғай
көпесінің үйінде жатып, орысша екі кластық мектепте оқиды. Мұнда бір жылдай оқыған
Нарманбет бұдан кейінгі уақытта өз бетімен ізденіп, орысша, мұсылманша мол білім
жинақтайды. Өзге елдер ғалымдарының, жазушыларының еңбектерін оқиды. Соның
нәтижесінде табиғатынан зерек Нарманбет ел ішіне белгілі шешен атанады.
Нармабеттің көпке мәлім алғашқы өлеңі 14 жасында жазылған. Әйтсе де оның шынайы
ақындық өнер жолына түсуі, Абай поэзиясымен тікелей танысқан, сексенінші жылдардан
басталса керек. Ендігі жерде Абай өлеңі Нарманбет үшін бағыт-бағдар берер темір қазыққа
айналды.
Ел арасында, әсіресе, Қарқаралы атырабында аты аңызға айналған Нарманбет ақынның
есімі күні бүгінге дейін зор құрметпен аталады. Соның да әсері шығар, оның ғажап көркем
жырларын егде адамдар жатқа соғады. Рас, қайғы-қасіретпен өткен, ондаған мың
боздақтарымыздан айырған кеңес заманындағы тарихымызға ұқыптап зер салсақ, Нарманбет
Орманбетовтың бүкіл ақындық қызметіне тиісті дәрежеде баға берілмеді. Артында қалған
көптеген өлеңдерінен біздің кеңестік бағыт-бағдарымызға сәйкеспейтін кем-кетіктер "көп"
табылып, оны зар-заман ақындарының тобына жатқызды. Отызыншы жылдары мектеп
оқулығына аздап кіргенмен, кейін ол орыс халқының ықпалына,оның бодандық саясатына
қарсы тұрған ақын ретінде алынып тасталды. Бара-бара қасиетті есімін мүлде өшіртті.
Қалмады, ей Сарыарқа, сенде қызық,
Сандал тау, сары даланы алды мұжық.
Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ,
Баласы байғұс қазақ қалды мыжып, - деген сөздері өзіне үлкен кесел боп жабысты.
Нарекең қырықтан асып, жер ортасына тақалғанда ақындық шеберлігі барынша шындала
түскен. Нарманбет поэзиясында Абай негізін қалаған реалистік ағым әруақытта сезіліп тұрады.
Жалпы өмір шындығын, заман құбылыстарын ол да Абайға тән шеберлікпен бейнелеген.
Арғымақтың белгісі -
Айғай шықса қарғымақ!..
Дүбір шықты сарындап,