Page 69 - КЗД_каз_2020
P. 69
1850 – 1922 Күйші Қыздарбек Төребайұлының
туғанына 170 жыл
Қыздарбек Төребайұлы белгілі күйші, Арқа төсінде қалыптасқан күйшілік мектептің
дарынды өкілі, шертпе күйдің атақты шебері. Өзгеге күнін түсірмейтіндей дөңгелек шаруасы
бар жанұяда 1850 жылы дүниеге келіп, 1922 жылы қайтыс болған. Шыққан тегі – Орта жүз
Арғын ішіндегі Қаракесек руы.Қаракесек ішінде- Бошан-Таз-Карсон-Тайна аталарынан өрбиді.
Әкесі Төребай орта шаруа иесі болған. Қыздарбек жастайынан өнер соңына түсіп, ел аралап,
күй өнерін жоғары сатыға көтерген шебер орындаушыдан парасатты күйшіге жеткен. Арқа
өңірінің күй атасы атанған қарт күйші Итаяқтан бата алған.
Қыздарбек Арқаға аты мәлім Тәттімбет,Тоқа, Итаяқ сияқты дәулескер күйшілердің алдын
көріп, олардың тегеурінді өнерінен тағлым алған. Әсіресе, Қыздарбектің шебер
домбырашылығына қатты сүйсінетін Тоқа өзінің күйлерін оған ерінбей үйретіп, тартқызып
отыруды ұнатады екен. Қыздарбек күйді жанымен беріліп, дүниені ұмытқандай болып
тартқанда мұрнынан су ағып кеткенін де байқамайтын болса керек. Сонда Тоқа жасынын
үлкендігіне бағып, «Апыр-ай», Қыздарбек-ай, жорғалығында мін жоқ-ау, тек екі қолыңды кесіп,
өзге жеріңді итке тастаса да болар еді»-деп әзілдейді екен. Қыздарбек Арқа күйлерін мейлінше
көп білген. Ол білгенін Дайрабай, Әбди, Сембек, Ақмолда, Мақаш, Кәрібек, Аққыз, Бегімсал
сияқты өкше басар өнерпаздарға үйретіп отырған. Өз кезегінде бұл күйшілерден Әбікен
Хасенұлы, Мағауия Хамзин, Әпике Әбенова, Мұхаметжан Тілеуханов, Сыматай Үмбетбаев
сияқты өнерпаздар тағлым алды. Сахара төсінде толассыз туындап жататын ұлы мұра ұрпақтан
ұрпаққа осылай жұғысты болып отырды. Ең ғажабы, сахара тұрғындарының азат рухы
дәстүрінде қапысыз талғам арқылы нағыз асыл туындылар ғана сұрыпталып, іріктеліп, ұрпаққа
аманат етіліп отырған. Көшпелілердің төлтума өнерін адам сезімі мен қабілетінің шырқау
биігіне көтерген тетіктің құдірет сыры да осында болатын. Қыздарбектің өзі де, өскен ортасы да
осы дәстүрді кие тұта білген.
Қыздарбек Төребайұлының күйлері: «Жұбату», «Қосбасар», «Сылқым қыз»,
«Терісқақпай», «Толғау», «Уа, дүние» т.б.
Қыздарбектің тек аршадан ғана құрастырылып жасалған домбырасы 1934 жылы Тасаралда
қайтыс болған Қажыкей дейтін ұлының қолында сақталып келген. Қыздарбек күй арқылы
Итаяқпен қағысып, Тоқа Шоңманұлымен өнер жарыстырған. Қыздарбектің «Сылқым қыз» күйі
жеңіл ырғақты болса, «Өткінші өмір» күйі өкінішті арманға толы. «Жұбату» күйі шәкірті
Әбдидің жалғыз ұлы қаза болғанда дүниеге келсе керек. Сонда Әбди күйші өзінің «Зар
қосбасарын» тартыпты. Қыздарбектің бірнеше «Қосбасары» бар.
https://stud.kz/referat/show/926
Әдебиеттер:
Төребайұлы Қ. Сылқым қыз: нота // Әбуғазы М. Қазақтың домбыра өнері: [анықтамалық
басылым] / М. Әбуғазы. - Алматы: Нұрсәт, 2016. - 165-167 б.
***
Бекенов У. Күй керуені: оқу құралы.- Алматы: Өнер, 2002.- 144 б.
Қазақтың шертпе күйлері.- Қарағанды: Болашак-Баспа, 2006.- 176 б.
Жүнісов К. Көксеу: повестер. - Алматы: Өнер, 1991. - 184 б.
Жүністегі К. Қыздарбек күйші және оның шәкірттері // Сарыарқа саңлақтары. - Павлодар:
ЭКО ҒӨФ, 2007. – 45-49 б.
Ұлытау үні фестивалі: ширек ғасырлық тарихтан: мақалалар, құжаттар, фотодеректер
жинағы / Жезқазған қаласының әкімдігі, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі ; жауапты ред. Ғ. Е. Ештанаев. - Алматы : Орхон, 2016. - 286 б.
***
Бекенов У. Ұлы күйшінің мұрагерлері // Ленин туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 30 маусым
Жүністегі К. Күй мен күйші тағдыры // Орталық Қазақстан. - 2018. - 2 тамыз (№ 84). - 6 б.
Жүністегі К. Күй өнерін сақтаушы ерен азамат // Шет шұғыласы. - 2014. - 9 қазан (№ 40). -
3 б.