Page 67 - КЗД_каз_2020
P. 67
1910 жылы Сары-Арқа аумағындағы Ақмола губернясының гинерал-губернаторымен
бекітіліп, аудан өз атауын Осакаров кентінен алды.
Ауданда 40 мектеп, 42 медициналық мекемелер (аурухана, отбасылық-дәрігерлік
амбулатория, фельшерлік-акушерлік бөлім) 27 мәдениет орталығы (мәдениет үйі, клуб),
«Береке» демалыс орталығы, 31 кітапхана, 1 мұражай бар.
Соғыс жылдарында үлкен еңбегі үшін аудан Мемлекеттік Қорғау Комитетінің Қызыл
Туымен марапатталған. Аудан өз тарихында республикалық және облыстық социалистік
сайыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанды.
Ауданда Совет Одағының Батыры Паньков И.К., 7 Социалистік Еңбек Ері – Байгабилов
Х., Герасимов Е.И., Иванов И.И., Ортман Е.А., Петров И.И., Ткач А.Н., Яровой Г.В. Осакаров
ауданындағы трактористер бригадиры Герасимов Е.И. 1947 жылы ең алғаш Қарағанды
облысында Социалистік Еңбек Ері атағын берді.
2006-жылдың 9 мамырында «Қайғырушы ана» мемориалдық комплексінің жанында Ұлы
Отан соғысындағы жеңістің 60 жылдығына қарай Батырлар Аллеясында ескерткіштер ашылды.
Ауданның 47 тұрғынына ерекще істері, еңбектегі және қоғамдық өмірдегі жоғарғы
көрсеткіштері үшін «Осакаров ауданының құрметті тұрғындары» атағы берілді.
Аудан арқылы республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург, Алматы –Омск жолы
және «Қазақстан Темір жолы» өтеді.
Аудан Қарағанды және Астана қалаларының ортасында орналасқан. Осакакров кенті ірі
темір жол бекеті болып саналады. Барлық елді мекендер автомобильдік жолмен байланысқан,
сондай-ақ телефон сымдары жүргізілген.
Осакаров ауданының территориясы туризм, балық аулау және аңшылыққа үлкен
қызығушылықтар тудырады. Туристер көптеген археологиялық, тарихи және табиғи
ескерткіштермен таныса алады.
Аудан аумағында 111 ескерткіштер бар. Батпақ аймағында орта палеолиттің мустьер
дәуіріндегі және соңғы палеолиттегі (б.з.д. 40-12 мың жыл) адамдардың тұрақтары табылды.
Аудан орталығында «Сельский тружник» газеті шығады.
http://museumosak.kz
http://osak-akimat.gov.kz
Әдебиеттер:
Жакин М. С. Осакаров ауданының топонимикасы. - Қарағанды : Гласир, 2015. - 399 б.
Қарағанды облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы: [жинақ] /
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитеті; ред. Б. Ахмет. -
Қарағанды: Doffin, 2008. - 299 б.
Қарағанды облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы: [жинақ] /
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитеті; ред. Б. Ахмет. -
Қарағанды: Doffin, 2008. - 299 б.
Монжосов Е. Н. История возникновения этносов в Карагандинском регионе на примере
села Осакаровка // Шоқан тағылымы: өткені мен бүгіні атты Республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференция материалдары = Материалы научно-практической конференции
"Наследие Шокана: в прошлом и настоящем" : қазақтың ұлы ғылымы, географ, тарихшы-
этнограф Ш. Ш. Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған / жауапты ред. Ә. Б.
Жағыпар. - Қарағанды: Гласир, 2015. – 160-175 б.
Осакаров ауданы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. -
Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. – 454-456 б.
Осакаров ауданы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. -
Алматы: Атамұра, 2006. – 436 б.
Сарыарқа - қазыналы өлке = Сарыарка - край сокровищ = Saryarka is a land of treasures:
[альбом-кітабы] / бас ред. Н. Әбдібеков. - Қарағанды: Гласир, 2016. - 297 б.
***