Page 77 - 21kzd_kz
P. 77
С.Сейфуллин атындағы театрға ауысады. Осы театрда зейнет демалысына шыққанға дейін
актриса болып істеді.
1957 жылы Мәскеу қаласында өткен студенттер мен жастардың 4-ші фестиваліне
қатысып, сол айтулы сында топты жара оза шығып бәйге алды. «Бүкілодақтық студенттер мен
жастардың 4-ші фестивалінің лауреаты атанып, кеудесіне «Күміс медаль» қадады.
1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиеті күндеріне қатысады. Алматы хор
копелласының арнайы шақыруымен барған Әлімбаева хор копелласымен бірігіп, жеке дауыста
Мәскеу көрермендерінің алдында «Қазақ вальсі» мен «Бөбегім» әндерін әуелете шырқады. Сол
жолы «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
1962 жылы Алматыда өткен онкүндікке қатысып, астана көрермендерімен зиялы өнер
зерттеушілерінің алдында Ғалиябану, Зәуреш секілді бас кейіпкерлерді ойнап, зор табысқа ие
болды. Сол жылы «Республиканың еңбек сіңірген әртісі» деген құрметті атағы берілді. Сахнада
Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақтоқты, Еңлік, Ажар т.б. көптеген басты рөлдерде ойнады. 1971 жылы
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Ол тұрған үйге (Әлиханов көшесі, №37) 2006 жылы мемориалдық тақта қойылды.
Әдебиеттер:
Әлімбаева Қайныкен Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.-
Алматы: Атамұра, 2006.- 151 б.
Жұмағали С. Актриса Қайныкен Әлімбаева // Арқадағы киелі өнер шаңырағы.- Қарағанды:
Болашақ-Баспа, 1998.- 115-117 б.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік = Концертное объединение имени Кали
Байжанова = The Concert Association named after Kali Baizhanov / ред. Т. Бейсембек. -
Қарағанды: Экожан, 2008. - 152 б.
Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры - 75. - Қарағанды: Экожан,
2007. - 120 б.
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры. - [Б. м. : б. и.], 1975.
- 39 б.
***
Әшімұлы Б. Еңлік тұлға ел есінде қалады // Орт.Қазақстан.- 2006.- 16 желтоқсан.- 10 б.
Жұмағали С. Еліне үлгі - өнеге болған Ана // Орталық Қазақстан.-2004.- 21 ақпан.-6 б.
Жұмағали С. Басына бақ қонған әже // Сыр мен сымбат.- Қарағaнды, 2003.- N2.-7 б.
Жұмағали С. Бір шаңырақ аясындағы қос жұлдыз // Орталық Қазақстан.- 2002.-16 ақпан
Жұмағали С. Өнер тарланын еске алды // Орталық Қазақстан.- 2005.- 22 қаңтар.-6 б.
Жұмағали С. Өнер шаңырағы соғыстан кейін //Орталық Қазақстан.- 2002.- 11 мамыр
Жұмағалиев С. Сахнагер сомдаған сексен қыз //Орталық Қазақстан.- 1992.- 14 шілде
Қажымұратова Л. Өзімнің сүйікті шаңырағым // Орт.Қазақстан. - 1989. - 3 қараша. - 3 б.
Мұстафин Б. Жарқын талант // Қазақстан әйелдері.- 1975.-№7.- 14-15 б.
Нұртөлеуова М. Сахнада жалғыз // Мәдениет. - 2012. - № 10., Орталық Қазақстан. - 2012. -
1 қараша (№ 183/184). - 4 б.
Нұртөлеуова М. Сахнаның патшайымы еді // Театр. kz. - 2012. - № 8. - 40-43 б.
Рысбекова З. Театр қарлығашы // Социалистік Қазақстан.- 1962.-3 маусым
1931 - Қарағанды темір жолының іске
қосылуына 90 жыл
Қазақстандағы теміржол жүйесінің алғашқы құрылысы 1893 жылы басталған еді. Бұл
ұзындығы 369 шақырымдық Покровская Слобода – Орал тар табанды жүйесі болатын. Оның
13-і Қазақстан территориясымен өтетін. Бұл теміржол торабының құрылысы Батыс
Қазақстаннан ауылшаруашылық жүктерін көп, әрі жылдам жіберуге мүмкіндік туғызды. Өз
кезегінде, бұл аймаққа өнеркәсіп жүктері де (мұнай, керосин, шай, қант, қағаз,т.б) тасылды.
Бұған Орал теміржол жиегі бойынша 1895-1899 жж (пұт есебімен) әкелу және әкету жөніндеті
төменгі көрсеткіш дәлел болады.
Жалпы қазақ жеріне алғашқы шойын жолдар әр кезеңде шамалы ғана мөлшерде
орнатылып жүргенімен, магистралдық теміржолдың нақты өмірге келуі 1904 жыл деп
есептеледі. Жалпы ұзындығы 1500 километрдей Түрксибтің іске қосылуы келесі кезекте елді